Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстан Тәуелсіздігін әлем елдерінің мойындауы

4256
Қазақстан Тәуелсіздігін әлем елдерінің мойындауы  - e-history.kz
16 желтоқсан - еліміз үшін орны жетпес мереке. Бұл күні еліміз егемендігін алып, көк байрағын желбіретті. Алыс-жақын шет ел егемен ел деп таныды. Еліміздің тәуелсіздігін мойындап, байланыс орнатты.

"Халықаралық қауымдастық пен бүкіл әлем тарапынан шекара белгіленіп, қауіпсіздіккке кепілдік берілмесе, мемлекеттіліктің қалыптасуы мен құрылуы жайлы, тәуелсіздік туралы, түрлі экономикалық реформалар мен әлеуметтік саланы дамыту жайлы сөз қозғау мүмкін емес". 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан өз тәуелсіздігін жарияласымен көптеген әлем елдерінің тарапынан мойындала бастады. 120 елден астам ел Тәуелсіздігімізді мойындап, дипломатиялық қарым-қатынас орната бастады. Алыс-жақын шет елдік Елшіліктер елімізде ашылып, сырт ел тәуелсіздігімізді тани бастады.  

Осыған орай назарларыңызға ҚР Президентінің Мұрағатынан алынған бірегей құжаттарды ұсынамыз. Мұнда 1991-1992 жылдары  Қазақстан тәуелсіздігін алғаш болып, таныған елдердің ресми хаттары порталымызда тұңғыш рет электронды түрде жарияланып отыр. 

8d5458b269753f4716ec29135e2a4d3a.jpg

1991 жылдың 30 желтоқсан күні Мәскеудегі Австралия Елшілігінің ҚР СІМ Тәуелсіздікті мойындау жөніндегі ресми хаты. (ҚР ПМ, 75-Н-Ф, 1.Ж, 128.І, 1-2, 5-6 Б).

c3506bff22627122cd566fcbedd98b22.jpg

1991 жылдың 31 желтоқсан күні ГФР Президенті Рихарда фон Вайцзеккердің ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа ҚР Тәуелсіздігін мойындайтынын мәлімдеп жазған хаты. (ҚР ПМ, 75-Н.-Ф,
1.Ж, 108.І, 1-3 Б).


18a51b0482742344011a5964fd2c8fcf.jpg

1992 жылдың 17 қаңтар күні Швеция королі Карл Густафтың ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа ҚР Тәуелсіздігін ресми мойындайтынын айтып жазған Халықаралық телеграммасы. (ҚР ПМ, 75-Н-Ф, 1.Ж, 111.І, 1Б).


f0db76698b5521346e909876ec64842e.jpg

1991 жылдың 28 желтоқсан күні Жапония Сыртқы істер министрі Митио Ватанабэның ҚР Сыртқы істер министрі А. Х. Арыстанбековоға Қазақстанның тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтынын мәлімдеп жазған хаты. (ҚР ПМ, 75-Н-Ф, 1.Ж, 132.І, 5-7 Б).
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?