Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шешендер мен ингуштардың Қазақстанға қоныс аударуы

2527
Шешендер мен ингуштардың Қазақстанға қоныс аударуы - e-history.kz
Астана қаласындағы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Салман Героев шешен-ингуш халықтарының елімізге қалай қоныс аударғаны жайлы сыр шертті.

1944 жыл. Соғыс Днепрдің келесі жағына ауысып, мемлекеттік шекарадан ары қарай жалғаса бастады. Ал, адамдарға лық толы жолаушы пойыздары эвакуациядан туыстарына қайтып келе жатты. Дүниеде барлығы қозғалып, дөңгеленіп келе жатқандай. Дегенмен, көбісі батыс бағытқа бет алып келе жатты. Себебі соғыс қимылдары енді батыс майданға көшкен еді. Бірақ 1943 жылдың аяғы мен 1944 жылдың басында адамдарға лық толы тауар пойыздары шығысқа қарай жөңкіле бастады. Осындай сырлы пойыз алыс түкпірдегі бекеттерге аялдап, автомат асынған солдаттар секіріп түсіп, вагондардың ауыр есіктерін әрең ашып жатты. Қарт адамдар, әйелдер, балалар есіктің маңдайшасына сүйеніп қана тұрып, беймәлім де белгісіз жақтарға көз сүзе қарады. Кейде жергілікті тұрғындар жақындап келіп, бейтаныс жолаушылардың жүздеріне таңырқап қарайтын. Жолаушылардың қасында жылы киінген күзетшілер болды, жолаушылар болса қыс мезгіліне қарамастан өте жұқа киінді. Олар кімдер еді, қай жақтан келді, қайда барады? Қандай қылмыс жасады? Оларды қайда апарады? Бұл сұрақтың жауабы белгісіз еді.

a2e4b9ef84a12dd9acd27a8d0713290e.jpg

Бұл сауалдың жауабын ешкім білмеді. Және білуге тиісті емес еді. Ал шын мәнінде сталиндік-бериялық қуғын-сүргін жоспары бойынша халықтардың тарихын, тілін, әдебиетін құрту үшін кең көлемдегі репрессия басталған болатын. Осындай халықтардың арасында вайнахтар да болды.
1944 жылдың 23, ақпанында, таңертеңгі сағат 5-те, «Қызыл Армия» күнінде, ингуш пен шешендердің үйлеріне қолында мылтық, автоматы бес қаруы сай сарбаздар мен офицерлер баса көктеп кіре беретін болды. Олар қатты зекіп, ал кейде дене күшін қолданып, балалар мен әйелдерді, қарт адамдарды оятып, далаға шығара бастады. Адамдарды мешіттер мен мектептерге бақшаларға жинастырып, қасында автомат пен пулеметі бар мұздай қаруланған қарауылдарды қойды. Осындай аяусыз күзет аз ғана қарсылық білдіргендерді атуға даяр тұрды. Офицерлер қазірден бастап таулықтарды халыққа опасыздық жасағандар мен халық жаулары деп танылатынын және Кеңес үкімет қаулысы бойынша ортаазиялық республикаларға (Қазақстан, Қырғызстанға) мәңгі қоныстандыруға жіберетінін мәлімдеді.


Жолаушыларды тасымалдауға арналмаған вагондарға адамдарды малша айдап кіргізді. КСРОІІХК-ның мәліметтері бойынша 180 эшелон жіберілген, ингуш пен шешен ұлттарының 493 269 өкілі осындай эшалондарда қоныс аударған. Жетуге жолы қиын аудандарды (Хайбах, Таргим, Цори, Гүлім, Монкара) тұрғындарын не өртеп, не атып тастаған екен.
Адамдар тиелген вагондарда сәкі, пештер аз болды, тесіктерден жел соғып тұрды. Сәкілері бар жерге қарттар мен ауру адамдарды орналастырды. Әйелдер мен балалар еденде отырды. Жастар тұрып, бір-біріне сүйеніп жүрді. Аялдамаларды, тек қана вагондарды мәйітттерден тазалау үшін пайдаланды. Ауыл шетінде, жолдардың қасында пойыздан түсіп қалған өліктер жататын.
Осы кезде қала мен ауылдарда жаппай қарақшылық басталды. Барлығы ұрланды: мал, кілемдер, киім, қанжарлар, кітаптар, тарихи мен отбасылық жәдігерлер, суреттерде соның ішінде кетсе керек. XIV мен XVIII ғасырлардағы ескерткіштер тоналды: тұрғын мен әскери мұнаралар, шіркеулер, сағаналардың түгі қалмады.


Мұндай жабайы шешімді түсіндіру қиын еді. Ең алдымен, «шешендер, ингуштер ерікті жасақтарға қатысып, фашисттерге көмектесіп жүрген» деген қате пікір болды. Ингуштар мен шешендерден тұратын ешқандай қарулы жасақтар болмаған. Оның үстінде Шешен-Ингушетия аумағы жау басқынында болған да жоқ. Бәлкім, мұнда қылмыстық ойлар да болған шығар. Дегенмен, қандай халықта осындай ойлар жоқ? Және-де олар өз қылмыстарын халқының мүддесіне сәйкес емес, керісінше, жұртқа қарсы әрекет етті.


