Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Полицейлер әулеті барлық отбасының құқықтық тәртібін қорғауда

2279
Полицейлер әулеті барлық отбасының құқықтық тәртібін қорғауда - e-history.kz
23 маусым Қазақстан полицейлері өздерінің кәсіби мейрамын атап өтті. 1992 жылы осы күні Жоғарғы кеңес «ҚР Ішкі істер органдары туралы» заңды қабылдады

Астана қаласындағы ІІД үшін полицейлер әулеті сирек кездесер жайт емес. Бүгін осында әр түрлі сала аралық бөлімшелерде ішкі істер органдарына бүкіл өмірін арнаған ардагерлердің балалары жұмыс істейді.

ІІД қызметкерлері тәуліктің әрбір уақытында, ауа райына қарамастан, уақытпен санаспай, өз жұмысын орындайды. Олардың мойнындағы бүкіл жауапкершілік пен жанкештілікті қарапайым азаматтық адам өмірінің соңына дейін сезіне алмайтын шығар. Олардың күші қызмет мектебінің қиын жолынан өткен ата-аналарында, олардың балаларына өз тәжірибелерін бере алуында.

Өмірінің бүкіл бөлігін осы мамандыққа арнаған әрбір әкенің баласы дәл осындай мамандықты таңдағанда жаны тыншитын шығар.

Отбасы – ұлы құндылық. Тек өзіндік дәстүрге берік отбасы ғана жұмысқа деген жауапкершілікті бере алады. Қиындығы мол жұмыста тәжірибе мен білім әкеден балаға, атадан немереге мұра бойынша берілер кеңес өте маңызды.

Ішкі істер органдарында екі-үш және одан да көп ұрпақ буыны қызмет еткен отбасыларда патриотизм, абырой және қызмет борышы қарапайым сөз болып қалмайды. Дәл сондай әулеттерде қызметке құрмет, борышқа сенімділік, мамандыққа деген бедел балалық шақтан беріледі. Осындай жоғары адамгершілік құндылықтар, басқалар үшін өзін құрбан ете алу атадан әкеге, әкеден балаға берілсе, мұндай отбасыларда тәрбиеленіп өскен балалар ерте жастан бастап, өз үшін ата-аналарының мамандығын болашаққа жол етіп таңдайды. Полицейлер әулеті – ерекше әңгіме, себебі ұлдары бала кезінен алдағы қандай қиыншылықтар мен сынақтардан өту керектігін біле отыра, әке жолын жалғастырады.

Астана қаласының ІІД 20-ға жуық полицейлер әулеті бар. Ең ірілерінде құқық қорғау органдарындағы жалпы жұмыс өтілі жүз жылдан асады. Мысалы, Қабиевтар әулетіне – 110 жыл. Осы әулеттің үшінші ұрпағы полиция қызметкері, полиция подполковнигі Қабиева Қарлығаш Амангелдіқызы – Астана қ. ІІД, ақпараттық-аналитикалық орталықтың басшысы. Оның атасы Іргебаев Әлихан Іргебайұлы 33 жыл учаскелік инспектор болып қызмет еткен, әкесі Қабиев Амангелді ІІО-да 17 жыл қызмет істеп, жедел жұмыс бойынша АІІО бастығының орынбасары қызметінде құрмет демалысына шықты, анасы Қабиева Ырысалды Әлиханқызы Торғай облысының ІІБ-да 28 жыл қызмет істеді, ағасы Қабиев Серік Амангелдіұлы – Ақмола облысы ІІБ аға тергеуші, органда 12 жыл жұмыс жасаған. 2001 жылы ол қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты.

1998015e978a720b9922db70ae702c7e.jpg

Қабиева Қарлығаш Амангелдіқызы

afa568a04a076cde06358ca4c4e3ae99.jpg

Атасы – Іргебаев Әлихан Іргебайұлы, әкесі – Қабиев Амангелді

bddd1747f01d15349b2d798a45505e1c.jpg

Анасы – Қабиева Ырысалды, ұлы (Қабиева Қарлығаштың ағасы) – Қабиев Серік

Ұрпақтардың буын алмасуы Мұсахметовтар әулетіне де тән. Әкесі мен екі ұлының ішкі істер органдарындағы жалпы жұмыс өтілі 75 жылды құрайды. Полиция полковнигі Мұсахметов Тұрарбек Бағаналыұлы көші-қон полиция басқармасының басшысы болып жұмыс істесе, үлкен ұлы Мұсахметов Әлібек Тұрарбекұлы Астаналық полиция маңызды бөлімшелердің бірі жедел басқару орталығын басқарып отыр, екінші ұлы Мұсахметов Сайранбек Тұрарбекұлы – полиция старшинасы, Астана қ. ІІД күзет қызметі арнаулы айдау қызметінің взвод командирі.

Отбасымен полиция қатарында қызмет еткен тағы бір әулет бар. Ол – Астана қ. ІІД Тергеу басқармасы ІІО бойынша аға тергеушісі, полиция майоры Олжабаев Мәди Есіркепұлы. Оның әкесі Олжабаев Есіркеп және атасы Батырбеков Олжабай ішкі істер органдарында қызмет етіп, осы салаға бүкіл өмірлерін арнады, қазіргі уақытта олар – ІІМ зейнеткерлері.

Ішкі істер органдарында 30 жылдан аса жұмыс істеген ҚР ІІМ зейнеткері Шыныбеков Тлеуберлінің ұлдары әке ісін жалғастырды: полиция полковнигі Шыныбеков Ғұмар Тәңібергенұлы ішкі істер органдарында 19 жыл қызмет істеп келе жатыр. Полиция капитаны Шыныбек Ғалы Тлеуберліұлы – Астана қ. ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күресі бойынша басқармасының аға жедел уәкілі, оның ағасы полиция подполковнигі Шыныбеков Ғосман Тлеуберліұлы – Астана қ. Жедел басқармасы орталығының кезекшісі.

01a16622b90a9c60e91ac1561e138477.jpg

Ортада –  Шыныбеков Тлеуберлі, сол жағында – Шыныбек Ғалы Тлеуберліұлы, оң жағында – Шыныбеков Ғосман Тлеуберліұлы

Осы жоғарыда жазылған отбасылардың барлығы өз тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа бере отырып, тұтас полиция мектебін құрайды.

Зәуреш НҰРМАҒАМБЕТОВА,

Астана қ. ІІД баспасөз қызметі

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?