Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Қазақстан-2050» стратегиясы – бұл біздің зор тарихи мүмкіндігіміз – Елбасы

1785
Өмір бір орында тұрмайды, тарих қашанда өзінің аргументтерін алға тартады. Құбылысты, бұрылысты кезеңге дайын болуымыз керек.

«Қазақстан-2050» стратегиясы – бұл біздің ұлы тарихи мүмкіндігіміз. Осы арқылы біз мәңгілікке әлемнің ең танымал ұлтының қатарына енеміз. Біздің дамуымыз үшін басқа жол жоқ.

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХV съезі барысында партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті. Cъезд барысында Н. Назарбаев бүгінгі форумның Қазақстанның жаңа тарихындағы өтпелі кезеңде болып жатқанын, қазақстандық қоғамның жаңа мақсаттарға сенімді қадам басқанын атап өтті. Елбасының айтуынша, бұндай қадамның нақты бағдары былтыр жарияланған «Қазақстан-2050» стратегиясы болып табылады. «ХХІ ғасырдың ортасындағы тарихи апогей қамтымды әрі нақты айқындалды. Бағдарлама жан-жақты жасалды, біз не істеу керектігін білеміз әрі оны қалай істеп, сол арқылы қандай мақсаттарға жететінімізді де болжап отырмыз. Әлбетте, өмір бір орында тұрмайды, тарих қашанда өзінің аргументтерін алға тартады. Құбылысты, бұрылысты кезеңге дайын болуымыз керек», -деді Н. Назарбаев. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясына тоқтала келе, бағдарламаның басты межесі – озық дамыған отыз елдің қатарынан көріну екенін қайталап айтты. «Біздің халқымыздың тарихында мұндай ауқымды әлеуметтік-экономикалық мақсаттар қойып, оған қол жеткізген емес», - деді Н. Назарбаев.

Дерек көз: inform.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?