Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де халықаралық ғылыми конференция болып өтті

1440
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де халықаралық ғылыми конференция болып өтті - e-history.kz
2014 жылғы 22 қарашада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ұлттық тарихты зерттеу мен оқытудың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция болып өтті.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Тілеген Садықовтың 60 жасқа толу құрметіне орайластырылған жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, жоғары оқу орындарының басшыларымен қатар алыс-жақын шетелдерден тарихшы ғалымдар қатысты.

Халықаралық жиынды Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Дихан Қамзабекұлы ашып, оқу орнының басшысы Ерлан Сыдықовтың атынан мерейтой иесін құтықтады. Содан кейін асқаралы алпыс жасқа толып отырған ғалым, тарих факультетінің деканы Тілеген Садықұлына ректордың арнайы бұйрығымен берілген «Лев Гумилев» медалін табыс етті, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

8b033ce853b6e08c41767f7781258460.JPG

Конференцияға қатысушы ғалым, белгілі жазушы Қойшығара Салғараұлы


Конференцияда тарихты тамырынан тарта жазудың хас шебері, белгілі қаламгер Қойшығара Салғараұлы, Мемлекет және тарих институтының директоры Бүркітбай Аяған, философ-ғалым Ғарифолла Есім ұлттық тарихты зерттеу мен оқытудың негізгі мәселелерін айта келіп, мерейтой иесіне игі тілектерін арнады. Сондай-ақ ақжарма ақ тілек әріптестері мен шәкірттері, жерлестері мен шетелдік қонақтар тарапынан да аз болмады. Мінберден сөз алған шешендер мен көсемдер конференция тақырыбын аша түсіп, Тілеген Садықұлының кешегі Кеңес одағы кезінде ғылымға бет бұрып, ұлттық тарихты тереңнен зерттеуді алдына басты мұрат етіп қойғанын, бүгінде тарих факультетін басқарып, шәкірттерге нағыз үлгі тұтар ұстазға айналғанын сөз етті.

21d5c241170302b0ca0733b58388b5ec.JPG

Қоғам қайраткері, философ Ғарифолла Есім

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: еткен еңбегі де, жеткен жетістігі де жан-жақты айтылып, бергенінен берері көп ғалымның құрметіне арналған жиын өзінің алдына қойған мақсат-мұратын толық ақтады.

f23dcbfbf01369141d215dfa58c5e661.JPG


«Қазақстан тарихы» веб-порталы, мақала Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Баспасөз қызметімен бірлесе отырып дайындалды

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?