Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ақмолалықтар Абылай ханның 300 жылдығын тойлады

2373
Ақмолалықтар Абылай ханның 300 жылдығын тойлады - e-history.kz
Екі күннен бері Алаш жұртының назары арқа төсіндегі Абылай тойында. Тау тұлғаның тарихи асы бүгін театрланған сахналық көрініспен басталды.

Екі күннен бері Алаш жұртының назары арқа төсіндегі Абылай тойында.

Тау тұлғаның тарихи асы бүгін театрланған сахналық көрініспен басталды. Онда қалмақ батыры Шарышты жекпе-жекте жеңген жас Абылайдың бейнесі сомдалды. Ал аламан бәйге мен түрлі спорттық ойындар той мәртебесін тағы бір белеске көтерді. Жасында Төлебидің түйесін баққан, Абылайлап жауға шапқан, қалмақ батыры Шарышқа садақ тартқан, ақыры үш жүздің басын қосқан. Мұның барлығы – Абылай бейнесі. Бүгінгі сахналық көріністен Әбілмансұр сұлтанның ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен ғана емес, сонымен қатар қол бастаған баһадүр, сардар болғанын байқауға болады. Бұл – Қазақ жеріне ат ойнатқан қалмақты қанжығасына байлап абыройы артқан Абылайдың алғашқы жеңісі.

Нөсерлеп жауған жауынға қарамастан сахналық көрініске қатысушылар берілген міндетті абыроймен атқарып шықты. Қазақ сахарасының «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңі суреттеліп, ел басындағы нәубет бейнеленді. Қойылымның шарықтау шегі боз биенің сүтіне шомылып, ақ киізге көтерілген хан Абылайдың асқақ тұлғасымен аяқталды.

Аламан бәйге, көкпар, теңге ілу мен аударыспақ сынды ұлттық ойындар той ажарын аша түсті. Байтақ қазақ елінің әр түкпірінен келген сайыпқыран спортшылар хан тойына өз үлестерін қосты. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші 6 ай күткен Абылай асы да аттың шабысындай дүрсүлдеп өте шықты. Алайда артында талай жыл айтып жүретін ұлтқа үлгі, ұрпаққа аманат өнегелі сөз қалды.

Дерек көз: 24.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?