Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

В.Шулика: Көшпенділердің алғашқы баспаналарының суреттері жартастарда бейнеленген

2150
В.Шулика: Көшпенділердің алғашқы баспаналарының суреттері жартастарда бейнеленген - e-history.kz
Көшпенділердің алғашқы баспаналарының суретін осы жартастағы бейнелерден көре аламыз.

Біздің елдеріміз тату көршілер, жақын одақтастар және түрлі салаларда, оның ішінде ғылым, мәдениет, білім және т.б. салаларда ынтымақтастық орнатылған, деді бүгінгі ОКҚ баспасөз мәслихатында тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандағы «Россотрудничество» өкілдігінің басшысы Виктор Шулика.

«Шежіре» қазіргі заман өнері галереясымен біз көп жылдар бірге жұмыс істеп келеміз және осы ынтымақтастықтың нәтижесінде Ресей мәдениет орталығында «Хакасия мен Алтайдың жартастағы бейнелеу өнері» деген атаумен көрме өткізу идеясы туындады. Көрменің атауының өзі айрықша, адамдар ол қандай өнер екенін білуге итермелейді. Көшпенділердің алғашқы баспаналарының суретін осы жартастағы бейнелерден көре аламыз. Көрмеде сонымен қатар қолмен ұстап, көзбен көріп, сол дәуірдің тіршілігімен танысуға мүмкіндік беретін көптеген тарихи, бірегей жәдігерлер бар», деп түйіндеді ғалым өз сөзін.

Дерек көз: ortcom.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?