Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Абылай хан мұрасы: идеялардың өзара байланысы және сабақтастығы»

1717
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Абылай хан мұрасы: идеялардың өзара байланысы және сабақтастығы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 2013 жылдың 10 желтоқсанында Абылай ханның 300 жылдығына арналған «Абылай хан мұрасы: идеялардың өзара байланысы және сабақтастығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты: Абылай хан мұрасын қазіргі заман контекстісінде зерделеу.

Конференция жұмысының тақырыптық негізгі бағыттары:

1. Қазақстан мемлекеттілігі: басқару, саяси-құқықтық және экономикалық аспектілері

2.  Абылай ханның сыртқы саясаты мен дипломатиясы және қазіргі кезең

3. Қазақстан халықаралық ғылым және білім кеңістігінде: мәдениаралық коммуникация, аударма ісі, филология, лингвистика және т.б.

4. Қазақстан және Орталық Азия: геосаяси стратегия

5. Көшпелілер өркениетін зерттеудегі пәнаралық көзқарас.


Байланыс телефондар: 8 7272 92 03 84, (3204) 8 70295903 53, 8 777 030 40 53,

e-mail: hamitova.m@ablaikhan.kz




Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?