Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

2015 жылы Қазақ хандығы туралы сериал түсіріледі

1933
2015 жылы Қазақ хандығы туралы сериал түсіріледі - e-history.kz
Қазақстанда Қазақ хандығы туралы 20 сериялы фильм түсіріледі.

Қазақстанда Қазақ хандығы туралы 20 сериялы фильм түсіріледі. Осы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен  брифингте  ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай деп мәлімдеді.

2015 жылдың қаңтарынан бастап сериалды түсіру жұмыстары басталады. Келесі жылы елімізде қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу бағдарламасы дайындалуда. Бағдарлама аясында 100-ге жуық әр түрлі шара, оның ішінде халықаралық конференциялар, ғылыми экспедициялар, театр қойылымдарын қою да жоспарланып отыр.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы:

–  Қазақстан Президентінің тапсырмасымен министрлік үлкен тұжырымдамасы әзірлеген. Алдын ала дайындық жұмыстары басталды. Әрине, Қазақ хандығы туралы сериалдың түсіріліміне қаржы жұмсалады. Қазір бюджет нақтыланып жатыр, сценарий түпкілікті дайын болған кезде оның бюджеті де белгілі болады.



Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?