Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мектеп оқушыларына арналған Семей полигоны тақырыбындағы эссе сайысының қорытындысы шықты

2165
Мектеп оқушыларына арналған Семей полигоны тақырыбындағы эссе сайысының қорытындысы шықты - e-history.kz
Үстіміздегі жылдың 8 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында мектеп оқушылары арасында өткен «Семей полигоны. Қазақстан сынақтардан бұрын және кейін» тақырыбында өткен эссе сайысының қорытындысы шықты.
Мектеп оқушыларына арналған эссе сайыс Семей ядролық полигонында 1989 жылы 19 қазанда жасалған, ақырғы жарылыстың 25 жылдығына арналып отыр. Эссе сайыс «Қазконтент» АҚ «Қазақстан тарихы» веб-порталының ұйытқы болуымен және «Казахстанская правда» Республикалық Газеті» АҚ, Астана қаласы білім басқармасының жан-жақты қолдау көрсетуімен ұйымдастырылған болатын. 
 Аталмыш эссе сайыс оқушылардың Қазақстан тарихын оқуға қызығушылығын арттыру, азаматтық-отансүйгіштік тұрғыдан белсенділігін қалыптастыру, өз елінің қоғамдық-саяси өміріне қатысуға дайындығын анықтау мақсатында өткізілген болатын.
Эссе сайыстың мақсаты: Семей полигонының Елордалық жас ұрпақтар мен оқушылардың санасында қандай естелік, із қалдырғанын байқау болды. 
 Ұйымдастыру комитетіне мемлекеттік және орыс тілдерінде жалпы саны жиырма тоғыз жұмыс келіп түсті. 
ҚР БҒМ Ғылыми комитетіне қарасты Мемлекет тарихы институты мен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының қызметкерлері «Қазақстан тарихы» веб-порталының ғылыми сарапшылары ретінде өзекті әрі қызықты, тақырыпқа сай деген эсселерді таңдап алды. Әділ қазылар алқасының әділ пікірінше, эссе сайысы барысында оқушылар өздерінің ұлт тарихын терең білетіндіктерін және ойлау тұрғыларының өзіндік, бірегей ерекшеліктерін паш еткен. Қазақ жерін 1949 жылдан бастап жарты ғасыр улаған Семей полигонының тақырыбын толық әрі жан-жақты, қызығушылықпен аша білген. Сонымен қатар өзіндік ой-пікірлерін қағаз бетіне түсіре алған. 
 Эссе сайыстың нәтижесінің қорытындысы бойынша № 1 мектеп-лицейінің оқушысы Жәнібек Балташев, мұғалімі М.Қ. Байғонова, № 10 мектеп-гимназиясының оқушысы Сәбина Баймұрзина, мұғалімі С.С. Әлмағанбетова және Дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің оқушысы Жансая Болатбек, мұғалімі Б. Т. Рысмамбетова жеңімпаз деп танылды. 
Сонымен қоса сайыстың тек Астанада қаласында өткеніне қарамастан, әділ қазылар Қызылорда қаласы «Мұрагер» мектебінің оқушысы Әшірбек Бекарыстың жұмысын жоғары бағалады. Мұғалімі әрі жетекшісі М.Шүкенов. 
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі үстіміздегі жылдың 17 қазан күні болады. Үздік эсселердің авторларына құрмет грамотасы мен құнды сыйлық тапсырылатын болады. 
Оқушыларды сайысқа дайындаған тарих пәнінің мұғалімдері алғыс хатпен марапатталатын болады. 
«Қазақстан тарихы» веб-порталының редакциясы жеңімпаздарды шын жүректен құттықтайды!
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?