Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Павлодар тарихының куәгері – Потанин музейі

3358
Павлодар тарихының куәгері – Потанин музейі - e-history.kz
1942 жылы құрылған Павлодар тарихынан сыр шертетін Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі. Музейдің негізін қалаған фотограф, өлкетанушы Д.П.Богаев

Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі «Қазақстанды зерттеу қоғамының» облыстық бөлімшесі негізінде 1942 жылы құрылған. 1959 жылы оған саяхатшы, Орта Азияны зерттеуші Г.Н.Потаниннің аты берілді. Музейдің негізін қалаған фотограф, өлкетанушы Д.П.Богаев. Музей экспозициясы өлкенің тарихы мен мәдениетін ашатын 10 залда орналасқан. Ғылыми кітапхана, үш филиал: Д.П.Богаевтың мұражай-үйі, М.Шамсутдинова атындағы ән өнер шығармашылығы музейі және Әскери Даңқ музейі бар. 

 Музейде 70 мыңнан астам экспонаттар бар оның негізін археологиялық,палеонтологиялық, этнографиялық,нумизматикалық, фотосуреттік топтамалар және құжаттар жаратылыстану-ғылыми, өндірістік заттар мен қару-жарақтар құрайды. 

7629d22814cbcc95236cd68b0b75fd61.jpg

Музей экспозициясы өлкенің ежелгі тарихын баяндайтын палеонтология залынан басталады. Көптеген экспонаттар бұдан 150 млн. жыл бұрын облыс аймағын алып жатқан қалың лепидодендрон ормандары мен папоротниктер, ал 70 млн.жыл бұрын толқындаған теңіздер болғаны жайында баяндайды. Африка саванналары тәріздес далаға айналған жерлерде үш тұяқты гиппарион жылқылары жайылып жүрген, ал кейінірек мұз дәуірі кезеңінде олардың орнын мамонттар мен үлкен мүйізді бұғылар басқан. 

cc33edb71b99dd9a77229c2dc7889462.jpg

Павлодар қаласының аумағында бүкіл әлемге белгілі бірегей палеонтологиялық ескерткіші «Қаз қонақ» орналасқан. 1928-1930 жж палеонтолог Ю.А.Орлов жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде неоген кезеңіне жататын ежелгі жануарлардың көптеген сүйектері табылған. Ертіс өзенінің жағасында табылған үлкен мүйізді бұғының қаңқасы музейдің мақтанышы болып табылады. 

 Шамамен бұдан 1,5 млн.жыл бұрын Ертістің Павлодар өңірін ежелгі адамдар мекендей бастады. Тас еңбек құралдарының даму эволюциясын алғашқы қауым археология залының тас ғасыры мен қола дәуірі экспозицияларынан көруге болады. 

b6b46637d98244f56efafcd16e0ad92c.jpg

Көшпелі өркениет залы Ертістің Павлодар өңірі тарихының негізгі үш кезеңін қамтиды: ерте темір ғасыры, Қимақ қағанаты және Алтын орда кезеңі. Экспозицияның бір бөлігі хан ордасының көшін бейнелейтін қабырғаға салынған сурет арқылы көрсетілген, ал келесі залдың бір есігі алтын орда кезеңі кесенесінің кіреберісі үлгісінде жасалған. Алтын Орда кезеңіндегі Ертіс өңірінің сәулет өңірінің айбынды ескерткіштері жайында әңгімелеп тұрғандай. 

Қазақ этнографиясы залында көшпелі қазақ тұрмысымен, кәсіпшілігімен, қолөнерімен таныса алады. Ортадағы ақ шаңқан киіз үй – көшпелі тұрмысқа бейімделген ең ыңғайлы баспанасы көрініс тапқан. Одан өзге күміс бұйымдарының коллекциясы жиналған. 

9679faa0a9e98ca46e1ba0ef6256fc82.jpg

Сонымен қатар осы кезеңнің тағы бір аудартатын экспонат – өлкеге белгілі шебер Б.Сағындықовтың ет және қымыз беруге арналған қазақи оюмен өрнектелген ыдыс-аяқтары, А.Есалиновтың ер тоқымы мен тостағандары, Қ.Қасымовтың, Н.Әділбектің музыка аспаптары т.б. 

b195a7a778b0a10561b1b81313202e78.jpg

Келесі зал XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ өмірінен сыр шертеді. Бұл жерде «Абылай ханның ордасы» ерекше назар аудартады. Абылайдың жорық шатырында XVIII ғасырдағы қазақ қоғамына белгілі қайраткерлер, қасиетті Баянауыл жерінде туған- дана Бұқар жырау, Олжабай батырмен бірге көрсетілген. Олжабай мен Жасыбай батыр бастаған қазақ қолдары павлодар өңірін жоңғар басқыншыларынан түпкілікті азат етті. 

