Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Еуразия Ұлттық университетінде тарих факультеті ашылды

1682
Гуманитарлық бағытта сапалы кадр даярлау арқылы ғылыми әлеуетті арттыруға болады. Осы мақсатта Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде тарих факультеті ашылды.

 Гуманитарлық бағытта сапалы кадр даярлау арқылы ғылыми әлеуетті арттыруға болады. Бұл қазіргі білім саясатындағы негізгі ұстаным. Осы мақсатта Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде тарих факультеті ашылды.

 Факультетте евразиялық зерттеулер, археология және этнология кафедрлары топтастырылған. Университет басшылығы білім, мұрағаттану және мұражайтану мамандықтарын ашуға ниетті. Жаңа факультет ертең өтетін Халықаралық евразиялық ғылыми форум қарсаңында ашылып отыр.

Ерлан Сыдықов, Еуразия Ұлттық университетінің ректоры:

Ең бастысы жас кадрларды  тарих мамандығына баулу, тарихты зерттеуге жұмылдыру. Кешенді жұмыс жасайтын ғылыми-әдістемелік орталық болады деген сенімдеміз.

Дерек көзі: kaztrk.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?