Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тәуелсіздік сарайында «Бата - ізгіліктің бастауы» көрмесі жұмыс істеуде

1655
Осы көрме арқылы ұйымдастырушылар бата мен мәдени тарихи дәстүрлердің қазіргі заманда көпұлтты мемлекеттің түкпір-түкпірінде тұратын қазақтардың өмірінде алатын орнын көрсетпек.

Тәуелсіздік сарайының қазіргі заманғы өнер галереясында «Бата - ізгіліктің бастауы» көрмесі жұмыс істеуде, онда Қазақстан, таяу және қиыр шетелдер суретшілерінің еңбектері қойылған. Суретшілердің барлық туындыларын біріктірген экспозицияға қазақтың ғасырлар бойғы дәстүрі - Бата арқау болды. Бұл туралы astana.kz сайтына Тәуелсіздік сарайының баспасөз қызметінен хабарлады. 

Көрме Қазақстанда бейнелеу өнерін қолдау, сонымен қатар, қазақ бейнелеу өнерін әлемдік өнерге бірте-бірте интеграциялау мақсатында өткізіледі. 

«Бата - ізгіліктің бастауы» жобасы - бұл суретші мен көрерменнің арасындағы тікелей эмоционалдық диалогқа көшу. Көрермен үшін бұл диалогтың негізі суретшінің жеке сезінуі мен өмірлік позициясы болуы тиіс. Яғни, әр суретшінің дүниені сезінуі, халқы, ұмытуға болмайтын мызғымайтын адамгершілік мәдени құндылықтар туралы әңгімесі. Бата - бұл қазақ халқының өткені, бүгіні және болашағының арасындағы байланыс», - дейді ұйымдастырушылар. 

Осы көрме арқылы ұйымдастырушылар Бата мен мәдени тарихи дәстүрлердің қазіргі заманда көпұлтты мемлекеттің түкпір-түкпірінде тұратын қазақтардың өмірінде алатын орнын көрсетпек.

Жобаға белгілі және еңбек сіңірген, жас суретшілер қатысады. Экспозицияға Қазақстанның өңірлеріндегі шеберлердің, қазақстандық, еуропалық және орыс сурет өнері мектебі өкілдерінің еңбектері қойылады. 

Шеберлер сурет салудың түрлі техникаларын пайдаланған: пуантилизм, граттаж, акварель, май және аралас техника.

«Бата - ізгіліктің бастауы» көрмесі 25 желтоқсанға дейін жалғасады. 


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?