Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тарих қойнауындағы Қарақас

2014
Тарих қойнауындағы Қарақас - e-history.kz
2000 жыл ілгерде Қытай деректерінде: 坚昆 (көне қытайша оқылуы: геккүн, жаңаша оқылуы – жиан күн ) Ғұндарға бағынышты болады

Эрамыздың 48 жылы Солтүстік Ғұн тәңірқұты осы геккүн жеріне ауып келеді, әскерімен елімен келіп ірге тебеді. Сондықта бұдан кейінгі геккүн бұрынғы геккүн болмайтыны анық, өйткені құрамы өзгеріске түседі. Ал осыдан 800 жыл өткенде осы кенгүн жерінен Қарағас黠戛斯 (көне қытайша оқылуы: ха га сие, яғни қарғас) деген ел ұлан-байтақ жерді иемденген көшпенділер империясын құрып шығады.

Таң патшалығы тұсында, 840жылы Ұйғұр қағанатын жойған 黠戛斯 Қакас, Қарғас, Қарағас, Қарақас болуы мүмкін, әуелгі атауы қас, яағни Сібір Түріктерінің тілінде «Қаз» деген ұғымды білдіреді, құстың атауынан шыққан.  黠戛斯 атауы Қырғыз деген атауға жуық емес, керісінше Қакас, Қарағас деген сөзге жуықтау. Ал 800 жылдарға дейін оларды 结骨-ке (р) гоу、契骨- хе (р) гоу、纥骨 –хы (р) гоу деп атаған, бұл дыбыстық жақтан Қырғыз дегенге жақын. Сол дәуірдегі Түрік-Ұйғұр бітіктастарындада Қырғыз делінген.

Бұл атауға байланысты «Жаңа Таң тарихыында» былай айтылады: «Чян юань жылдары оларды Ұйғұрлар талқандады, онан Жұңғомен қатынаса алмады, оларды соттүстік тиектер (солтүстіктегі елдер) Қарағас黠戛斯атады, Ұйғұрлар солай дейді» делінген. Бұдан Ұйғұрлар Қырғыздарды талқандағаннан кейін Қырғыздар тайпа одағындағы жетекші орыннан айырылып, олардың орнын «Қас тайпалары одағы» басуы әбден мүмкін.  Тағы да «Жаңа Таң тарихында»: «Бұл солтүстік тиектердің дыбыстауындағы өзгешелік екен десек, Жя Дәннің «Солтүстіктегілер» атты жазбасында黠戛斯 деген елдің аты бар екен, Жя Дәннің солтүстік елдеріне қанық екенін ескере отырып бұл атауды дұрыс деп шештік» делінеді. Қарағас одан бұрын бар атау екенін, бірақ тарих сахнасына шықпаған елеусіз ел екенін, Ұйғұрлар Қырғыздарды жеңіп оларды ыдыратқан соң Қарағастардың бас көтеріп Сібіриядағы күшті тайпалар бірлестігіне айналғанын көруге болады. Демек Қырғыз бен Қарағас көршілес ел, Қырғыз күшейгенде бәрі Қырғыз атанғанда, Қарағас күшейгенде барлығы Қарағас атанған. Қырғыздың сол әлсірегеннен оңтүстікке бармағаны, 1209 жылы Жошыға бағынғанда 10000 түтін ғана болуы осыған байланысты болуы мүмкін.

     Ал олардың шыққан жері Сібірияның Минусинск облысы, бұл облыста әлі қарағастар мекендейді, олар Қарақастар туралы Рашид-ад-Дин деректерінде: «Құрчақұз бұйрық хан қарабалғасын деген жерде (ұйғұр қағанатының ордасы тұрған жер) орда тікті, ол Яқ-Ябақан деген жұртын Гүрхан мен оң ханға берді де қарақас-бүргүс жұртын тай темір тәйші мен иұла нағұсқа берді» дейді.

Бұдан Қарақастардың Шыңғысхан дәуірінде бар ел екенін көреміз.

Қазіргі Хакас ұлтының төрт табының бірі Қарақастар, бұларды Орыс тарихшылары «қашын татар» деп атаған.

Байқалдың солтүстігіндегі Иркутск облысында 800-ден аса қарағас тұрады, оны орыстар тофалар дейді, көне түрікшемен сөйлейді, діні – шаман.

