Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Таразда көне қаланың орнында археологиялық саябақ салынады

2314
Археологтардың пікірінше, дәл осы жерден көптеген қызықты олжалар табылмақ, тарихи мәліметтер бойынша, мұнда шахристан болған.

2014 жылы Таразда көне қаланың орнында археологиялық саябақ салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Археологиялық сараптама» ЖШС сілтеме жасап.

«Археологиялық сараптама» ЖШС директоры Дмитрий Воякиннің сөзіне қарағанда, 2013 жылы 2,5 мың шаршы метр аумақта 3,5 метр тереңдікке дейін 4 қазба жүргізілген. Зерттеу аумағы 10 мың шаршы метрді құрады. 40 мыңға жуық жасанды (артефакт), ескі су тарту жүйесі (құбыр), 10-11 ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы көне медреселердің бірі, 11-12 ғасырлардағы құрбандық шалатын орын табылды.

2014 жылы ескі қаланың орталық бөлігінде қазба жұмыстары жалғасады. Сонымен бірге 2014 жылдың 27 қаңтарында сауда-саттық жүргізу үшін жабылған басқа екі базардың аумағында қазба жұмыстары басталады. Археологтардың пікірінше, дәл осы жерден көптеген қызықты олжалар табылмақ, тарихи мәліметтер бойынша, мұнда шахристан болған. Онда ауқатты қала тұрғындары тұрған және ондағы рабадтарда қолөнершілер орамы болған.

ҚР ҰҒА академигі, жоба жетекшісі, Қазақстандық археологиялық қоғамның төрағасы К.Байпақовтың сөзіне қарағанда, Тараз қалашығын ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандарының тізіміне енгізу көзделіп отыр. Алдағы уақытта көне Тараздың 10-12 ғасырлардағы даму кезеңін археологиялық саябақ үлгісінде қайта құру жоспарланған.

Тараз қалашығының ашық аспан астында мұражайға айналуы оны өңірдің тарихи-мәдени брэндіне айналдырады.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?