Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанадағы балалар ауруханаларында «тарих бұрыштары» ұйымдастырылды

2180
Астанадағы балалар ауруханаларында «тарих бұрыштары» ұйымдастырылды - e-history.kz
Астанада E-history.kz порталымен ұйымдастырылған «Тарих болашақ үшін» атты қайырымдылық акциясы аяқталды.

Акция Астанадағы балалар ауруханаларында «тарих бұрыштарын» ұйымдастыруға бағытталған болатын. Емделетін балалардың бос уақытын ұймдастыруға және кітап жинауға деген көмектесуге қызығушылық танытқан адамдардың саны көп болып шықты. 

Дегенмен, біздің мемлекетіміздің тарихына қатысты кітаптар елорда тұрғындарында көп болып шықты. Осылай, акцияның алғашқы тақырыптары кеңейтілген еді. 

1b521be1f3c34bb2cfc0c5558ad86015.jpg


Тұрғындардың бізге көмектескісі келгендігі, сондай олар балаларға арналған әр түрлі кітаптарды да әкелді. Олардың ішінде: оқытатын, дамытатын, көркем, ғылыми,фантастикалық және тағы басқалар, қазақ, орыс және, ағылшын тілдеріндегі сан алуан кітаптар бар.

e693657ff610e0f7dbb6ac9a79f44096.jpg

Астаналықтар 200-ден астам кітап жинады. Белгілі қазақстандық тарихшы Радик Темірғалиев сатып алынған кітаптар ауруханаларда жататын балаларға арналғанын біліп, портал редакциясына Қазақстан тарихы және мәдениеті бойынша жазған еңбектерін өзі әкеліп берді. 

«Аруна» баспасы қайырымдылық акциясының ұйымдастырушыларының өтінішін қабылдап, Алматыдан Астанаға әр түрлі дәуірлер бойынша Қазақстан тарихына қатысты балаларға арналған кітаптардың үш жинағын беріп жіберді.

615b584000d5cfed77f71d6b592bd7a1.jpg

«Қазконтент» АҚ «Қазақстан тарихы» веб-порталының қайырымдылық акциясын Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы, «Меломан» дүкендерінің желісі, «Қазақстан — 2050» Жалпыұлттық қозғалысы және Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдады.

E-history.kz веб-порталының редакциясы, ақцияның серіктестеріне және қатысушыларына өзінің шын алғысын білдіреді. 19 және 20 қарашада кітаптар көзделген мекен-жай — № 1 Қалалық балалар ауруханасына, № 2 Қалалық балалар ауруханасына — жеткізілді.

deb95ec037704cdb967a2cdf64104dab.jpg

— Осы жобаны ұйымдастырып, біздің кішкентай емделушілерімізге жасалған сыйлықтарыңыз үшін шын алғысымды білдіруге рұқсат етіңіз. Аурухана қабырғасында аналарымен бірге жататын кішкентай балалар мен ересек балалар да емделіп жатыр. Менің ойымша, жиналған кітаптар біздің кітапхана біз үшін өте пайдалы болады. Балалар мұнда келіп, кітаптарды оқып, біздің еліміздің тарихымен және мәденетімен танысады. Олар бала кездерінен елдің тарихын және мемлекет басынан кешкен дәуірлерін біліп өседі, бұл олар үшін өте пайдалы іс. Біз осының арқасында, мемлекетіміздің нағыз патриоттарын тәрбиелейміз, — деді № 2 Қалалық балалар ауруханасы Бас дәрігерінің емдеу профилактикалық жұмыстар бойынша  орынбасары Сайран Жамұқова.

Бұл — өсіп келе жатқан ұрпақтың арасында ұлттық тарихқа қызығушылығын арттыру мақсатына бағытталған «Қазақстан тарихы» веб-порталының алғашқы қайырымдылық акциясы. 

Қазіргі кезде редакция өз бастамасының географиялық ауқымын кеңейтіп, ҚР барлық медициналық мекемелерде «тарих бұрышын» ұйымдастыру мақсатын көздеп отыр.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?