Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сыр елінің 4 астанасы

2208
Сыр елінің 4 астанасы - e-history.kz
Қызылорда облысы – тарихы бай өлке, бұл жерде данышпан Қорқыт Ата өзінің мәңгілік мекенін тапса, осы жерден алғашқы ғарышкер Ю. Гагарин Ғаламды бағындыруға аттанды

Есте жоқ ерте замандардан бері Сырдария – көшпелі өркениеттің бесігі болды. Су күретамыры - тіршілік көзі болды. Өзенге деген құрметтерін көрсете отырып, жергілікті халық өз жерін «Сыр жері» атап кеткен. Өзеннің салалары өте көп. Солардың бірі – Жаңадария, оның жағасында  б.з.д. IV-II ғғ. Шірік-рабат қалашығы орналасты.  

Шірік-Рабат

Қорғанның биіктігі 4 метрге жуық мықты дуалдары мен ор қалашықтың тұрғындарын дұшпандарынан қорғаған. Археологиялық зерттеулер, бастапқыда қалашықтың жолаушылар үшін уақытша түсетін жер болғанын көрсетеді, бірақ уақыт өте келе қалашық өркен жайып, өсіп, берік қамалға айналды. Шірік-рабат қалашығы арқылыкеруен жолы өтіп, қала кейіннен сақ тайпаларының ордасы болды. Осы жерден табылған артефактілер, ғимараттарды салу және бекіту тәсілдері осы туралы нық сеніммен айтады. 

Қаланың берік дуалдары сақтарды жаулардың шапқыншылығынан қорғағанымен, табиғат күшіне төтеп бере алмады. «Өзендер ауысуы» сияқты табиғи құбылыс Жаңадарияның саласы суының тартылуына әкеліп, шірікрабаттықтарды басқа жайлы өлкелерге қоныстануға мәжбүрледі.

Тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тәжікеевтің және басқа тарихшылардың пікірінше, Жетіасар мен Жанкент қалашықтарының негізін қалағандар осы Шірік-рабат тұрғындары болды және Шірік-рабат пен Жетіасар мәдениетін тудырды. 

Мыңжылдар өтсе де берік дуалдар бұрынғы өткен айбынын еске салып, сайын дала төсінде тұр, ал су тасқыны кезінде Сырдарияның суы «ескі әдетінше» Жаңадарияның саласымен аға отырып, қалаға жан бітіруге тырысқандай Шірік-рабаттың қабырғасына ағып келеді.  

Жанкент

Он ғасырдан астам уақыт өтті. Арабтың жазба дереккөздерінде оғыздардың астанасы, түрік жазбаларында Янгикент атауымен белгілі - Әл-Карьят қаласы туралы жиі айтылады. Жергілікті халық – Жанкент деп атайды.

Жанкент қалашығы X-XV ғғ. өмір сүрді.  Ол географиялық тұрғыдан ыңғайлы жерде, Орта Азияның ірі диқаншылық алқабы – Хорезм мен Мәуереннахрдың түйіскен жерінде орналасты. Орта Азияның барлық сауда керуендері жетуге асыққан ірі сауда-саттық орталығына айналып, қалашық кеңейе бастады.

Жартылай дөңгелек мұнаралы 8 метрге дейін жететін берік дуалдары қаланы қоғап тұрды, қаланың цитаделінің көлемі 120х120 метрді құрады. Бірақ «моңғол шапқыншылығы» деген атпен белгілі қатты дауыл тарих барысын өзгертіп жіберді. XIII ғасырда Шыңғыс ханның үлкен ұлы – Жошы  қаланы қоршап алды. Көп уақыт қоршаудан соң тұрғындардың қиын қадамға баруына – қаланы жау қолына беруіне тура келді. Бұл қадам, бүгін біз көре алу үшін, қаланы бұзылудан сақтады.  

Жанкент қаласының тарихы П. Лерхтың 1867 жылғы зерттеулерінің арқасында белгілі болды. С. Толстовтың хорезмдік экспедициялық корпусы Сырдария өзенінің арнасында орналасқан қалаларды зерттеуді бастаған уақыттан бастап, 1946 жылы, ғылыми зерттеулердің жаңа кезеңі басталды ол Жанкентті және оның жанында орналасқан қалаларды «батпақты қалалар» терминіне біріктірді. Ол кезде қаланың қалдығын қамыс қабырғалар қорғап тұрды. Аңыз бойынша данышпан Қорқыт ата дәл осы жерде дүниеге келіп, «Жерұйықты» іздеуді осы жерден бастаған. 

