Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанның алғашқы кәсіби суретшілерінің еңбектері

4397
Қазақстанның алғашқы кәсіби суретшілерінің еңбектері - e-history.kz
2014 жылдың 9 желтоқсаныда «Астана» ұлттық сурет галереясында кескіндеме залының тұсау кесері өтті.

«Астана» ұлттық сурет галереясы жақында ғана ашылды, бірақ, соған қарамастан, ол тамаша ұйымдастырылған көптеген көрмелерді, шығармашылық кездесулерді өткізіп үлгерді. Оның қорында тамаша суреттер сақталуда. Галереяның топтамасында 4000-нан астам қойылым бар, атап айтқанда: кескіндеме суреттері, графикалық еңбектер, сәндік-қолданбалы өнердің заттары. 

Вашингтондағы ұлттық галерея, Лондонның ұлттық галереясы, Берлин қаласының ұлттық галереясы — әлемді өзіне қаратқан музейлер. Қазақстанда теңі жоқ жалғыз ғана өзі, осындай үлкен деңгейге жеткен музей ретінде «Астана» ұлттық сурет галереясын атауға болады. Ол бүкіл Қазақстан және оның астанасының мақтанышы болып табылып, әлемге де белгілі. 

71334d53aedc22146fcd6867e57b6ea0.jpg

Бұл суреттегі бейнелеу өнерінің негізін қалаушыларынан бастап, «жаңа өнер» ізбасарларына дейінгі авторлардың қолтаңбалары (автордың өзінің қойған қолы) халық назарына ұсынылып тұр. 

Кескіндеме залы экспозициясында Қазақстанның бейнелеу өнері мектебінің дамуына үлес қосқан алғашқы кәсіби суретшілердің еңбектері ұсынылған. Қазақстанның кәсіби кескіндеме мектебінің құрылу тарихын, төмендегі суретшілердің туындыларынан аңғаруға болады: Н. Хлудов, Ә. Қастеев, А. Черкасский, А. Бортников, П. Зальцман және басқалар.

23c45f3004c536465f8f9215d9c1e532.JPG

Салихитдин Айтбаев (1938-1994 жж.), «Ата өзінің немересімен» 

c2d82c81fd8b5aa3a13305b137fd7b4d.jpg

 Николай Хлудов (1850-1935 жж.), «Таулы пейзаж». Бұл кескіндеме туындысына — 114 жыл

6b0f5e177f9aa85df690968212f217e5.jpg

 Николай Наседкин (1918-1991 жж.) мен Виктор Крылов (1928-1978 жж.) суреттері

Аталмыш өнер иелерінің шығармалары Қазақстанның классикалық кескіндеме өнерінің қалыптасуына зор ықпалын тигізді. Олардың шығармашылығы бір мезгілде үйлесімді әрі қарама-қайшы болуымен қатар, дәстүрлі өнердің қарқынды дамуына ықпал еткен нығайтқышқа айналды.

46a3d4fead2934fe38cbe7769b690c7b.jpg

Суретшілер өз шығармаларында ҰОС жылдарын, тыңды игеру және Целиноградтың құрылуы сияқты маңызды және фундаментальді тақырыптарды айырықша әспеттей білді. XX ғасырдың 40-50-ші жылдарында жұмыс жасаған суретшілер бұл өнердің техникалық негіздерін жасап шығарды. Өз шығармаларында суретшілер өткен жүз жылдықтағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне терең мән берген. Бұған қоса суретшілер кеңестік соцреалистік өнердің кеңістігіне сіңіп кетпей, ұлттық мектептің негізін қалай білді.

6670164563a7d09ac6c8f44f6be64b04.jpg

 Қанапия Телжанов (1927-2013 жж.), «Аталардың жерінде» 

02dacc5e69a7ff1d65268bfe4559529a.jpg

 Айша Ғалымбаева (1917-2008 жж.) суреттері 

38fd9b79851be885aea5205612ce6512.JPG

Жанатай Шәрденов (1927-1992 жж.), «Таулардағы күз»

Жұмыс жасаған суретшілер буыны композицияның жекелеген түстік құрылымы мен икемді өзіндік стилін жасап шығарды. Сол кезең суретшілерінің символикалық кенептері дәстүрлі ландшафттан қалалық пейзажға, тарихи көпқырлылықтан камералық композицияларға дейінгі жанрлық сан-түрлілік пен кең диапазонды сипаттап көрсетті. Мұны М. Кенбаев, Б. Табиев, С. Айтбаев, С. Романов, Ж. Шәрденов, А. Ғалымбаева және т. б. туындылардан көруге болады. 

«Астана» ұлттық сурет галереясында қазақстандық бейнелеу өнеріндегі суретшілердің еңбектері көрермен назарына ұсынылып жатыр. 

«Астана» ұлттық сурет галереясы 11.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. 

12 желтоқсанда елдің ең ірі галереясының қабырғасында қазақтың тамаша суретшісі Гүлфайрус Исмаилованың туғанына 85 жыл толуына арналған шаралар өтеді. Өкінішке орай, қазақтың белгілі суретшісі, бейнелеу өнеріндегі шебер Гүлфайрус Исмаилова 2013 жылы дүниеден озды. Ол қазақтың әйгілі әншісі Күләш Бәйсейітованың, қазақтың күйші-композиторы Дина Нұрпейісованың, атақты кескіндемеші Әбілхан Қастеевтің, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтың, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі — Сәбит Мұқановтың портреттерін (адамды бейнелеу) салды.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?