Генетикалық жақтан гаплогруп  N тобына жатады, бұл еуропалық ген болуы әбден мүмкін, финландиялықтар осы генге тән, бұл ген көбірек Түрік ұлттарынан тағы хакастар, тівалар және мүлдем осы ген басым сахалар (якут) бар, бұдан хакас пен қарағастың туысқандығы тағы айқындала түседі. Еуропалық ген болса, Таң деректеріндегі: «Қарағастар (黠戛斯) көккөзді, сары шашты, еңгезердей денелі» дегенге сай келіп тұр.

Бұған қарағанда бұларды Сібіриядан қандай күш қуып әкелді деген ой туады, 350 жылдары орта жазықтықтар орта жазықты басып алған көшпенділерге қарата қырғын жүргізеді, сәнбейлердің қоса қыспаққа алып үстіртті басып алуымен Ғұнның қиян, нүкүз деген таптары Байқалдың шығыс іргесіндегі төрт жағы қия тау, ортасы ойпат болған Ергене қоңға қашып тығылады, арада 450 жыл өткесін барып таудан шығады.

350+450=800-жылдары бұлар Байқалдан өтіп, шығыс Моңғолияға беттеп Бұрқан Қалдұн тауын мекендейді. 500 жылдай тарихқа аты түспеген елдерден Х ғасырда жажырат, ұраңқай, үйсін, қоңырат деген елдер атала бастайды. Сірә, осы тайпалардың келуі ана қарағастардың көбін оңтүстікке беттеткен ұқсайды, содан барып олар Ұйғұр қағанатын аударады, кейінгі Ұйғұр хандығының ордасында орда құрған Кереийтер елінде қарағас жұртының болуы осыдан болса керек, міне қазірге дейін қарағастар қарақас атымен Керейдің белді бір руы болып саналып келеді. Астрахан татарларының бір тобы да қарағаштар, негізі егін егеді, қалаласып кеткен, саны 50 мыңнан асады. Ұйғұрлар арасындада Қарақаш атты аудан бар.

Қарақастың ең көп тобы ежелгі кереймен бірге қазақтардың құрамына енген. Олар Алтай аймағының Көктоғай ауданына шоғырлана қоныстанған. Санжы облысына тұтастай тараған саны ең көп рудың бірі де қарақастар саналады, әсіресе Шонжы ауданында ең көбі қоныстанған. Алтай қаласы, Тарбағатай, Толы ауданы, Құмыл аймағында да едәуір тұрады. Моңғолия мемлекетінде де саны саны мөлшермен  240 мыңнан асады. Атажұртқа ат басын бұрғандар да көп.

Ал татар ұлтындағы 50 мың қарақас батысқа кеткен қарақастар болса керек.

Демек қарағас пен хакастың бір ел болу мүмкіндігі өте күшті, Ұйғұр қағанатын аударып орнына 840-920-жылдарға дейін 70-80 жыл дәурендеген осылар болуы әбден мүмкін, ол заманда Таң империясы әлсіреп кеткендіктен кейінгі көрші елдер туралы жазба алынбаған ұқсайды.

Ал Х ғасырдағы «Құдұд-әл алам»деген кітапта осы қарағас (黠戛斯)  елі туралы мынадай деректер бар:

«Қарғас елі

Шығыста Қытаймен және шығыс теңізбен, оңтүстікте тоғыз оғыздармен, (онда тоғыз оғыз деп Жетісудағы тайпаларды айтқан) батыста қимақтармен шектеседі, солтүстігі адам тұрмайтын өңірлер. Қарағас елінің қиыр жерлерінде адам тұрмайды, бұл өңірлер адамсыз райондар. Өте суық болғандықтан адамдар тіршілік ете алмайды. Қарағас елінде хош иісті заттар, құдам, қалажым және сиыр мүйізінен жасалған пышақ болады. Олардың патшасы «Қарағас қағаны» деп аталады. Бұл қарағастардың мінезі тұрпайы, өңдері сыйықсыз, шаштары сирек. Олармен келісуге амал жоқ, жауыз да қатыгез, бірақ ержүрек, мықты жауынгерлер. Олар төңірегіндегі басқа елдермен соғысады, жауласады. Олардың байлығы: сиыр, қой, түйе. Олар ауа райының өзгерісіне ілесе өзен жағалап көшеді. Олар отқа табынады, өлікті өртейді. Олар киіз үйлерде және шатырларда тұрады, аң аулайды.

