Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Көне ғимараттар. М.Горький атындағы драма театры

2826
 Көне ғимараттар. М.Горький атындағы драма театры - e-history.kz
Жаңа астананың ең көркем тарихи орталығының бірі — М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры.

Астана қаласы әкімдігінің М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры Қазақстандағы көне театрлардың бірі болып табылады.

Барельефтер мен ғимараттың сырты бір-бірімен үйлесімді көрініп тұр. Театр ғимараты жанындағы көшелер мен сябақтарды (қала ішіндегі шағын бақ) жайлырақ етеді. 100 жыл бұрын салынған ғимараттар өздерінің қасында осындай жылы атмосфераны (айналадағы жағдай) қалыптастырды. Драма театры бұрын Ақмолинск, Целиноград, Ақмола атанған Астана қаласында орналасып жатыр. М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры өзінің 100 жылдығын осында атап өтті. 

476f43844c0215afe9c98c2456bfa24e.jpg

Айта кету керек, Қазақстанда үш көне театр бар: А.Островский атындағы облыстық орыс драма театры (1858 ж.), Петропавл қаласының Н.Погодин атындағы облыстық драма театры (XIX ғасырдың 80-ші жылдары) және Астана қаласы әкімдігінің М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры. 

Өкінішке орай, М.Горький атындағы драма театрының құрылу уақыты жайлы деректер әр түрлі, сондықтан бұл мәселе әлі күнге дейін өз шешімін таппады. Бір дерек ғана нақты белгіленген: Ақмола қаласында драма үйірмелері ерте пайда болды. XIX ғасырдың 90-шы жылдарында қалалық басқарма «драма өнерін құрметтеушілердің өтінішін» орындап, өз тарапынан 100 сом, кәсіпкер-ұста Кубриннің дәл осындай қаражат бөлуі негізінде, халықтың өнерге деген көптен бергі арманы ресми атауға және ғимаратқа ие болады. Сонау, 1899 жылы Ақмолада бүгінгі астаналық орыс драма театрында «Иван Сусанин» алғашқы спектаклі қойылды. 

c259eb3a4e4589fd2d2a64fe2765d20b.jpg

Қазіргі кезде бүкіл әлемге танымал М.Горький атындағы драма театры театрқұмарлар назарын өзіне тартуда, ол XIX және XX ғасырлардың сәулет ескірткіштері болып табылатын екі ғимаратта орналасты. Кассасы мен репетициялық залы бар, қызыл кірпіштен салынған ғимарат 1899 жылы Ақмолада пайда болған құрылыс болып табылады. Ол жақсы күйде сақталып қалған. 

913c439463359f8a23cc2961d3c2303e.jpg

6fd386fe2c3762231f0699ca9433bd9d.jpg

Үш қабаттық ғимарат (қазіргі кезде мұнда театр сахнасы жайғасып жатыр) 1916 жылы салынған. Осы үй тек қана 1939 жылы театр меншігіне айналып кетті, бұрын мекеме қабырғасында қаланың № 1, 2 соттары жұмыс істеді, тіпті тұтқындарды азаптап-қинайтын камералар мен қамалған адамдар да болып орналасты, ал бір кезде гимназия да болған. 

bd0ef19db9de4376023c4160df3a7ee9.jpg

Театр труппасында (театрдың шығармашылық құрамы) өз ғимараты болмағандықтан, амалсыз әр түрлі үйлерді жалдап келе жатты. Олар спектакльдерді Халық үйінде, Александр Невский соборында (христиан дінінің ең үлкен шіркеуі), Жазғы театрда сахналаған. Қысқы мезгілде тиісті жағдайлардың жоқ болғандықтан, спектакльдерді көрсету үшін ешқандай мүмкіндік болмады. 

Тарих кезеңінде театр қала ішінде ғимараттан ғимарат, әртістер мен режиссерлерді ауыстырып көптеген қиыншылықтарды басынан өткізді, дегенмен, өзіндік сұлулық, шынайылық, таусылмас шығармашылық қуат және өнерге деген сүйіспеншілік әр театр қойылымына тән болды, осылай театрдың ұжымы да бекітілді. 

