Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Елбасы Жарлығымен ҚХА 20 жылдығына арналған медаль тағайындалды

2182
Елбасы Жарлығымен ҚХА 20 жылдығына арналған медаль тағайындалды - e-history.kz
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы

Елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығының құрметіне                                                        

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалi тағайындалсын.

2. Мыналар:

1) «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалiмен наградтау қағидалары;

2) «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалiнiң сипаттамасы бекiтiлсiн.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының  

Президенті                                                         Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 23 қаңтар

  №994

Қазақстан Республикасы Президентінің

  2015 жылғы  23 қаңтардағы 
  №  994  Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау

                                                                       ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Осы Қағидалар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен (бұдан әрi - мерекелік медаль) наградтау тәртiбiн реттейді.

2. Мерекелік медальмен елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқы бірлігін қамтамасыз етуге, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлінің артуына, Қазақстанның бейбітшілік пен келісім тәжірибесін шет елдерде таратуға және Қазақстан мен өзге мемлекеттер халықтары арасындағы достық қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары наградталады.

3. Мерекелік медальмен наградтауға ұсынуларды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкiметi, министрлiктерi, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар енгiзедi.

4. Мерекелiк медальдi Қазақстан Республикасының Президентi тапсырады.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан және оның тапсырмасы бойынша мерекелік медальді, сонымен қатар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;

2) Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi, сондай-ақ Мемлекет басшысы уәкiлеттiк берген өзге де лауазымды адамдар тапсыра алады.

Наградталған адамға медальмен қоса белгіленген үлгiдегi куәлік табыс етiледi.

5. Мерекелік медальді тапсыру салтанатты жағдайда жүргiзiледi және наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентiнiң наградтау туралы Жарлығы жария етiледi.

6. Мерекелiк медаль сол жақ омырауға тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болған жағдайда олардан кейiн орналастырылады.

7. Мерекелiк медальдiң табыс етiлгендiгi туралы наградтауға арналған тiзiмге тиiстi жазба жазылады.

Табыс етiлмеген медальдар мен олардың куәлiктерi, қайтарылу себептерi көрсетiле отырып, Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының Ордендер қоймасына қайтарылады, бұл туралы тiзiмдерге тиiстi белгi қойылады.

Жүргiзiлген наградтаулардың есебiн, сондай-ақ мерекелiк медальдардың тапсырылу барысы туралы есептелiктi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi жүргiзедi.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?