«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Павлодардан шыққан сегіз тұлға

508
Павлодардан шыққан сегіз тұлға - e-history.kz
Павлодар облысы — тарихи тұлғалардың туған жері. Қазақстанға еңбегі сіңген көптеген ұлы адамдар, осы өңірден түлеп ұшқан.
1. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 

c5449d1feaa7aa562fb4bf1d205f7907.jpeg

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылдың 14 сәуірінде Павлодар облысының Семей уезінде (қазіргі кезде Теңдік ауылы) дүниеге келген. Қазақ халқы мен Қазақстан тарихында академик Сәтбаев, жер қойнауының сырларын жақсы білетін, көрнекті ғалым-геолог, ғылымның ұйымдастырушысы болғанмен, өз заманының ірі ойшылы және табиғат зерттеушісі ретінде есте қалды. Ірі қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанның өркениетті дамуына көп үлес қосқан шебер саясаткер, қоғамның бейресми жетекшісі болған. Қ.И. Сәтбаев көп қырлы ғалым, керемет жазушы, тарихшы, ойшыл ұстаз, математик еді. М.Әуезов: «Қаныштың үлкен ерекшелігі — химик, биолог, физик, дәрігер, тарихшы, филолологпен-де оның ғылыми тілінде сөйлесе алады» деп жазған.

2. Шәкен Кенжетайұлы Айманов 

a9f68607d02c8bb3b550197a920826f2.jpg

Шәкен Айманов 1914 жылдың 2 (15) ақпанында Баянауылда дүниеге келді. Ол ұлттық театр мен кино өнерлерінің қайнар көзінде тұрған: керемет әртіс, суырып салма, ақын, мәнерлеп оқудың қас шебері, театр режиссері, Қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі әрі кинорежиссер, ұлттық кинематографтың негізін қалады. Сахнада ол жүзден астам рөлді сомдап, тұңғыш қазақ режиссері ретінде тарихқа енді. «Махаббат туралы поэма» («Қозы Көрпеш-Баян сұлу») фильмінен бастап, 1954 жылы жаңакәсіпті тез меңгеріп, бірнеше фильмдерді сахналаған («Біздің сүйікті дәрігер» (1957), «Алдар көсе» фольклордық фильмі (1964), «Әкелер жері» атты соғыс тақырыбына арналған философиялық фильмі мен (1966), «Атаманның ақыры» тарихи детективі (1970) көрермен тарапынан ыстық ықыласқа бөленді.

aef73184c3887aaa1669d96abdcfd80d.jpg225f33175b1eb901400ae89193f14d00.jpg

 3. Әлкей Хақанұлы Марғұлан 

Әлкей Хақанұлы Марғұлан 1904 жылдың 11 мамырында Жасыбай өзенінің маңында, Павлодар қаласына жақын жерде орналасқан Баянауыл өңірінде дүниеге келген. Ол көптеген білім салаларының көрнекті өкілі: этнография, шығыстану, тарих, әдебиеттану, өнертану. Ол қазақ археологиялық мектебінің негізін салды. Әлемдік ғылым қазынасына оның сәулет, эпикалық жырлар, қазақтардың қолданбалы өнері бойынша еңбектері және Қорқыт, Манас, Шоқан Уәлиханов, Абай, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев туралы монографиялары енді. Профессор Әлкей Марғұлан өз эрудициясы мен шығармашылық ізденісінің, зерек ойлары мен ерен еңбекқорлығы, өз халқына деген зор махаббатының арқасында көшпенділердің тарихы жайлы энциклопедиялық көлемдегі еңбектер жазды.

b1fe00bf6e1c894a4db9a034d4e475c3.jpgef4c5ea326f5073f62b68184e2f0f33a.jpg

4. Қалижан Нұрғожаұлы Бекхожин 

605c036161ab434a180e7b546a0cc8d9.jpg

Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, қазақ журналистикасының негізін салған. 1913 жылдың 15 желтоқсанында Павлодар қаласында дүниеге келген. Ол қайталанбас, ақындық әлемді өмірге әкелді. Оның өлеңдері және поэмалары қазақ әдебиетінің қазынасына енді. Осыдан басқа, Бекхожин тамаша аудармашы болған. Ол Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Байронның көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қалижан Бекхожин — 1941 жылы 28 гвардияшы-панфиловшының ерлігін жырлаған алғашқы автор. 