4971ed6ec7e54a34e47ece94e5491419.jpg

Белгілі Қазақстандық суретші Н.Ж.Қарымсақовтың «Аруақ ұранымен» картинасы осы оқиғаға арналған. Ұрпақтары музейге сыйға тартқан Малайсары батырдың сауыты одан өзге найза, айбалта, қылыш, садақ шоқпардан тұратын қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары бірегей экспонаттар қатарына жатады. 

ddb248680891c64ca5676b636a011504.jpg

 1867 жылы Қосым Пішенбаевтың таскөмір кен орнын ашуы көмір өндірісі өнеркісібінің дамуына жол ашты. Ол жөнінде ХХ ғасырдың басындағы «Шахтада көмір өндіру» инсталляциясында фотосуреттер мен құжаттар көрсетілген. XVIII ғасырдан бастау алатын қала тарихынан сыр шертетін –тұз өндіру орталығы болғанында баяндайды. 

Д.П.Богаевтың суреттерінде өлке тарихындағы маңызды оқиғалар, қала келбеті мен оның тұрғындары бейнеленген. Бізге Павлодар өңірі сауда орталығы ретінде де белгілі, соған орай «Көпес тұрмысы» залы орын тепкен. Ол жерде түрлі бұйымдар- ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы антиварлиық жиһаз, Венеция айнасы, француз сағаты, америка грам-мофоны, фисгармония – музыка аспабы, белгілі Кузнецов фарфор заводының ыдыс-аяғы музейдің құнды экспонаттары болып саналады. 

Келесі экспозиция залы екі дүниежүзілік соғыс арасындағы дүрбелең кезеңді баяндайды. Бастауын 1917 жылғы екі төңкерістен алатын, Алаш партиясының құрылуы, Азамат соғысы, ұжымдастыру, индустрияландыру, 30-жылдардағы қуғын-сүргін сұрапыл жылдарын фотосуреттер мен құжаттар баяндайды. 

4efe848b4095837a030bc53b6e01eb6b.jpg

 Қиян кесті Ұлы Отан соғысы өңір үшін орны бір бөлек, өңірде барлық күш -жігер «бәрі де майдан үшін, бәрі же жеңіс үшін»- деген ұранмен жұмсалды. Отан қорғау жолындағы тарихи сәтке арнайы бұрыш арналған.

6417861b8cd4d06c554e3a4e211688f5.jpg

Одан 50-жылдардағы тың және тыңайған жерлерді игеру. Бұл кезең ауыл шаруашылығының көтерілуі совхоздар-колхоздардың санының өсуіне, өнеркәсіптің дамуына жол ашты. Аталған кезеңнен хабардар ететін «Алғашқы тың игерушілер тұрмысы» инсталляциясы бар. 

c378bcd7177b4b707447a28ae6b8f2e1.jpg

Қазақстан ғылым академиясының негізін қалаушы Қ.И.Сәтбаев секілді өңірден шыққан даңқты ғалым, әдебиет және мәдениет,қоғам қайраткерлері өмірі мен шығармашылықтарынан сыр шертетін фотосуреттері, олардың ғылыми, әдеби еңбектері, жеке заттары қойылған. 

9b59075fa2ebd4f538ef26610ec6c255.jpg

 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы залы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Респубилкасы мемлекетінің қалыптасу кезеңдерін көрсетеді. Залда Қазақстан тәуелсіздігі жылдарындағы өлкенің даму тарихы, экономикасы, индустриалды өнекәсібі, ауыл шаруашылығы, мәдениеті мен спортының өсу, даму кезеңдерімен таныстырады. 

d596fe2a8fb1bd5c5f645d15453eff30.jpg

Жеделдетілген инновациялық индустриалды даму бағдарламасын іс жүзіне асыруда өңір үлкен табыстарға жетті: Павлодар облысында 169 жоба іске асырылды, оның 15-і республикалық масштабтағы жобалар. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Павлодар облысының ауылдық аймақтарында әлеуметтік-мәдени нысандар қалпына келтірілді және жаңадан ашылды. Экспозияда облыстың жаңа технологиялар мен материалдарға негізделген Қазақстан электролиз заводы, Екібастұз 2-ГРЭС-і, хлор мен каустикалық сода өндіретін завод, KSP Steel ЖШС сияқты өнеркәсіп кәсіпорындары өнімінің үлгілері мен макеттері көрсетілген. 

Фотоға түсірген: Бақытгүл Абайқызы

Әзірлеген: Дәулет ІЗТІЛЕУОВ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?