1. Қоры. Бір тайпаның аты, қарғастарға тәуелді. Шығыста тұрады, қарғастардың қалған топтарымен аралас отырмайды. Олар адам жейтіндер, жауыз да мейірімсіз. Басқа қарғастар олардың тілін түсінбейді, олар бейне жабайы адам сияқты.

2. Қорының бір жағында камжұт деген қалашық бар, қарағас қағаны сонда тұрады.

3. Күсеми (күштеми), бір қарағас тайпасының аты, олар киіз үйлерін таудың басына тігеді. Аң аулайды, мүйіз тұмсық, тері, хош иісті заттары бар. Олар қарғастарға ұқсамайтын тайпа, тілі қарлықтарға, киінісі қимақтарға ұқсайды.

Қаған тұрған жерден тыс басқа қарғастарда қалашық не қыстақ атаулы болмайды».

Ал бүгінгі қырғыздар гендік жақтан қарағасқа да, хакасқада ұқсамайды, гені, түрі, тілі алтайларға ұқсайды.

Демек осы қарағастар сол 840-920 жылдардағы қағанат құрған тайпа болу мүмкіндігі ең күшті, тарихта қалған атауы да дыбыстық жақтан қырғыздан көрі қарағасқа бейім. Хакас ұлтының саны 80 мыңдай, Ресейдің Хакасия республикасында мекендейді, қырғызға мүлде ұқсамайды.

Хакастардың гені: N% 43, R1a %28, R2 %7, C3 %6.

Қарағастар гені: N% 60, R2 %12, R1a %12, C3 % 6.

Қырғыздар: R1a% 66, C3 %14, N %2.

Бұдан геніне мекендеген жеріне қарасақ, тарихтағы Ұйғұр қағанатын аударғандар осы қарағастар, олардың Ұйғұр хан ордасы маңындағылары керей ішіндегі қарақастарға айналған. Сондықтан бұл да Қазақтың арғы тегінің ең бір гүлденген тұсы болуы мүмкін. Біздің тарихшылар назардан тыс қалдырған тарих. Қазақтағы Ж диалекті де осылармен қатысты болуы әбден мүмкін.

Қарағаштар

Қазақтағы 1, 5 миллион керей – негізінен сібірлік ру. 350 жылдардағы қытайлармен Сәнбей татарлардың қырғынынан қашып, Сібірияға, Байқалға келген Ғұн не Сәнбей руларынан болуы мүмкін. Түрік қағанаты кезінде Байқалдың шығысындағы керей рулары тоғыз Байырқұ атанады, ал бұл Керейдегі Барқы руының тіке ата-бабасы. ХІІІ ғасырға дейін Байқалдың шығысындағы аймақ «Барғұжын тоқым» атанған.

Ал Байырқулар одағынан кейін қарағастар күшейіп, 840 жылы үлкен күшке айналып, сол тұстағы көшпенділер империясы Ұйғұр қағанатын құлатады. Сонан орталық Моңғолиядағы ұйғұр тайпасынан 200-300 мыңнан аса адам сахарадан қашып шығады. Олардың батысындағы тоғыз оғыздар Жетісу, Сыр бойына қашады. Тоғыз оғыздың жерін сегіз оғыз Наймандар (жанбаг) иелейді, ал орталық Моңғолиядағы Ұйғұр тайпасының жерін күллі Ғұн, Түрік, Ұйғұр, Моңғолдың орталық қасиетті жұртына қарағастар келіп мемлекет құрады. Абақ керейдің аң ұстайтын абақ-қақпан таңбасын пайдалануы олардың сол Сібіриядағы аңшылықты кәсіп еткен тайпа екендігінің айғағы, ал осыдан керейлердің 840 жылы Ұйғұр қағанатын аударып Сібіриядан орталық Моңғолияға келген ел екенін көреміз. Ал осы Қарағас мемлекеті 923 жылы қидандар жағынан жеңіліске ұшырайды.

