«Қазконтент» АҚ «Менің атым Нұрсұлтан» атты эсселер конкурсын өткізеді

Автор:
10.11.2015
2787
«Қазконтент» АҚ «Менің атым Нұрсұлтан» атты эсселер конкурсын өткізеді  - e-history.kz
«Қазконтент» АҚ 2015 жылдың 10 мен 30 қарашасы аралығында өтетін «Менің атым Нұрсұлтан» тақырыбындағы эсселер конкурсына қатысуға шақырады

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР! 

Конкурстың мақсаты: 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мейрамының танымалдылығын арттыру. 

Конкурс қатысушылары 

Конкурсқа 5 пен 30 жас аралығындағы Мемлекет басшысымен аттас жастар қатыса алады. 

Конкурсты өткізу мерзімі мен кезеңдері 

Эсселер конкурсы 2015 жылдың 10 қараша мен 30 қараша күндері өтеді және екі кезеңнен тұрады: І кезең (2015 жылдың 10-28 қарашасы) – жұмыстарды қабылдау; ІІ кезең (2015 жылдың 1 желтоқсаны) – қорытындылау, жеңімпаздарды анықтау. 

Конкурс қорытындысы 2015 жылдың 1 желтоқсанында жарияланады. 

Конкурсты өткізу тәртібі 

Конкурсты «Қазконтент» АҚ өткізеді. Қатысушылар саны шектелмеген. Жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Әрбір қатысушы тек 1 ғана жұмыс өткізе алады. Жеңімпаздарды ұйымдастырушылар тобының мүшелерінен құралған біліктілігі мол қазылар алқасы анықтайды. 

Қатысушылардың эсселері Еl. kz, Е-history. kz, Аdebiportal. kz веб-порталдарында жарияланатын болады. 

Жұмыстарды конкурсқа өткізу ережесі 

Эссе жұмыстары электронды нұсқада news@el.kz поштасы арқылы қабылданады. Хаттың тақырыбында «эссе конкурсы» деп жазылып, хат мәтінінде автордың аты-жөні болуы тиіс. Эссенің басында: жұмыстың атауы, автордың аты-жөні, электронды поштасы көрсетілуі қажет. Конкурсқа жіберілген эсселер келесі талаптарға сәйкес болуы шарт: конкурс тақырыбына толықтай сай келу, Times New Roman қаріпі 14, жұмыс көлемі екі парақтан аспауы аспауы тиіс, жол аралығы – дара, парақтың өлшемдері: сол жақтан 3 см, қалған жақтарынан 2 см. Эссені тапсырудың соңғы күні – 2015 жылдың 28 қарашасы. 

Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері 

Жұмыстар келесі критерийлер бойынша анықталады: конкурстық жұмысты рәсімдеу талаптарына сәйкестілік; мазмұндылық; тақырыптың тереңінен ашылуы, шынайылылық, бірегейлік. 

Жеңімпаздарды марапаттау 

Конкурс жеңімпаздары (ең үздік үш жұмыстың авторы) «Қазконтент» АҚ дипломдарымен және құнды сыйлықтармен марапатталады. 

Байланыс телефондары: +7 (7172) 79-82-29 (ішкі 158), 87012488690 Е-mail: news@el. kz

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?
Жоғары
Орташа
Қанағаттанарлықсыз