Вайнах халқының ерлері (осы халқының ерлердің үлкен бөлігі) майданға қатысып, жаулармен соғысып жүрді. Отанды қорғап, мыңдаған адамдар қаза болды. Мыңдаған адамдар орден мен медальдермен марапатталды. Ал соғыс майдандарында ерекше көзге түскендер жоғары мемлекеттік марапатқа — Кеңес Одағының батыры атағына — ие болды. Ханпаша Нұраділова, Ыбрайхан Бейбулатов, Абухаджи Идрисов, Хасболат Дачиев мен басқалар осындай жоғары атақты алды. Шешен мен ингуштердің арасында Кеңес Одағының батыры деген атағын алғандардың саны жайында көптеген пікірлер бар. И. П. Рыбкин Ресей Федерациясы қауіпсіздігінің хатшысы болып, «соғыстың аяғында Кеңес Одағының 56 батырын» көрсетті. Осы сан «Мен -ингуш, мен — шешемін» деп айтқандардың ішінде ғана есептелген. Дегенмен, 1942 жылдың наурыз айында шыққан Сталиннің № 6362 құпиялы қаулысын білетіндер өзінді басқа ұлт өкілі ретінде көрсеткен, өйткені олар шешендер мен ингуштер жасаған ерлігі түрі марапатталмайтыны туралы біліп қойса керек.

c0b36961d6733292a61e9927a529e85d.jpg

Вайнахтардың зорлықпен жер аударылғанына 70 жыл толуына арналған ескерткіш (Астана қаласындағы Құнта қажы мешітінің аумағында орналасқан)


Кеңес Одағының батыры атағын беруге лайықты ондаған жауынгерлер (вайнах халқының өкілдері) атақсыз қалған. Джабраил Кортоев, Жапон Абадиев, Ахмет Албақов, Балто Амиров екі рет ұсынылған, ал Абдулла Цороев, Али Ибрагимов, Маташ Мазаев, Зайнди Халидов, А бдул-Кахиру Шабуев, Дуда Энгиноев, Жамалдин Ғайрбеков пен көптеген басқаларға да осы атақ берілген жоқ. 1990 жылдың мамыр айында ғана Мовлид Висаитов Ресей Одағының бтыры, ал Мурад Оздоев, Руслан Гудантов, Ахмет Мальсагов, Ширвани Костоев, Магомед Узуев, Даша Акаев, Канта Абдурахманов, Мовлади Умаров Ресей батырлары деп атанды. КСРО ыдырағанынан кейін Руслан Аушев, Суламбек Осканов жоғары атаққа ие болды, ал Юнус-Бек Евкуров Ингушетия Республикасының батыры болып атанды, Рамзан Қадыров  — Шешен Республикасының батыры болып атанды.


Жер аударылғаннан алғашқы жылдарда жаңа климаттық жағдайларға бейімделмеген, өмір сүруге қаржы болмаған вайнах халқының өкілдері ауру мен аштықтан өліп бара жатқан. Осылай, вайнах халқының этнос ретінде жойылып кету қатері пайда болды.


Жергілікті халық вайнахты сабырлылықпен қабылдады, бірақ өшпенділік байқалмады. Өкімет біздерді халық хаулары ретінде таныстырып өтті. Егер біздерге ешбір үй есігі ашылмаса, халықпен не болар еді? Көптеген халықтардың өеілдері қайғымызға ортақтасты: жергілікті қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, басқа ұлт өкілдері. Олар біздерді жылытып, шай беріп, балаларымызға да сүт пен нанды ұсынды. Одан гөрі ешқандай көмегінің қажеті жоқ болды, өйткені осы кезде бәрі мұқтаджық көріп өмір сүрді. Ең бастысы — баспанамен қамтамасыз етті. Өздері қысылып, бізге орын берді. Вайнахтың қазіргі ұрпағы анау кездегі жағдайлардың тұсындағы бір-де-бір ұрысты есіне ала алмай жатыр. Бәріміз тату тұрып жатқанбыз.

Вайнах халқы үшін соңғы тілім нанмен бөлісу даярлығы, ниеттестік ең үлкен мен қымбат марапат болды. Қазақ, орыс, украин мен басқа халықтардың өкілдері сталиндік-бериялық қызметкерлерден вайнах халқын қорғау үшін қаншама игі істер жасады! Қазіргі уақытқа дейін-де мен Ахметов, Сәрсенов, Шахманов, Гафаров, Ахметжанов, Селиверстовый, Тоскин, Вакенгут, Гешев отбасылары мен, Ақмола облысының Журавлевка ауылында тұратын басқаларды есіме алғанда, көп алғыс айтамын. Осындай қамқор адамдар мен отбасылар көп болды. Олар бақытсыздыққа ұшыраған, ренжіген адамдарғағалар ретін дегі көзқараспен қарады. Билік әділетсіздігі түрлі ұлттар өкілдерін бөліспей, керісінше, жақындатты. Тарихи отаннан шығару — ұлт намысына тиген жағдай, халқымыздың отансүйгіштік қасиеті-де қорланды. Әділетсіздік және «халық жауы» жарлығы адамдардың психологиясына әсер етті. Біз жердегі тозақта болып қайттық.


Тарихи осылай қалыптасты: Қазақстан 130 ұлт пен ұлыс өкілдерінің үйі болып табылады. Олардың ішінде кейбір халықтар өз еркімен көшіп келді, ал басқаларды қоныс аударып жіберді, кулактарды тәркілеу үдерісі-де болды, ал мыңдаған адамдар жаңа тың жерлерін игеруге келді. Осылай, XX ғасырдағы Қазақстан тарихының үлкен бөлігі — елде тұрып жатқан этностардың этникалық пен мәдени өзара әрекеттестігінің тарихы. Сүйектен өтетін суық пен боранды далаларда қазақтар қысылып, көптеген ұлт өкілдерін (солардың ішінде вайнах халқын да) тамақтандырып, жылытып, вайнахтардың жартысын өлімнен құтқарды.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?