Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

"Біз әлемді Үшінші Дүниежүзілік Соғыстан құтқарып қалдық"

1490
"Біз әлемді Үшінші Дүниежүзілік Соғыстан құтқарып қалдық" - e-history.kz
Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қарсаңында «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті Сұлтан Омарұлы Картоев біздің порталымыздың сұрақтарына жауап берді.

Сұлтан Омарұлы, Семей полигонындағы алғашқы ядролық жарылыс жайлы айтып берсеңіз, сол кезде халық не деді?

Тарихқа кейін шегініп, өткенге оралу үшін мен бүгінгі күннен бастайын. ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы жарлығында Қазақстан халқы өз миссиясын орындады, біздің арқамызда әлем Үшінші Дүниежүзілік Соғыстың басталуынан аман қалды, деп айтылған. Осындай тарихи және қайғылы миссияны біздің халқымыз орындады. Семей полигонының құрылуы арқасында Қазақстанның және Кеңестер Одағының жерінде Хиросима мен Нагасаки сынағы қайталанған жоқ.

9de249bdc6d4c3b1f08f60117dc6ef6e.jpg

Жарылыстан кейінгі Хиросима

Мұның барлығы 1947 жылы Сталин тарапынан Америка Құрама Штаттарының әскери-өнеркәсіптік кешеніне қарама-қарсы шешім қабылданған кезде басталды. 

1947 жылы Семей полигонының құрылысы басталды, ал 1949 жылға қарай, қысқа мерзімде, яғни, екі жылдың ішінде Кеңес Одағының ракеталық-ядролық қалқаны құрылды. Бірінші ядролық сынақ 29 тамызда таңғы сағат 7-де 30 метр биіктікте өткізілді. Күші Хиросима мен Нагасакиға тасталған бомбаға тең келетін әскери заряд жарылды.

dd9d95cdb4acfabc6153e8efcd84ef31.jpg

Халық не деді? Әрине, масаттану болды. Біздің ата-аналарымыздың, жасы үлкен ағаларымыз бен әпкелеріміздің айтулары бойынша, бұл оқиға елге жарияланбаса да Кеңес Одағының ядролық қаруға қол жеткізілгені туралы ақпаратты халықтың құлағы шалды. Ұлы Отан Соғысы жақында ғана аяқталып, Үшінші Дүниежүзілік соғыстың басталу қаупі туындап тұрған кезде бұл жайт, әрине, ел үшін бір мақтаныш болды.

Полигон кейіннен Курчатов қаласы деп атала басталды. Кеңес одағы ыдырамастан бұрын ол 50 мыңдай адам өмір сүретін, инфрақұрылымы дамыған үлкен қалаға айналған еді.

8f6de87d057a9a4e79a7239208da9aaa.jpg

Курчатов қаласындағы қалалық Ғылым үйі
Кеңестік және қазақстандық халық ерлік миссиясын орындағандай сезімде болды. Егер біз Екінші Дүниежүзілік Соғыста әлемді фашистік Германияға құлдыққа енуден қорғаған болсақ, бұл жолы Кеңес халық өздерін әлемді Үшінші Дүниежүзілік Соғыстан — бәлки, ешкім жеңімпаз атанбайтын ең соңғы дүниежүзілік соғыстан құтқарушы ел деп есептеген еді. Өте үлкен шығындар берсе де, халқымыз бұл ядролық ессіздікті тоқтата білді. 

Ядролық полигонды жабу туралы өтінішке Мәскеу қалай қарады?

Полигонның 40 жыл жұмыс істегені, онда 456 ядролық жарылыстың жасалғаны құпия емес. Бұл зарядтар әлемдегі бүкіл адамзатты жойып жіберетін күште болды. 

Бұл сынақтар жердің ландшафтысына, суға, қоршаған ортаға әсер етті. Жергілікті тұрғындар сынақтар туралы ашық түрде ештеңе білген жоқ, ол туралы ешкім жазған жоқ, тек кей кездері Информбюродан жарылыстың жасалғаны туралы хабарлап тұратын. Бірақ ел арасында әңгімелер жүретін, өйткені біз жарылысты физикалық түрде сезген болатынбыз: сөрелер мен үстелдердегі ыдыс-аяқтар селкілдеп, аспашамдар дірілдейтін, үйлер қозғалатын. Ал біздің жерімізде ешқандай тау немес жанартау болмағандықтан кезекті ядролық жарылыстың жасалғанын сезініп, түсінетінбіз. Адамдар бұдан шаршады...

Халық арасында бір нәрсе жасау керек деген қарсылық көңіл-күй мен түсінік пайда бола бастады. Біз — жоғарғы патриоттық сезіммен тәрбиеленген халықпыз, абырой мен намыстың не екенін түсінетін едік, және мұның барлығы отан үшін керек екенін де білетінбіз, бірақ «бұл жағдай қашанғы жалғасады?» деген сұрақ туындады. Бір, екі, үш жарылысқа шыдауға болады, бірақ жарылстардың саны жүздеп санала бастады... Қазақтар айтқандай, біреу шығып «тоқта» деуі керек еді. Ондай адамдар табылды: сол кездегі Министрлер кеңесінің болашақ төрағасы Н.Ә.Назарбаев Олжас Сүлеменовты қолдады. Олжас Сүлейменов 1989 жылы өзінің депутаттыққа кандидат болып түскен кезде сайлауалды бағдарламасы мен сөйлейтін сөзін өзгертіп, Қазақстан халқының атынан «біздің ядролық төзімділігімізді сынауды тоқтатар кез келді» деген еді.

