Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Этно-тарихи форум болып өтті

1566
Этно-тарихи форум болып өтті - e-history.kz
«Қоғамды шоғырландыру факторы ретінде ұлттық тарихты зерделеу және насихаттау» тақырыбында этно-тарихи форумы болып өтті.

2014 жылғы 30 қыркүйекте «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ-нің, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялы Ұлттық университеті тарих факультетінің қолдауымен «Қоғамды шоғырландыру факторы ретінде ұлттық тарихты зерделеу және насихаттау» этно-тарихи форумы өтті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында тарихи уақыттың жеделдеуі, өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы және т.б сияқты ХХІ ғасырдың жаһандық сын-қатері жағдайында, бірінші кезектегі басымдықтар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, жалпыұлттық құндылықтарды нығайтудағы интеллигенцияның рөліне, қоғамның тарихи сана-сезімін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігіне ерекше назар аударылған. 

05d8619f34f54a55e3487bdf0991a169.JPG

Этно-тарихи форумды өткізу біздің қоғамымыздың тұрақты дамуы мүмкін емес қажетті жағдайларды — дәстүрді сақтап қалуға, мәдениетаралық байланыстарды нығайтуға, өз жеріне аялап қарауға тәрбиелеуге бағытталған. Форум Қазақстан халқының тарихи және рухани мұрасының сақталуына ықпал етуге арналған және тарихи ізденістің бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Азаматты өзін-өзі тануға тәрбиелеу, қоғамның түрлі топтарын патриоттыққа тәрбиелеу мәселелерімен мемлекеттік билік органдары мен мемлекеттік ұйымдар ғана емес, жастар, мәдени бірлестіктер, тарихи клубтар, ұлттық қоғамдар да айналысатындығын атап өту керек. Осыған байланысты этно-тарихи форум тәжірибе, идеялар және жобалар алмасу бойынша қоғамдық-ғылыми алаңға айналуға арналған.

Этно-тарихи форум шеңберінде жетекші -тарихшы-ғалымдардың, азаматтық қоғам мен жастар өкілдерінің қатысуымен пленарлық және секциялық отырыстар, деректі фильмдерді көрсете отырып жария дәрістер, тарихи зерттеулер жүргізу үшін визуалдық көздерді пайдалану мүмкіндіктері туралы шеберлік кластары өткізілді, Қазақстан халқының декоративтік-қолданбалы өнері экспозициясы көрсетілді.

Форумды өткізу нәтижелері бойынша форум қатысушыларынан жоғары оқу орындарының, колледждердің және орта мектептердің оқу жоспарларына элективтік курстарды ендіру бойынша, студент жастарды мемлекетті құрайтын ұлттың тарихын, мәдениетін, тілін, ұлттық құқықтары мен мүдделерін құрметтеуге тәрбиелеу бойынша шаралар кешенін қабылдау бойынша ұсынымдар мен есркертулер қабылданды.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?