Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Байқоңыр ғарыш айлағында Еске алу күні атап өтілді

1736
Бүгін «Байқоңыр» ғарыш кешені 1960 жылы 24 қазанда және 1963 жылы 24 қазанда ғарыш айлағында қайғылы қаза тапқан зымыран техникасын сынаушыларды еске алуда.

Бүгін «Байқоңыр» ғарыш кешені 1960 жылы 24 қазанда және 1963 жылы 24 қазанда ғарыш айлағында қайғылы қаза тапқан зымыран техникасын сынаушыларды еске алуда.

1960 жылы осы күні Р-16 жаңа зымыранын ұшыруға дайындық кезінде 41-ұшыру алаңында орын алған апаттан 100-ден астам адам, соның ішінде Артиллерияның бас маршалы Митрофан Неделин қаза тапты.

1963 жылғы 24 қазанда 70- ұшыру алаңында Р-9А зымыранының газдалған шахтасында жұмыс жүргізу кезінде шыққан өрт салдарынан 8 адам қаза тапқан.

Содан бері 24 қазан Байқоңырда қаралы күн болып саналады және ғарышқа тұңғыш жол салушыларды еске алуға арналады. Бұл күні ғарыш айлағындағы барлық жұмыс тоқтатылып, зымырандар ұшырылмайды.

Таңертең ертемен қаза тапқан зымыраншылар мемориалының алдына Роскосмос мамандары, қалалық кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлері, білм беру мекемелерінің оқушылары, қала тұрғындары мен қонақтары жиналды.

Қаралы шеруде Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы Анатолий Петренко және Роскосмостың «Байқоңыр» кешеніндегі басқарма бастығының орынбасары Ростислав Данилин сөз сөйледі.

Шеруге қатысушылар ескерткіштерге және алғашқы зымыран-ғарыш техникасын сынаушылардың бауырластар зиратына гүл қойып, еске алды.

Дерек көз: inform.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?