Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Абылай хан және оның тарихи дәуiрi» көрмесi ашылды

2387
«Абылай хан және оның тарихи дәуiрi» көрмесi ашылды  - e-history.kz
Абылай хан және оның тарихи дәуiрi» атты көрмеде «Ғылым ордасы» ғылыми кiтапханасының сирек кездесетiн кiтаптары мен жазба деректерi қойылған және бұл құндылықтардың барлығы Алматыдан әкелiнген.

«Көкшетау» мәдениет үйiнде «Абылай хан және оның тарихи дәуiрi» көрмесi ашылды, деп хабарлайды  BNews.kz тiлшiсi. 

«Абылай хан және оның тарихи дәуiрi» атты көрмеде «Ғылым ордасы» ғылыми кiтапханасының сирек кездесетiн кiтаптары мен жазба деректерi қойылған және бұл құндылықтардың барлығы Алматыдан әкелiнген. Өте ерекше коллекция. Мұнда сирек кездесетiн 50 шақты қолжазба мен шамамен 40 материал назарға ұсынылған. Мұнда 765-67 жылдары Абылай ханның генерал-губернатор Шпрингерге жазған хатының түпнұсқасы қойылды. Мұнда Абылай қол қойған. Хатта Қоқан шекарасының мселесi қозғалған. Сондай-ақ, губернатор Чечеринмен арадағы хаты да бар», - дедi «Ғылым ордасы» ғылыми кiтапханасының меңгерушiсi Қарлығаш Қаймақбаева. 

Оның айтуынша, көрмеге Мұхаммед Пайғамбардан басталып, Абылай ханмен аяқталатын «Хандар шежiресi» де қойылған. 

«Бұл түпнұсқа. Шамамен XVIII ғасырға сәйкес келедi. Мұның электронды нұсқасы да бар, бiрақ бiз көрмеге түпнұсқа алып келудi жөн көрдiк. Бұл сирек материал. Жалпы, кiтап көрмесiнде 300-ден астам материал қойылды, - дедi кiтапхана меңгерушiсi.

Дерек көз: bnews.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?