d4bf26a79ba480c2e58f0be01267e1ca.jpg

d042dc6fcf5a7b88c444ddd688b76c6e.jpg

d1e1c3c601a7adf01f1563915f44b381.jpg

Театр Ұлы Отан соғысы жылдарында да жұмыс істейді. Осылай, труппа Қазақстандағы ең танымал ұжымдардың біріне айналып кетеді. Осы кезден бастап «АЛЖИР» лагерінің тұтқын әйелдер де труппа құрамында өз жұмысын бастайды. Театрдың қазақ бөлімі де жұмыс істей бастады. Театрда арабтың өрме жазуымен жазылған афишалар сақталып қалды, уақыт өте келе қазақ труппасы таратылып, Қарағанды театрына көшіп кетті. 

fde8ca3fc61566d891d95b9f5ddfb4c9.jpg

«Сәкен Сейфуллин» спектаклі ұлттық драматургияның алғашқы қойылымдарының бірі болған. Ол орыс тіліне аударылған. Осы кезден бастап М.Горький атындағы драма театрында қазақ спектакльдері қойыла бастады. Ал, 1959 жылдан бастап орыс драма театры Максим Горький атымен аталатын болды. 

a78295969138b8d4087c6b62f660cb55.jpg

1961 жылы Целиноград тың өлкесінің орталығына айналып кетті, бұл мезгілде театрды қалпына келтіру бойынша жұмыстар басталды, сахна да салып бітірілді. 60-шы жылдардың орталығында ғимарат жөндеуден өтіп үлгерді: оның ішкі көрінісі қалпына келтірілді.

e668cbe83039c4e8a30725d11d9a1071.jpg

Драма театрының афишалары 

8201b1b06109d047b306d76f0a90330c.jpg

Театрдың музейлері 

Екі қабатты ғимарат бірнеше өрт кешіп өткен, сондықтан барлық мұрағат құжаттары жойылды. 1983 жылы үшінші қабат салынды, сонда ғана ғимараттың қазіргі көрінісі қалыптасты. Өкінішке орай, осы кезде театр күрделі жөндеуден өтіп кетті, сондықтан әдемі интерьерден (театрдың ішкі көрінісі) тек қана витраж қалды.

19f590b6835741b3be9be4ba2918ea72.jpg

189716305b5b5552a34f7abd6cd8eefc.jpg

80-ші жж. ортасында жөндеу кезіндегі театрдың көрінісі. Фотосурет Астана мұрағатынан алынды 

346533d354edf523fcdf0a8377a55d12.jpg

Жөндеу, ішкі жұмыстар. Фотосурет Астана мұрағатынан алынды 

3a6706b791f746fe26ad89f2cbb243f9.jpg

Гардероб, 80-ші жж. екінші жартысы. Фотосурет Астана мұрағатынан алынды 

b40a3be5a9cdbcc826dae4fa0650d65f.jpg

Буфет, 80-ші жж. екінші жартысы. Фотосурет Астана мұрағатынан алынды 

46ac088454fc0085bb26e2fc3cd6b8bf.jpg

Көрермедер залы, 80-ші жж. екінші жартысы. Фотосурет Астана мұрағатынан алынды 

fcce59b4a7eb2daf484f7f46987a9918.jpg

Белгілі витраж, 80-ші жж. екінші жартысы. Фотосурет Астана мұрағатынан алынды

Өткен ғасырдың 90-шы жылдары бүкіл өнер саласы мен елдің мәдениеті үшін аса күрделі кезең еді. М.Горький атындағы драма театры қаржы жетіспеушілігінен зардап шегіп жатты, бірақ, театр үшін бұл ең табысты кезеңдердің бірі де болды. Театр сахнасына «Хан Кене», Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы бойынша «Рано прозрел в поисках истины» және басқа да спектакльдер қойылды. 

7eabd6d926c4eb40b9b6e42627c07941.jpg

2000 жылдан бастап Ресей, Испания, Қытайдың фестивальдеріне театр ұжымы көп рет барып келді. 2001 жылы театрдың жүз жылдығы өтті дүрілдеп. Осы уақытта танымал актриса Ирина Муравьева «Вишневый сад» («Шие бағы») спектаклінде өз рөлін сомдады. 

Өзіндік сұлулық, шынайылық, таусылмас шығармашылық қуат және өнерге деген сүйіспеншілік әр театр қойылымын қала тұрғындары үшін мерекеге айналдыратын.

Людмила Выходченко

Тарихи, мәдени, архитектуралық ескірткіштер болып саналатын ғимараттар жайлы мақалаларыңыз болса фотосуреттерімен қосып kaz.ehistory@gmail.com электронды адресіне жіберсеңіздер болады.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?