Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Б. Момышұлы: Ж. Тәшеновты естігенім болмаса, көрген кісі емес

2376
Б. Момышұлы: Ж. Тәшеновты естігенім болмаса, көрген кісі емес  - e-history.kz
Телефон сыңғыр ете қалды. Мен алдым. «Тәшенов жолдас, сізді сағат 12-де қабылдамақ»

Жоғарғы Советтің президумының председателі Ж. Тәшеновты естігенім болмаса, көрген кісі емес.

Верховный советке бардым. Тап мені күтіп отырғандай-ақ, помощнигі алдымнан шығып, ізетпен кезексіз мені тіптен-тіке председательге ендірді.

Кең кабинеттің төрінен алдымнан орта бойлы, тығыншық сары жігіт орнынан тұрып, жеңіл адыммен алдымнан шықты.

Амандастық. «Тақтың» алдындағы столға қарама-қарсы отырдық.

– Бауке, халіңіз қалай? – деген  сұрақтардан сөзін бастады председатель. Мен жауап қаттым.

– Денсаулық қалай?

– Онша мақтанарлық емес... – деп бастай бергенімде ол столдағы бір седеп түймені басты. Помощнигі жетіп келді.

– Немедленно позвоните Ерастову. Чтоб он прикрепил полковника к больнице Совета Министров...

– На Ерастова не жалуюсь...

– Если нужно, пусть его положать в больницу в правительственную палату. Идите.

Оқи отырыңыз: Тірісінде аңызға айналған Жұмабек Тәшенев

Помощнигі кетті. Мен не айтарымды білместен, сасқалақтап:

– Благодарю вас, – деппін.

– Сіз арақ ішесіз бе?

– Ішемін.

– Сізге пиво да ішуге болмайды. Темекі тартасыз ба?

– Тартамын.

– Көп тартасыз ба?

– Көп тартамын.

– Оныңызды қойыңыз. Сіз бізге өте керек адамсыз. Не істеп жүрсіз?

– Жазып жүрмін.

– Не жазып жүрсіз?

– Көрген-білгендер мен өткен-кеткендер. Менің темаларым...

– Ол өте дұрыс екен. Ол да бізге өте керек, – деп бастырмалатып сөзімді аяқтатпады. «Е, бұл кісі асығып отыр екен ғой» деген оймен тілімді тарттым.

Председатель маған Рахымжан Қошқарбаевтың арызын көрсетті.

– Мен сізбен осы жағынан ақылдасайын деп шақырып едім, – деді мен оқып шыққан соң.

– Его лично заявление не служить основанием..

– Қазақша сөйлеңіз.

– Архивтан дәлелдейтін материалдар керек. Оларсыз киліксеңіз, ұялып қалуыңыз мүмкін.

– Бұныңыз өте дұрыс ақыл. Оны қалай табамыз?

– Іздеу керек.

– Сіз іздесеңіз қайтеді?

– Іздейін.

– Қаражатты мен бергізейін.

– Жоқ. Мен қаражат алмаймын.

– Бұныңыз не?

– Таба алмасам ше?

– Жоқ. Сіз табасыз. Сіз таппағанда кім таппақ оны?

– Мен іздестірейін. Тапсам дұрыс, таппасам ешқандай міндеттемені мойныма алғым келмейді.

– Келістік. Сіз іздестіресіз, сіз табасыз.

– Жарайды. Бірақ та мен ақшадан аулақпын.

– Жарайды. Ал енді сіз туралы да көп хаттар бар. Сізді неге Герой Советского Союза емес деп хат жазады менің атыма...

Оқи отырыңыз: Ұлт батыры – Бауыржан

– Это компентенция правительства.

– Мен – үкімет бастығымын.

– Вы всего лишь председатель президума Верховного Совета Республики.

– Я – заместитель Ворошилова.

– Оны мен білемін.

– Сіз менің атыма арыз, өмірбаяныңызды толық етіп жазыңыз. Барлық көрсеткен ерліктеріңізді жазыңыз. Мен ол мәселені Ворошиловтың алдында көтеремін.

– Жоқ. Мен еш нәрсе жазбаймын. Мен туралы жазылғандар аз емес.

– Онда соларды қарастыралық. Оларды қайдан табуға болады?

– Мен ол жағын білмеймін.

Тағы біраз сөйлестік. 

 

Момышұлы Б. Айтылмаған ақиқат. – Алматы: Өнер, 2010. – 98-101-бб.

Фотосуретті әлеуметтік желіге қаламгер Құлтөлеу Мұқаш жариялады.

Көре отырыңыздар: #ТАРИХАҒАЙ №8: Тәшенев пен Хрущевтің айқасы / Ташенов VS Хрущев / Кім жеңеді?

 

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?