2c6900b173ad28253ee337e27dd7b095.jpg

5. Сұлтанмахмұт Торайғыров 

bad49b4ba9cfab01fcf2f25e7ca76628.jpg

Сұлтанмахмұт Торайғыров — көрнекті қазақ ақыны, демократ. Ол1893 жылдың 29 қазанында Көкшетау облысының Қызылтау ауданында дүниеге келген. Төрт жасынан бастап Павлодар облысының Баянауыл ауданында тұра берген. 13 жасынан бері өлеңдерді жаза бастады. Әлеуметтік-философиялық поэззияның гүлденген кезі, азаматтық ерлігінің ақындығы, әдебиетті жанрлық, көркемдік байыту Торайғыров есіміне байланысты. 1914 жылы Сұлтанмахмұт «Қамар сұлу» романы — төңкеріске дейінгі кезеңдегі қазақ әдебиетінің ең маңызды шығармаларыныңбірін жазды.

6. Шафик Шоқыұлы Шоқин 

ec429e1d5dfb6992b555f9bbc7196b0e.jpg

Шафик Шоқыұлы Шоқин кеңестік және қазақстандық ғалым-энергетик. Қазақстандағы энергетика ғылымын негіздеді. 1912 жылдың 1 қазаңында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол Қ.И. Сәтбаевтың жақтасы және Қазақстанның энергетика саласындағы ірі ауқымды жобалардың авторы әрі бастамашы ретінде көпшілікке белгілі болып кетті.

80ab73eb0bfb606e38ff0342d6109e10.jpg1ab125d82993a4d0a1dc3354215feaea.jpg

7. Дмитрий Поликарпович Багаев

b934f4c5c0ce0a378c341c9df87e5c23.jpg

Дмитрий Поликарпович Багаев белгілі фотосуретші, өлкетанушы, Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің негізін қалаушы, аталмыш музейдің тұңғыш директоры. Ол 1884 жылы Павлодар қаласынан алыс жерде орналасқан Вятка губерниясының Туман ауылында дүниеге келген. 1899 жылы, ақша табу үшін Павлодар қаласына барады, ал 1905 жылы қаладағы алғашқыфотосалонды ашады. Осы кезде Павлодардық Ертіс маңындағыжерлерде орын алғанбарлық тарихи оқиғалар оның баға жетпес фотосуреттерінде — төңкеріс, аштық, ұжымдастыру, тың игеру кезеңі, Ұлы Отан соғысына қатысы бар осы кездегі құжаттарда —өз көрінісін тапқан.

a18d4025c23b60f6d768c9dd16596d89.jpgcb3eb3b73fb0e460ebe5709f4198374b.jpg

8. Жүсіпбек Аймауытов

3b801ed4b3848192e0b08c8810900d31.jpg

Жүсүпбек Аймауытов — аса дарынды адам болған, оның эстетикалық, көркемдік көзқарастары қоғам белсенділігі мен ішкі қарама-қарсы күрестің нәтижесінде қалыптасқан. Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысындағы Семей губериниясының Қызылтау ауылында (қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы) дүниеге келген. Жазушы, ақын, аудармашы, ұстаз-ғалым Жүсіпбек Аймауытов ұлттың рухани потенциалына зор үлес қосқан. Оның дарындылығы халық көзіне бірден түскен. Сонымен бірге, актер әрі сазгер, режиссер болған.

Сауалнамалар
Қандай бұйым үйіңіздің төрінде тұр?