Сығанақ

Ілияс Есенберлиннің өлмес туындысы – «Көшпенділер» романын оқысаңыз, кітапта келтірілетін оқиғалардың жартысынан көбі Сығанақ қаласында немесе соның жанында өрбитіндігін байқайсыз. Сығанақ – қазақ халқының жауынгерлік абыройының қаласы. Ол  XII-XIV ғасырларда қыпшақтардың астанасы және XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығының ордасы болды. Қаланың бекініс қорғанының биіктігі 7 метрге дейін, аңыз бойынша тіпті Шыңғыс ханның бекіністі ататын зеңбіректері де оны жеңе алмапты.

Жазба деректерде және халық жадында Сығанақ – шығыстан батысқа қарай үзілмей ағылып жатқан, базардың таңғаларлық жаңа тауарларына толы сауда керуендерінің қаласы ретінде белгілі. Қаланың түбіне жеткен де – ыңғайлы орналысымы. Темір мен Шыңғыс хан ұрпақтары қала үшін тоқтаусыз соғыс жүргізіп отырды, «Ақтабан шұбырынды» жылдары қаланы басып алған жоңғарлар, оның тас-талқанын шығарды.

Бүгінде Қызылорда облысының Шиелі ауданының аумағынан өтіп бара жатқан жолаушылар қаланың бұзылған болса да, бұрынғысындай заңғар дуалдарын көре алады.

Ақмешіт

Ғасырлар өтіп, «Ақтабан шұбырындыдан» кейін халық есін жиып, етек-жеңін түре бастады, бұл жолы да Сырдария жаңа астананың тіршілік көзіне айналды.

1817 жылы қоқандтық Омар хан Сырдарияның оң жағалауында, Шірік-рабат заманынан бері керуен жолы бар аумақта, бекініс салуды бұйырды. Сәулетшілер іске асқан шығармашылықпен кірісіп, ақ тастан мешітке ұқсас қала тұрғызады.  

Қоқандтықтар мен хиуалықтардың үнемі өсіп отырған салықтары мен тонаулары жергілікті қазақтарды Ресей империясынан көмек пен қорғаныс сұрауға мәжбүр етті. 1853 жылы генерал Перовский бастаған корпус бекініске басып кіреді. Ресей империясының бір бөлігі болған бекініс, форт Перовс атауын алып, бұлжымай өсіп, нығая бастады.

1862 жылы Перовск қала мәртебесіне ие болып, содан соң Сырдария округінің әкімшілік орталығына айналады.  Әлі күнге дейін қаланың сәні болып тұрған кейбір ғимараттар сол кезде салынған.  

1905 жылы Орынбор-Ташкент теміржолы қолданысқа берілгеннен кейін қалада вокзал мен депо салынады, олар бүгінгі күнге дейін қонақтарды қарсы алып тұр.  

1917 жылы қаладағы және бұрынғы империядағы  билікті большевиктер басып алады. Қалаға Ақмешіт атауын қайтарып береді. Бірақ көп кешікпей, 1925 жылы оны Қызыл Орда (Қызыл астана) деп өзгертіп, қала Қазақ АКСР-нің астанасына айналады. 4 жыл ғана болса да, бұл – қазақ халқының Тәуелсіздік туралы ғасырлар бойғы арманына жақындауының символы болады.

Кеңестік дәуірде қала – индустриалды қала болды, бүкіл Кеңестер одағына белгілі ЦКЗ (целлюлоза-картон зауыты) мен аяқ-киім фабрикасы осы қалада орналасты. Осы жерде күріш және мұнай өнеркәсібі қанат жайды.

Қазір қала жаңа серпінмен өсіп келеді, құрылыс қарқыны бойынша Елордамыз Астанадан қалысар емес. 2014 жылдан бері Сырдария өзенінің орнына, қала жерасты су көздерін пайдаланып отыр, ал жылуды ілеспе газдан алады. Өзен арқылы екі көпір салынған, сол жақ – қаланың тарихи өлкесінің құрылысы басталды.

Өңір басшысы Қырымбек Көшербаевтың және сәулетшілердің жоспары бойынша қала көне қаланы еске салатын болады, яғни заманауи ғимараттар ортағасырлық шығыс қаласының стилінде болады. 

Суы мол Сырдария өзені осыдан мың жылдар бұрынғыдай тіршілік сыйлап, дамуға қарқын беруде. Оның жағасында жаңа қалалар салынып, бұрынғы болған көне қалалардың тарихын сақтауда. Бәлкім, Қорқыт атаныкы жөн де шығар, бұл жерде шынында да ерекше бірдеңе бар болар... 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?