Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

ҚАЛИ ЖҮСІП МОНШАСЫ 

4010
ҚАЛИ ЖҮСІП МОНШАСЫ  - e-history.kz
Шығыс моншасы – ежелгі қалалардың архитектуралық сәулетін айшықтай түсетін, қала мәдениеті мен тазалығын қамтамасыз еткен орын

Тарихы терең Түркістан, Тараз қалаларында су жүйесі, арна желісі тартылып, орталық, шеткі бөліктерде еңселі монша үйлері салынғаны тарихымыздан белгілі. Сондай көнеден жеткен мәдени орталықтың бірі – Қали Жүсіп моншасы. 

Монша Тараз қаласы Байзақ батыр мен Қазыбек би көшелерінің қиылысындағы тығыз салынған үйлер арасында, қаланың көне орта бөлігінде орналасқан.

28af11fcc64d643eb67c78866935ebc7.jpg

ХХ ғасырдың бас кезіне жататын ортағасырлық сәулет өнерінің үлгісіндегі моншаны Әулиеата қаласының тұрғыны, атымтай жомарт Қали Жүніс 1906 жылы өз қаржысына салдырған. Монша Әулиеата кезеңінің сәулет өнері ескерткіші болып саналады. 1986-ыншы жылы қайта қалпына келтірілген бұл монша бұрын ғылыми әдебиетте жазылып көрсетілмей келген. 

Салтанатты күмбездермен көмкерілген түрлі көлемдегі он бөлме, бір-бірімен иінді өткелдер арқылы жалғасқан. Қабырғаларының қалың болуы, ауа айналымына арналған күмбез ұшындағы саңылаулары, кішілеу келген терезе ойықтары, еден асты жылыту жүйесі, осынау ортағасырлық Шығыс моншасына тән. 

0b10be5bfd66b0937eac1dd6dc1e0867.jpg

Қали Жүніс моншасы өткен ғасырдың 20-ыншы жылдарына дейін жұмыс істегені тарихтан белгілі. Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойы қарсаңында 2002-ыншы жылы моншаға толықтай жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде монша үйінде «Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалар» музейі орналасқан. 

Ақерке РАҚЫМБЕРДІ 

Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?