Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тана мырза Тілемісұлының 210 жылдығы атап өтілді.

2060
Тана мырза Тілемісұлының 210 жылдығы атап өтілді.  - e-history.kz
Елбасының «Қазақстан – 2050» cтратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында Қазақстан тарихын ғылыми танудың жаңа жолдарын іздестіру мәселесі күн тәртібіне қойылды.

Елбасының «Қазақстан – 2050» cтратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында Қазақстан тарихын ғылыми танудың жаңа жолдарын іздестіру мәселесі күн тәртібіне қойылды. Бұл жөнінде Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің жетекшілігімен ұлтымыздың тарихын зерделеу жөнінде отырыс та өткізіліп, алда атқарылар міндеттер де белгіленді. Осы ұлттық тарихымызды нақтылау, дамыту тарихқа қатысы бар адамдар арасында серпіліс туғызғаны анық.

Тамыздың 20 жұлдызында аудандық мәдениет үйінде қазақ халқының тарихында айтулы орны бар тұлғалардың бірі, қазақ тың игі жақсысы Тана мырза Тілемісұлының 210 жылдығына арналған «Тарихи тұлға – Тана мырза» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті. Конференцияға аудан басшылығы, өлкетанушылар, этнограф-ғалымдар, тарихшылар қатысты.

Конференцияда Тана мырзаның өлке тарихындағы орны, тарихымызды танудағы бүгінгі міндеттер туралы аудан әкімінің орынбасары С.Жақаев айтып өтті. «Тана мырза және оның заманы» тақырыбында Мәдениет қайраткері, жазушы, тарихшы, «Тана мырза» кітабының авторы

А.Сапышев, «Тана мырзаның дін саласындағы ағартушылық қызметі» туралы этнограф-ғалым, Шәкәрім атындағы Семей университетінің доценті М.Мұхамадиұлы, «Тана мырзаның шешендік сөздері» туралы Тана мырза атындағы мектептің директоры, тарихшы Т.Салқынбаев баян дама

жасады. Сонымен қатар Қазақ Ұлттық академиясының құрметті профессоры, ғалым М.Ағзамов, журналист М.Оралов, К.Нұрбаев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.Н.Төленбаев, жергілікті өлкетанушы Қ.Ілиясов, «қазақтың мырзасы» атанған Тана Тілемісұлының сол замандағы тап күресінің бел ортасында жүріп, халқының болашағы үшін төккен тері, отаршылдыққа қарсы күресі, елді жарық жолға, ілім-білімге жетелеудегі қайраткерлігі, шешендігі, тапқырлығы, даналығы хақында тарихи шындықтарды әңгімеледі. Елдің тарихи санасын оятып,жас ұрпаққа өткен дәуірлердегі өлке тарихында орны бар тұлғалар туралы таным-түсінікті арттыратын осындай игі шара қатысқандарға ой салды. 

Конференция соңы Тана мырзаның  210 жылдығы құрметіне арналған өскеменнен Еркін Қуаныш, Саягүл Бірлесбек, Семейден Жасұлан Мақаев, Тарбағатайдан Нұржан Өмірбаев сынды жас ақындар қатысқан айтысқа ұласты. Аудан өнерпаздары, семейлік Т.Рахимов, Абай атындағы музыкалы сазды театрының актері, әншісі М.Сыдықовтар ән шашуын ұсынды. 

Белгілі ақын Серік Құсанбаев бастаған әділқазылар алқасы оза шапқан Н.Өмірбаевқа 1-орын, С.Бірлесбекке 2-орын, екі 3-орынды Ж.Мақаев пен Е.Қуанышқа берді. Ұрпақтары ел тұлғасы Тана мырзаға арнап қатым түсіріп, ас берді. Осы алқалы жиын, айтулы шараға Қазақстанның еңбегі сіңген жаттықтырушысы, ғалым, профессор М.Ағзамов, зейнеткерлер Т.Сапақызы, 4.4псалямов, Семей спорт кол леджінің директоры, спорт ардагері С.Тоқтарғазин, запастағы подполковник Б.Байдалиндер демеуші болып, азаматтық жасады.

Түпнүсқа: "Айқын" газетінен.
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?