49a1d119768d15140c53262a87b290d5.jpg

Олжас Сүлейменов
Олжас Сүлейменов сынақтарға қарсы наразылықты қолдайтын барлық адамдарды 28 ақпан күні жазушылар Одағының ғимаратына келуге шақырды. 28 ақпанда Алматының орталығында бірнеше мың адам жиналды, сол жерде Сүлейменов «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалыс құрғысы келетінен айтты және наразылық акцияларын тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүниежүзі бойыншы өткізуді ұсынды. Алғашқы күндері-ақ қозғалыс туы астына 2 млн адам бірікті. Еуропада «Невада-Семей» қозғалысын қолдау үшін шерулер өтіп жатты.

3512c62b4f59bc2fc451d90b75401037.jpg

Қозғалыс 1989 жылы сәуір айында Әділет министрлігі тарапынан Қазақстандағы ең алғашқы үкіметтік емес ұйым ретінде тіркелді.

Нұрсұлтан Назарбаев қозғалысқа алғашқы күнінен бастап қолдау көрсетті, сол үшін біз оған алғыс айтамыз. Прездиент сөйлеген сөздерінде бірнеше мәрте «мен Кеңес Одағының әскери-өнеркәсіптік кешені мен басшылықтың қысымына қарамастан, Қазақстан халқының арқасында ядролық полигонды жаптым», деп айтты.

Бұл әрекеттерге Мәскеудің қандай реакция көрсететіні белгілі болатын, Кеңес Одағы үшін аса маңызды ядролық полигонның жабылуына халықтың қарсы шығуына кім рұқсат берер еді. Америка Құрама Штаттарының қорқынышының символы еді полигон. Әлбетте, КСРО басшылығы мұндай қадамға барғысы келмеді, бірақ Горбачевтің халық пікірімен келісуге ақылы жетті, ешқандай репрессия немес қарсы әрекет болған жоқ. Тек қана ақыры не боларын күтті...

Кейін КСРО басшылығы бұл Сүлейменов пен Назарбаевтың ғана жеке қалаулары емес, мұның халықтық қозғалыс және миллиондаған адамдардың қалауы екенін көрді және егер бұл халықтың қалауы болса, онда халықты қолдау керек, деді. Ядролық сынақтар тоқтатылды.

Біз бүкіл әлемге ядролық қаруды қалай қолдану керек екенін көрсеттік. Америка Құрама Штаттары, Ресей Федерациясы, Англия, Франция, Қытай секілді ұлы мемлекеттер жасай алмағанды біз жасадық. Халқының саны 17-ақ миллион кішкентай ғана ортаазиялық мемлекет жасаған бұл істі ұлы істердің қатарына жатқызуға әбден болады. Қазір ядросыз Қазақстанның жолын бүкіл әлем зерттеуде, біздің президентіміз бен Қазақстан халқына таңырқап, өз алғыстарын айтып жатыр.

Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 29 тамыз — Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп жарияланды.

Қазір Семей полигонын ЮНЕСКО кітабына енгізу және оны туристік зонаға айналдыру туралы ұсыныстар бар ма?

Шынымен де, Семей полигонын ЮНЕСКО кітабын енгізу ұсынылуда, біз оны дұрыс деп санаймыз. «Невада-Семей» ұйымы бұл кітапқа енгізілген, енді Семей полигонының да енгізілгенін қалаймыз және мұның жақын болашақта орындалатынына сенеміз. Бұл уақыттың еншісінде.

Семей полигоны — бұл жай ғана ядролық полигон емес, ол үлкен әскери-өнеркәсіптік кешен һәм Кеңес Одағының ғылымының озат үлгісі болатын. Сондықтан оны жаба салуға болмайтын еді, сол кезде президент ғылымның жетістіктерін бейбітшілік мақсаттарында жіберу бағдарламасын қабылдады. Ол жерде Ұлттық ядролық орталық құрылды, онда физик ғалымдар жұмыс жасайды, жыл сайын көптеген әлем елдерінің ғалымдары келіп отырады. Әскери мақсаттар үшін жасалғанның барлығы бейбіт өмірде пайдаланылуда. 

Екінші бағыт, яғни, туризм бағдарламасы да бар. Көптеген адамдар ықылас білдіріп жатады, полигонды көргісі келетіндердің саны жыл санап көбеюде — олар қоғам қайраткерлері, тілшілер, саясаткерлер, Батыстың, Шығыстың танымал адамдары. Олар ештеңеден қорықпай барып, өлі ядролық көлді, алғашқы жарылыстар жасалған сынақтар алаңын, Курчатов қаласындағы ядролық тарихтың музейін көруде. Яғни, мұның бәрін өздері барып көргісі келетіндер көп...

92946d158101cc2c4a7f66a2821831bb.jpg


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?