Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Уақыт өзгереді – Қазақстанға қайтатын кез келеді

1680
Уақыт өзгереді – Қазақстанға қайтатын кез келеді  - e-history.kz
NDH порталы алыс-жақын шетелдегі қазақтардың өмірін үнемі назарда ұстайды, сондай-ақ «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмін түсіргені белгілі. Ресей қазағы Көкен Рақымқызы өмір жолы жайлы сыр шертеді

Менің жасым 90-да. 4 жасымда Қазақстаннан қашып шықтық. Əке-шешем білімді кісілер еді. Бірақта, орысша тіл білмегесін малшы болды. Көшіп-қонып жүрдік. Көрмегеніміз жоқ.

1944 жылы үйлендік. Қайынатам молла болған, репрессиядан қашып шыққан кісі. Ана дүниеге қайтқанша қорқып-үркіп жүрсе де, бір күн намазын тастаған жоқ. Алып шыққан жалғыз Құранын мұра ретінде маған тастап кетті. «Уақыт өзгереді – Қазақстанға қайтатын кез келеді» деуші еді жарықтық.

Мен əкемнің берген тəрбиесімен ән-жыр айтам, өлең жазам. «Құралай», «Қарға», «Келден батыр», «Ләйлі-Мəжнүн», «Айман-Шолпан», «Еңлік-Кебек» т.б. көп қиссаларды жатқа білем. 

Жолдасым Ахметжан Омарұлы екеуіміз 11 баланың ата-анасы болдық. Оқыттық, үйлендірдік, қазақтың бар салт-дəстүрлерін жасынан қанына сіңдіріп үйреттік.

«Ресейде қайда барсаң, шошқаның еті» деп қызым Лəззат Целиноград медициналық институтқа оқуға түсті. Қазір медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер, педиатор Л.А. Рамазанова болып қызмет етіп жүр.

Сосын ең кенже балам Астанаға көшті. Соңынан немерелерім оқуға түсіп, жұмыс істеп, Астанада тұрып жатыр. Қалған балаларым Ресейде, Түмен облысының Ишим деген қаласында.

Шетелде жүріп, мəдениетін ұмытпасын деп балаларға көмектесіп, қазақ ұйымының орталығын аштық. Жəмилə деген қызым басқарады. Мен екі мемлекеттің тату-тəтті болғанының арқасында ары-бері жиі қатынап тұрамын. 

Топырақ Қазақстаннан бұйырсын деп тілеймін. Өсиет қылып балаларыма айттым. Жағдайлары болса, мүмкіндік болса балаларымның бəрі Қазақстанға көшсе, шіркін! Қазақстанда тілін, дінін, мəдениетін, əдебиетін, ғұрпын ұмытпайды, дамытады деп сенемін. 

Көкен ОМАРОВА

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?