Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

«ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы аясында Қазақстан тарихын зерттеу мәселелері» атты келелі жиын өтті

970
«ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы аясында Қазақстан тарихын зерттеу мәселелері» атты келелі жиын өтті - e-history.kz

2014 жылы 26 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Ғылым Комитеті Мемлекет тарихы институты және Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың „Мәңгілік ел“ идеясы аясында Қазақстан тарихын зерттеу мәселелері» атты Халықаралық ғылыми — тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конференцияғаға еліміздің зиялы ғалымдармен қатар Республикамыздың әр қалаларынан жас ғалымдары да жиналды.

65ffd4c6e122ede837a71e760f790157.jpg

Алқалы басқосуда — әлемдік тарихи кеңістіктегі Қазақстан: ұлттық идея тарих толқынында; тарихи үдеріс теориясының мәселелері, Отан тарихын кезеңдеу мәселелері, Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық тарихы, сыртқы саясат тарихы, Еуразиядағы этномәдениеттердің өзара әрекеттестігі сияқты маңызды мәселелер талқыланды.

4e14951b3ea6f8b1935fa47e0bbc9ee8.jpg

Жоғарыда аталған конференцияда «Қазақ мемлекеттілігі тарихын зерттеуге жас ғалымдардың қатысуы» атты секцияда жас ғалымдар отырыс жасап, Қазақстан тарихындағы өзекті мәселелер мен соңғы жылдардағы зерттеулер нәтижелерін ғылыми айналымға енгізудің инновациялық әдістерін тиімді пайдаланудың жолдарын ортақ шешуді қарастыруды талқылады.

Сонымен қатар конференцияда Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығының бастамасымен жарыққа шыққан «Тарих тағылымы» атты жаңа журналдың тұсаукесер рәсімі болып өтті. Жарық көріп отырған бұл ғылыми журналда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мақалалар жарияланған болатын. Журналдың әр нөмірінің алдыңғы бетінде Алаш арыстарының ұлағатты сөздері беріліп, одан кейін Отан тарихы, Әлем тарихы, Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері және Археология және этнология секілді тың тарауларынан тұрады. Сондай-ақ, журналдың соңында Ермұхан Бекмаханов, Бекежан Сүлейменов сияқты танымал ғалымдардың өмір тарихы, тағдыры және шығармашылығы туралы арнайы жазылған рубрика беріліп отырады.

a11fbd8aee9c15769c4e5c8c02562d30.jpg

Жиналған зиялы қауым Жас тарихшылардың жасап жатқан қадамдарына нұр тілеп, баталарын берді.

Конференция жұмысына отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, Ғылыми зерттеу институттары мен Жоғары оқу орындарының басшылары, тарих және гуманитарлық ғылымдарының оқытушылары, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қызметкерлері, орта мектептердің тарих пәні мұғалімдері мен БАҚ өкілдерінен журналистер қатысты.

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері, Күнсәуле Шайзада 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?