2003 жылдың 21 қазан күні «Транспорт Тауэр» әкімшілік-технологиялық кешенінің тұсауы кесілді, ол жерде қазір Көлік және коммуникация, Инвестициялар және даму министрліктері орналасқан. Кешен қаланың сол жағалауындағы ең әсем, биік (155 м) те бірегей ғимараттардың бірі. Сырт келбеті оттыққа ұқсас болып келгендіктен, халық арасында оны дәл солай атап кеткен. 36 қабаттан тұратын ғимараттың әсемдігін түнгі шамдар сәулесімен тамашалау керемет әсер қалдырады, әсіресе жарықтандырылған 25 метрлік сүмбінің көркемдігі таңғалдырады. Ең жоғарғы қабатта елордамыздың орталық бөлігінің ғажайып көрінісі ашылатын шолу алаңы орналасқан.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және
Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.
Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. 8 (7172) 64 95 59
(ішкі - 1164)