Бүгiн, 5 қазанда Көкшетау қаласында саналы ғұмырын қазақ халқының бiрлiгi үшiн күрес жолына арнаған дарынды қолбасшы, саяси қайраткер Абылай ханның 300 жылдығын атап өтуге арналған мерекелiк шаралар басталды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
Ұлы хан Абылайдың 300 жылдығына арналған мәдени шаралардың мақсаты – ұлы
тұлғаның тек батырлық, қолбасшылық, саясаткерлiк қырын ғана ашып қоймай,
сонымен қатар, көрші мемлекеттермен сауда-саттық байланысты нығайтудағы
көрегендiгiн, дәулескер күйшiлiгiн, шығыс, шетел тiлдерiн жетiк меңгерген
шешендiгiн, XVIII ғасырдың iрi тұлғасына айналған ханның адами болмысын, шынайы
тұлғасын, сан қырлылығын жас ұрпаққа насихаттау болып табылады.
Айтулы датаның құрметiне орай бүгiн Көкшетау қаласы, Зерендi, Бурабай, Сандықтау
аудандарының ауыл шаруашылық жәрмеңкесi өттi.
Сондай-ақ, бүгiн «Абылай хан» алаңында бiрегей тұлғаның ескерткiшiне гүл қою
рәсiмi өтедi.