Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ халқының дала заңдары

2836
Қазақ халқының дала заңдары - e-history.kz

«Тағанақ кеңес» және «Тұрымтай кеңес» деп аталатын екі үлкен жүйеге негізделген Қазақ хандығы дәуіріндегі билік жүйесі кейіннен «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы» секілді заңдық нормалар арқылы реттелгені белгілі. Қазақ халқының саяси жағдайына сәйкес шығарылған бұл ресми заңдық құжаттар халқымыздың кадым заманнан бастап өзіндік заң-ереже ұстанып келгендігін дәлелдейді. Әрі сондай-ақ, бұл ережелер ар алдындағы жауапкершілік, аманат пен антқа адалдық, опасыздық және қиянаттан сақ болу, бұйрыққа бағыну әрі оны сөзсіз орындау секілді құндылықтарға негізделіп отырды.

Жалпы исі қазақтың ең алғашқы ата заңы - Қасым хан Жәнібекұлының  өзі қалаған «Қасымның бас Жарғысы» немесе «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заңдар жинағы. Аты айтып тұрғандай бұл құжат 5 тараудан тұрған. Кейін бұл Жарғының ықпалы артып, одан ары толықтырып Есім ханның тұсында Мемлекеттік заң ретінде қабылданып ресми заң мәртебесін алды. Бұл құжат ел арасында «Есім ханның ескі жолы» деп атап кетті. «Әз Тәуке заманында бұған дейінгі бес тараудан тұратын ережеге жесір дауы және құн дауы деген екі бап қосылады.  Сөйтіп құжат жеті тараулы толыққанды құжатқа яғни «Жеті жарғы» деген атақты заң нұсқасына айналады. Бұл заңдар Абылай дәуіріне дейін жектен.

Айтпақшы, Әз-Тәуке хан басқару жүйесіне жаңадан «Хан кеңесі» және «Билер кеңесі» деген билік кеңесі органдарын енгізген адам. Бұл кеңеске Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді атақты билер төрелік етті. Олардың айтқан әділ кесімдері ауыздан-ауызға тарап, уақыт өте келе халықтық бұлжымас ережеге айналып кетіп отырды. Тіптен ел арасында заң ретінде атқарылып отырған.

Енді осы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ел арасындағы бұлжымас заңға айналып кеткен билердің шешімдеріне тоқталып өтелік:

Ата салты мен дәстүрден аттап өткендер жұрт арасында ресми түрде қылмыскер атанып, қатаң түрде жазаланып отырды. Айып салынып, дүре соғылды, елден аластатылды немесе өлім жазасына кесілетін болған.

Карызға алған мал мерзімі өткен соң төлемімен қайтарылады;

Ұрғашы мал еркек малдан гөрі қымбат бағаланады;

Қонақ қондырмағандарға айып бар;

Қонақасыны дұрыс бермегендер жазаға лайық;

Ауқатты адамдар кедейлерге қарасуға, жәрдем беруге міндетті;

Малды және басқа жанураларды жәбірлеу - қылмыс;

Әдеп-тəртіп бұзғандарға жаза бар;

Тентекке әке-шеше ғана емес, бүкіл ауыл-ақсақалы жауап береді;

 Арақ ішіп өлгендерге жаназа шығарылмайды және бөлек жерленеді;

Оң жақта отырып екіқабат болған кыз қалыңсыз беріледі;

 Некесіз бала туған әйелге құрмет көрсетілмейді;

Карабет болған қыздың бұрымы кесіліп, масқараланатын болған;

Некесіз туған бала - арамза, мезгілсіз туған төл - арамза;

Малдың өрісін, жусауын бұзғанға айып тағылады.

Тәртіпсіз шәкіртке дүре соғылады;

Еңбегі үшін әркім ақы сұрауға хақылы. Бірақ асарда, үмеде ақы сұрауға болмайды;

Өртке, апатқа ұшыраған отбасына ауыл, көрші-қолаң көмек (ақшалай, заттай, малдай) беруге міндетті:

Еркекке кынсыз, пышақсыз, бәкісіз жүруге болмайды:

Соғысқа жалғыз жігіт алынбайды, екеу болса - біреуі. бесеу болса - үшеуі, сегіз болса, бесеуі соғысқа (сарбаздыкка) алынады;

Жиенге сот жоқ;

Күйеуі қайтыс болса, әйелі бір жылға дейін тұрмысқа шыкпайды;

Әйелі қайтыс болса, ер адамға оның жылын күтпей үйленуіне рұқсат беріледі;

Жесір әйел «ерден кетсе де, елден кетпейді», күйеуінің ағасы немесе інісіне тұрмысқа шығуға тиіс. Егер әйел басқа біреуге кететін болса, бұл «жесір дауы» заңымен шешіледі;

Қалыңдық абыройсыз болса және ол дәлелденсе, күйеу жағы қалыңмалын қайтарып алады;

Ұрын келіп жүрген күйеу кейін қалыңдығын абыройсыз деп тапса, оның бұл сөзі қабылданбайды.

Отанын, елін, дінін сатқандарды, дұшпанға жәрдемдескендерді ат құйрығына байлап, азаптап өлтіретін де заң бар;

Елге масқара болғанның, опасыздың, ұрының үйін ауылдан бөлек қондырған;

Бір кісінің екі қызын қатар алуға (үйленуге) болмайды;

Дала заңы бойынша ерлі-зайыптылар ажырасқанда балалар әкесінде қалады;

Дін салты бойынша еркек төрт әйел ала алады;

Еркектің белсіздігі анықталса, әйелдің айырылысуға қақысы бар;

Әйел бала тумаса, ері айырылысады және зәбірлемей, төркініне еншісін беріп, апарып салады;

Өлі туған балаға ат қойылмайды, намаз шығармайды:

Ант бұзғанға айып бар;

«Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа»;

«Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды»

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?