«Қазақстан» РТРК» АҚ-тың облыстық бөлімшесінің бұл жобасына облыс әкімдігі қолдау білдірген.
Атырауда Ұлы Жібек жолының бойымен өңірдегі тарихи-мәдени мұраларға саяхат жасауды мақсат еткен «Хазардан қазаққа дейін...» экспедициясы жұмысын бастады. «Қазақстан» РТРК» АҚ-тың облыстық бөлімшесінің бұл жобасына облыс әкімдігі қолдау білдірген. Бугінгі таңда аймақта 313 тарихи-мәдени ескерткіш, 525 мәдени нысан бар. Өлкетанушы, археолог, тарихшы, журналистердің қатысуымен өтетін экспедиция барысында тарихты зерттеу-зерделеу мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жасалатын болады.
Түпнұсқа: "Алаш айнасы" газеті