«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Ұлттық музейде Тұңғыш Президент күніне арналған көрме басталды

912
Ұлттық музейде Тұңғыш Президент күніне арналған көрме басталды - e-history.kz
Бүгін ҚР Ұлттық музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ерен Елбасы — Кемел Көшбасшы» атты көрме ашылды.

«Ерен Елбасы — Кемел Көшбасшы» көрмесі тәуелсіздік жылдарынан бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз болып келе жатқан Мемлекет басшысының саясаты мен идеясының айналасына қоғамды топтастыруды көздейді.

ҚР Ұлттық музейінің директоры, Дархан Мыңбай:

— 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері елімізде ҚР Тұңғыш Президент күні аталып өтіп келеді. Бұл күн Қазақстанның Тұңғыш Президентінің республика алдындағы ерен еңбегін лайықты бағалау мақсатында бекітілді. Таңдау бұл күнге тегіннен-тегін түскен жоқ. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті. 1991 жылғы желтоқсанның алғашқы күндері Қазақстан үшін сындарлы әрі тағдырлы болды. Себебі сол кезде тәуелсіз республиканың даму жолы айқындалды. Қазіргі таңда Қазақстан халықаралық қауымдастыққа өркениетті, демократиялық мемлекет ретінде танылып отыр. Осы жолдағы барлық бастамалар ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа тиесілі, — деді.

57742d6d5ba188e109f5553cd260d48d.JPG

Көрмеде фотосуреттер, тақырыптық бейнефильмдер және кітаптар қойылған. Келушілер назарына Ұлт көшбасшысының өмірбаяны мен шығармашылық жолы, еліміздің көпұлтты, көпконфессиялы тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның қалыптасуы мен тұрақтылығын сақтаудағы рөлін көрсететін фильмдер-де ұсынылды.

15154e9f3cc055efd58a7d467a8aefe3.JPG

Көрме № 1 уақытша көрме залында үстіміздегі жылдың 25 қарашасы мен 25 желтоқсаны аралығында өтеді.

Көрме барысында Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері мен Мемлекете басшысының басқаруымен республикамыздың алдағы уақыттардағы көп қырлы дамуы көрсетілетін болады.

Олжас БЕРКІНБАЕВ
Суреттерді түсірген автор және Ғабит МАДАЛИЕВ

Сауалнамалар
Қандай бұйым үйіңіздің төрінде тұр?