Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанда Ұлттық географиялық қоғам құрылды

2872
Қазақстанда Ұлттық географиялық қоғам құрылды - e-history.kz
Бүгін «Назарбаев» университетінде Қазақстанның Ұлттық географиялық қоғамының құрылғандығы ресми жария етілді.

Бүгін «Назарбаев» университетінде Қазақстанның Ұлттық географиялық қоғамының құрылғандығы ресми жария етілді.

«Осы залда бұл қоғамның тағдырына бей-жай қарамайтын адамдар жиналып отыр. Менің ойымша, біздер бүгіннен бастап бірлесіп, қоғамның даму міндеттерін тек қана ел ішінде ғана емес, сонымен бірге басқа да елдердің географиялық қоғамдастықтарымен қатар шешуге күш-жүгерімізді жұмсай аламыз деп ойлаймын», - деді аталған қоғамның ашылуына арналған бірінші съезд барысында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімов.

Айта кетейік, Қазақстанның Ұлттық географиялық қоғамының басты мақсаты - ғылыми қызметтерді дамытуға әрі бұл саладағы білімді таратуға жәрдемдесу, елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайту, оның Тұрақты дамуы мен жасыл экономикаға көшуіне қол ұшын беру болмақ.

Дерек көз: inform.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?