Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақтың байырғы дәстүрлері. Қалыңмал

3554
Қазақтың байырғы дәстүрлері. Қалыңмал - e-history.kz
Қалың мал қалындық әкесінің талаптарына қарай малдың түлігі мен санының әртүрлі ара қатынастарында беріледі
Қалың мал беру 1.Қалыңмал мынадай бөлімдерден тұрады: 

а) Бас жақсы - түзу мылтық, берік сауыт, қашса құтылатын, қуса жететін бір сәйгүлік, малдағы артық бір түйе немесе олардың орнына 20 жылқы береді. 

ә) Қарамал - қалыңмалдың ең өзекті бөлімі.”47” осы қара мал есебіне енеді.”47”-нің ішіне- жанама жақсы, жеке ту бие, төс ат кіреді, сол есеппен аяқтымалдың саны әр жастағы малдан 33. Орташа қалың мал ”37” осы тәртіппен санағанда қара мал есебімен 26. Қалың малдың құрамы орташа есеппен; 1. Бас жақсы-10 жылқы: 2. құлынды бие; /16 бас/ ; 3. құнан-құнажын;7 бас ; 4. тай-7 бас; 5. жеке ту бие; 6. жанама жақсы- 1 таңдамалы жылқы не туйе; 7. аяқ жақсы-4 бас жылқы. Барлығы 47 бас. Ірі қара саны бір 20-дан бес 20-ға дейін барады. 

б) Ілу- қызын тәрбиелегені үшін ұрын барғанда берілетін кәде ертеде- бір тоғыз, кейінде-қара малмен орайлас қымбат зат. Ілуді қыздың неше анасы болса сонша береді, яғни көп әйелі бар отбасынан қыз алсаң сол әйелдердің бәріне ілу арнау керек. Мысал: «Қаракесектен шыққан Қожан тентек: «Қара шорыңмын, Құдайдан да зорыңмын» дейді екен. Он жеті қатын алған, «отыз ұлды Қожан» атанған. «Ілуінен» қашып ешкім қызын айттыра алмай, қызының алды қырыққа келген. Қырық қызды күйеу алмай отырып қалыпты. «Ілу» деген түйе бастаған тоғыз, мұның бір қызына күйеу болғанға қалың малдан бөлек, қатын басына бір тоғыз «ілу» керек. Бір қатыны айтыпты: -Ұлы жиын бір аста жар шақырыңыз: «Менің қызымды алатұғының өз шешесінен басқаға ілу қылушы болмаңдар !»-деген соң, бір жұртта он төрт қыз ұзатылған» . 

в) Той малы- қыз ұзату тойына сойысқа апаратын мал, жыртыс және қалыңдық жасауының шығыны.Бұл 20-дан 70 бас жылқыға дейін. Жігіт жағынан отаудың кигізі түгел. 

г) Сүт ақы- қалыңдықтың анасына беріледі-1-7 түйе. 

д) Босағаға байлау қыз әкесінің босағасына төленетін ақы - 1-2 түйе, жылқы. 2. Қалыңмалдың көлемі 57-47-37-27-17-7 болып кішірейе береді. Ең кіші қалың “дөңгелек” - 7-10 бас ірі мал. Ең ірі қалың қара мал шектелмейді, мөлшері 57, 67, 77 жылқыға дейін. Қалың мал мөлшері байларда 100-ге дейін, тіпті 500 жылқыға дейін көтеріледі. 3. Қалың мал мөлшеріне сәйкес оның құрамы малдың түрлі қасиеттеріне, жынысына, жасына, қоңына, қысырлығына т.б байланысты анықталады. Қалың мал қалындық әкесінің талаптарына қарай малдың түлігі мен санының әртүрлі ара қатынастарында беріледі. 4. Қалыңмалға қыздың әкесінің ғана иелік етуге хақы бар. 5. Егер қыздың әкесі қайтыс болса, берілген қалың малға иелік ету тек қыздың аға-інісі, немесе әкесінің туыстарының ішіндегі ең жақын ер адамға рұқсат етіледі. 6. Егер қалыңдық жігіттен бұрын төсек көрген болып шықса, жігіт жағы қалың малына қоса бір тоғыз айып талап етуге хақылы қайын атасының отау алдына күйеуге деген атын пышақтап, шапанын дар айырып кетеді. 7.Қалыңдық төсек көрген болып шықса іс билердің үкіміне түсер болса, сол іске кінәліден қыз әкесінің пайдасына тоғыз даулауға хақы бар.

Жамбыл Артықбаев, тарихшы-этнограф

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?