Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақстан ұлттық валютасының күні

2821
Қазақстан ұлттық валютасының күні - e-history.kz
Қазақстан аумағындағы ежелден бастап, тәуелсіздік алғанына дейінгі қолданыста болған ақша айналымының тарихы Инфографикада.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы өз тарихын 1993 жылдың 15 қарашасында таңертеңгі сағат 8-ден бастау алады.

1993 жылдың 12 қарашасында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 

Жарлыққа сәйкес 1993 жылдың 15 қарашасында таңертеңгі сағат 8-де ұлттық валюта —теңге — енгізілді. Жаңа ақша 1 теңге: 500 кеңестік рубль арақатынасына тең айналысқа енгізілді. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасының дизайнін жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. 

Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.
1993 жылдардағы ақшаларда Қазақстанның көрнекті қайраткерлерінің (Әбу Насыр әл Фарабидің, Абайдың, Әбілқайыр ханның, Абылай ханның, Құрманғазының, Ш. Уәлихановтың) бейнелері салынды. Осы кезеңнен кейін теңгенің дизайні бірнеше рет өзгертілді, және әлемде оң бағасын алды. 

Қазақстан теңгесі үш дүркін әлемдегі ең үздік банкнот болып атанды. 2011, 2012, 2013 жылдарына сәйкес келетін банкнот номиналдары 10 000, 5 000, 1 000 әлемдегі ең үздік банкнот болып атанды.
Қазіргі таңда теңге — әлемдегі ең әдемі және мінсіз қорғалған валюта. Ол Өскемендегі Монета сарайында дайындалып шығарылады.Өскемендегі Монета сарайы 1998 жылы ашылды. Қосымша айтатынымыз, КСРО ыдырағанан кейінгі аймақтардың ішінде банкнот фабрикалары Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан мемлекеттерінде ғана бар.

Әрине, ұлттық валютаның бастамашылары да болған. Ұлы Жібек жолы көптеген елдердің тарихына өз үлесін қосқан. Ұлы Жібек жолы бойымен тауарлар жеткен, сонымен бірге, ол Батыс пен Шығысты байланыстырған. Ұлы Жібек жолы мәдениет пен идеялардың ошағы да болып саналған. Оның бойындағы ең ірі сауда қалалардың бірі Отырар қаласы болған. Отырар қаласында өткізілген қазба жұмыстардың нәтижесі бойынша Қазақстан жерлеріндегі алғашқы ақшалардың тарихын білуге болады.

Қазақстан аймағындағы ежелден бастап ҚР тәуелсіздік алғанына дейінгі ақша айналымының тарихын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

692818bfa81ef735e51c06dff9a90aaf.jpg


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?