Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Көне ғимараттар. Көпес Юзефовичтің үйі

2838
Көне ғимараттар. Көпес Юзефовичтің үйі - e-history.kz
Бұл көпке белгілі ғимарат 100 жылдан астам уақыттан бері қаладағы ағаштан ойып жасалған ең әдемі үйлердің бірі болып табылады. Бұрын мұнда көпес Юзефович тұрған.

Бүгінгі Петропавл және 100 жыл бұрынғы қала — бұл екі түрлі көрініс. Қазір қала көшелерін аралап жүргенде, саябақтың және гүл бағының, саяжолдың әдемілігі көзге ерекше түсіп тұрады. Қаланың сәулет құрылыстары да өз көркемділігімен тамсандырады. Ғимараттардың архитертурасы көпестер болған кезеңдерден мұра боп қалған. Көпестер Петропавл тарихында жетістіктерінің ізін қалдырып кеткен. Олар керемет сатушылар, меценаттар және тұңғыш ашушылар болған. 

1985 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық музейінің тұсында бейнелеу өнерінің бөлімі (сурет галереясы) ашылды. 1989 жылы ол дербес бөлім ретінде қалыптасты. Енді ол бейнелеу өнерінің мұражайы деп атаған болатын. Ол 314-ші атқыштар дивизиясы көшесінде орналасқан көпес Андрей Георгиевич Юзефовичтің тапсырысымен салынған ғимаратта жайғасты. Ғимарат сәулет өнерінің ескерткіші болып саналады. Музейдің топтамасында Балтика, Армения елдерінен және Санкт-Петербор, Мәскеу, Алматы, Минск, Пенза, Владивосток қалаларынан әкелген суретшілердің картиналары бар. Музейде соңғы кезде кеңінен таралған кәсіптер де өз көрінісін тапқан.

Көпес Андрей Юзефовичтің тапсырысымен салынған ғимарат бұр ағаш сәулет өнерінің қайталанбас туындысы болып саналады. Үй 1909 жылы салынды. Қазіргі уақытта да ағаш шілтермен көркемделген Юзефовичтің құрылысы қаланың мақтанышы болып табылады. Үйдің сырт пішіні де өте керемет екен! Ол ертегідегі үйшікке ұқсап келеді. 

5c8e3f1c1b617f06d17039d1f72605ef.JPG

Фасад «модерн» стилінде жасалған. Ғимараттың көлемдік-жобалы композициясы екіқабатты кесінді мен Т-бейнесіндегі формасы бар бірқабатты кесіндіден тұрады. Басты фасад көшеге қарайды. Бас фасадтың тамбурында шатырлы күмбез түйірілген. Ғимарат қабырғасы бөренеден жасалған. Фундамент пен цоколь күйдірілген кірпішпен салынған. Қабатаралық жабындылар ағаштан жасалған. ХХ ғасырдың 20-жылдары ғимарат-ескерткішке әртүрлі мекемелер отыратын. Кеңес өкіметі жылдарында мұнда № 1 балалар үйі орналасқан, ал кейін оның ішінде жасөспірімдерге арналған колония, 1930-шы жылдарында емдеу мекемелері орналасты. 50-ші жылдарында мұнда педагогикалық училище жайғасты.

1e86bbde1b8011c8bb74021eeb61393b.jpg

60-70 жылдары жұмыс жастарының № 2 мектебі орнығады. 1985 жылы ғимарат қайта жөнделіп, мұражай бірлестігіне беріледі. 1985 жылы музейдің ғимараты қайта қалпына келтірілді. Қазіргі күні онда Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы орналасқан. 

Ғимарат ХХ ғасырдың басында көп кездесетін, шет аймақтық көпес қаласының сәулетіне сәйкес келетін жоспар бойынша салынған. Ғимарат сәулет өнерінің мұрасы болып табылады. 

Жергілікті өлкетанушы Надежда Кирилловна «Ескі қаланың сәулетшілері» өз мақаласында былай деп жазады: «біздің қаламыздағы өлкетанушылық тым жас, оны адам өмірінің ұзақтығымен (60-70 жыл) салыстыруға болады. Тарихи талаптар бойынша сәулет ескерткіштерін бастапқыда саяси белгілер бойынша топтастырған: большевиктердің комитеті орналасқан ғимарат (Коммунистикалық пен К. Сутюшева көшелерінің бұрышы); Ленин көшесіндегі ғимарат (мұнда 1917-1918 жылдарында Петропавлдағы Жұмысшы және Солдат Депутаттарының Кеңесі орнығады). Енді тарихтың жаңа кезеңінде ғана осы ғимараттардың иелерін анықтай бастадық. Қожалардың арасында көпестер, мердігерлер, кәсіпкерлер де болды. Осы кезде біз Юзефович, Пирогов, Аркель сияқты тектерін естіп қойдық. Дегенмен, белгіленген уақытқа дейін көптеген үйлер қиралды, олардың иелері-де өмірден озды». Өкінішке орай, қаламызда тұрған көптеген көпістер туралы ешқандай мәліметтер сақталмаған.

Аталмыш ағаш үйдің иесі туралы да ақпарат аз. Ол ағаш өнеркәсібі иесі болып, музыканы да жақсы көріп кеткен. Осыдан басқа ешқандай мәліметтер жоқ. Жергілікті өлкетанушылардың айтылып жатқан аңыздары бойынша, көпес оның әнге деген құмарлығының арқасында «қатып қалған ән сазына ұқсас болып қалған» үйді салды.

Кейбір деректерге қарағанда, үйдің сәулетші-жобалаушы Андрей Павлович Зенков (белгілі көпестердің ұрпағы) болған. Аталған көпестердің меншігінде былғары зауыттары болған, олар өз қаражаттарына Васильевский шіркеуін тұрғызған (ред. еск.: «Черемушки» ауданында, қазіргі уақытта бұзылған). А. Зенков Верный (қазіргі Алматы) қаласында да жұмыс істеп, көптеген әдемі үйлерді салған. Ол ғимараттардың сейсмолық күшейуін де ескерген.


Кейбір өлкетанушылардың айтуынша, Андрей Павлович осы ағаш үйді салған. Басқалардың айтуынша, бұл мүмкін емес екен. Екі жақтың дұрыстылығын-да дәлелдеу керек.

Мақала  “Петропавловск kz” газетімен бірлесе дайындалды.

Тарихи, мәдени, архитектуралық ескірткіштер болып саналатын ғимараттар жайлы мақалаларыңыз болса фотосуреттерімен қосып kaz.ehistory@gmail.com электронды адресімізге жіберсеңіздер болады.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?