Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Елбасы кітапханасында «Болашақ үшін естелік» атты виртуалды бейнекөрме өтеді

1687
Елбасы кітапханасының Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Болашақ үшін естелік» атты виртуалды бейнекөрмесі өтеді

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Елбасы кітапханасы өзінің ресми сайтында «Болашақ үшін естелік» виртуалды бейнекөрмесін ұсынады.

Елбасы кітапханасының музей жинағынан алынған жәдігерлер көрмесі алғаш рет бейнематериал үлгісінде дайындалған. Көрермендер назарына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жеке архивінен алынған архивтік құжаттар, фото-, бейне хроникалар, сондай-ақ кеңестік тоталитарлық жүйе құрбандары туралы шынайы деректерді қалпына келтіруге және тарихи естеліктерді сақтауға бағытталған Қазақстанның мемлекеттік саясаты жөніндегі кітаптардың тақырыптық жинағы ұсынылады.

«Болашақ үшін естелік» виртуалды бейнекөрмесінің материалдарымен 31 мамырдан бастап https://presidentlibrary.kz сайтының  «Музей» → «Виртуалды көрмелер» бөлімінен танысуға болады.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?