Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Маң дала, маңғаз дала – Маңғыстау

3991
Маң дала, маңғаз дала – Маңғыстау  - e-history.kz
#Тарихитуризм айдары саяхаттауды жалғастырады. Ендігі тарихи өңір – Маңғыстау. Маңғыстау табиғи және тарихи жерлерімен, археологиялық ескерткіштерімен ерекшеленетін қала

Бұл өңірдің тас дәуірінде адамдар мекен еткен көптеген жерлері киелі деп саналады, өйткені мұнда 362 көріпкел әулие жерленген.

Кенті баба қорымы мен Сұлтан үпі жерасты мешіті. Ақтау қаласынан 150 шақырым қашықтықта, Қаратау тау тізбегінің батыс бөктерінде Самал шатқалы бар. Оған жақын жерде -Шерқала тауы орналасқан.

Көктем мезгілінде Маңғыстаудағы көптеген шатқалдардың бұлақтары суға толып, кейде сарқырамаға айналады. Жазда олардың дені құрғап қалады, алайда Самал шатқалындағы бұлақтар жыл он екі ай бойы тоқтаған емес. Шатқалда долана, тікенді бұта, қамыс, көптеген дәрілік өсімдіктер өседі. Бұл жан жағы тастақты жыныстармен көмкерілген тасты шөлдің орталығындағы алқап. Шерқаланы екінші жағынан Ақмыш бағы қоршап жатыр.

Егер Самал шатқалы табиғи су көздері бар табиғат ескерткіші ретінде қызықты болса, Маңғыстаудағы киелі орындар арасындағы танымал нысандардың бірі Кенті баба қорымы саналады. Бұл ескі қорым X-XVI ғасырларға тән. Ол Шетпе мен Шайыр ауылдарының аралығында орналасқан. Қорымның үш мавзолейі оның басты нысандары болып табылады, оның екеуі бір-біріне жақын орналасқан, үшіншісі қираған. Мавзолейдің ішінде тар өткел мен жоғары көтерілетін баспалдақ бар. Ол жерде шағын алаң орналасқан. Жоғары көтерілгеннен кейін жалғыз тұрып, намаз оқуға болады. Егер қолыңды жайып, тілек тілесең, Алла қабыл етеді деп саналады.

Туристерге Кенті баба дүниеден озған адамдардың «киелі» қаласы ретінде таныстырылады. Кенті бабада 130 мемориалдық ескерткіш бар, олардың негізін қойтастар (кіші үлгідегі құлпытас) құрайды. Мұнда үлкен айқастан кейін қаза тапқан ер адамдар көмілген деген жорамалдар айтылады. Қорымның қабырғасында арқарлар, жылқылар, түйелер, үшбұрыштар (тұмар), өрнектер, сондай-ақ киелі орынды зұлым күштерден сақтайды деген сеніммен адамның жайылған алақаны бейнеленген.

Оқи отырыңыздар: Түркістан – туризм ордасы. II

Кенті бабадан екі шақырым қашықтықта Сұлтан үпі жерасты мешіті орын тепкен. Ол IX-XII ғасырларда салынған. Мешіт Маңғыстаудағы жалғыз жалғалаудағы каньонға жақын орналасқан.

Сұлтан үпінің рухы бас ауруын емдеуге көмектеседі деген сенім бар... Одан әрі Форт-Шевченко қаласына қарай жүрсең, Жығылған елді мекеніне жетесің, ол жерде тастақты жыныстардан шатқалдың әдемі көрінісін тамашалауға болады...

Бекет ата мешіті. Ең атақты ескерткіштердің бірі – Бекет ата мешіті тауда ойып жасалған. Бекет ата мұсылман елінде көріпкел және әулие ретінде танымал. Ол адамдарды емдеген, өзіне келген әлсіздер мен жәбірленушілерге денсаулық пен күш сыйлаған. Дауларда екі жақты ортақ келісімге әкелердей даналық айтқан. Өз уағыздарында Бекет ата шыншыл болуды және жақсылық жасауға насихат еткен.

Бекет ата қорымы тек қана Маңғыстаудың емес, сонымен қатар Қазақстанның да рухани, тарихи және архитектуралық ескерткіші болып табылады.

Шақпақ ата. Ең көп таралған аңыздардың бірі - Шақпақ ата есімімен және жартасты мешіттерге байланысты. «Бірде Шақпақ ата бір ауыл жанынан өтіп бара жатып, күйеуі әйелін ұрып жатқанына еріксіз куәгер болады. Шақпақ ата сорлы әйелдің сөзін сөйлеп, құтқарып алады. Алғыс орнына әйел Шақпақ атаға еріп жүреді. Олар тоқтаған тіршіліксіз жерде жер астынан қайнар бұлақ көздері ашылып, жауын жауа бастаған екен».

Содан бері адамдар сол жерге өз қайғы-қасіретіне ем табу үшін үмітіне ат артып келеді екен. Бұл киелі жерде болмаған және уақыт пен шексіздік белгісі бар тастарды өз қолымен ұстауды армандамаған жан жоқ десеңде болады. 

Шерқала. Маңығыстау облылысының төсінде орналасқан тау түзілісі. Ақтау қаласынан 170 шақырым жердегі Шетпе кентіне жақын орналасқан. Шерқала Сырттай қараған адам оны әр нәрсеге ұқсатып жүр. Кейбіреулер төңкерулі кесеге ұқсатса, енді біреулер таудан кәдімгі киіз үйдің бейнесін көреді. 

Шерқала Қаратаудың орталық және батыс жоталарының ортасында орналасқан тау түзілісі. Әйгілі жібек жолының қызып жатқан кезінде талайларға көлеңке, пана болған деседі. Кейбір аңыздар бойынша, бұрынырақта Шерқаланың төбесінде кішкене қалашық болған. Осы жерде әйгілі суретші Тарас Шевченконың өзі келіп пленер жасапты. Поляк суретшісі  Б. Залесский де осы жердің пейзажын қағазға түсірген.

Әзірлеген Нұрлан НҰРЫШОВ.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?