Бертінгі ресейшіл, қазаққа еш қағанатты тәуелдегісі келмейтін тарихшылар айтқандай бұл Енесейден келген қырғыздар құрған мемлекетдеп есептеу күмән тудырады, қырғыз тайпасы ол бөлек ел олар Алтай-Саян тауында жасап, Түркі қағанаты мен Ұйғұр қағанатының заманында күшті  тайпалық бірлестік болған, ол тайпалық бірлестігі Шыңғысханға дейін жалғасты. Егер де олар қарағас қағанатын құрғандар болса, сол стратегиялық маңызды жерге яғни орталық Моңғолияға қоныс аударып келген болар еді.

Ал Тұғырылдың інісі Тәжітемір Қарақас жұртын билегенін Рашид-ад-Дин нақтылап көрсеткен. Ол сол солтүстіктен келген қарақастар, ал қидандар оларды тахтан тайдырғасын, билікті Сүбүк (祖卜) тайпасы қолға алып, 1090-1100 жылдары Марғұздың басшылығында Сүбүктер мемлекетін құрады. Х жыл ғана өмір сүріп ыдыраған соң олар тағы да сол орталық Моңғоляны билеп тұрады. Оларды қидандар керейт деп атайды да, кейінгі тарихқа керейт, керей атымен белгілі болады.

Ал оның солтүстігінде меркіт тайпасы –сол Сүбүктер одағынан бөлініп Тұғырыл ханға бағынбай жүрген тайпа, оларда хан болмаған, тек бек болған. Ал ол кездегі Барғұт руы сол көне мекенінде қалған Байырқұ, яғни Барқы тайпасы, көне тоғыз Байырқудың жұрнағы. Ал Сібіриядағы көне жұртында қарағастардың бір бөлімі мекендей берді, әлі мекендеп келеді.

Х ғасырда Сібірияда тағы «ит елі» атанған тайпа бар, олда сібірлік ру, сол бұрыннан қарағас-керейлердің шеткері бір руы. Қазіргі Ителі тайпасы солар.

Тарихтан белгілі болғаны керейлер – Ғұн заманынан бар ру, Ғұнның Сүбүк тайпасы, кейін оның ішінде Барқы тайпасы жетекші орынға шыққанда тоғыз Байырқұ, Қарақас тайпасы жетекші орынға шыққанда Қарақас, Сүбүк тайпасы жетекші орынға шыққанда Сүбүктер атанған. Ал Меркіт, Ителі рулары олардың шеткері орналасқан рулары, осы себепті кейін барлығы бір Керейлер болып топтасқан. Керейт – Қидандардың таққан лақабы.

Сібірияның Минусинск облысы, Иркутск, Хакасияда 39 дана ІХ-Х ғасырға, яғни қарағастар қағанаты дәуіріне тән көне Түрік тілімен жазылған бітіктастар бар. Осы өңірде сол қағанатты құрған елдің сарқыты болып 800 қарағас пен 80 мың хакас өмір сүріп жатыр. Тілі де көне түрік тілі, діні шаман. 840-923 жылдары 83 жыл өмір сүрген мемлекет.

Қазіргі хакас ұлтының төрт табының бірі – қарақастар.

Хакастар

Қарақастың ең көп тобы ежелгі Кереймен бірге Қазақтардың құрамына енгенін айттық. Қарақастан байым, қосым, назар деген үлкен үш ру тарайды. Қарақастан Қаптағай батыр, Арқалық батыр, Халел тәйжі, Ақтеке би, Бүркітбай батыр сияқты елеулі тұлғалар шыққан.

Осы елден қалған бітіктастардың бірнешеуіне назар салайық.

Уибат 5-бітіктасы

Мәтіні:

Көне Түрікше

Қазақша

Ұйғұр хан елін алдыұқда азқлұқ тұңұз Бек есіз

ұйғұр хан елін алдықта азықтық тұңұз дей.

Бұң бұңа адрылдыңыз, шыға қырық ерік қаңсыз қылды

мұң мұңда айырлдыңыз, кедей қырық ерді хансыз қылды.

Ер бұңұн қазғандыңыз, бөкімедіз, Бек еркім Бек

ер мұңын тұрғыздыңыз, бөгелмедік, ерікіміз Бек қатты.

 

. . . Олұртым, көк бөрі, қара аш бұғұ өлүртім

өлтірдім, көк бөрі, қара аш бұғы өлтірдім.

Ә. . . Ер елші торт б. . Ә. . Күз тсзүкү беге

ер елші. . . Күз беге.

Ал іш барыс теріг бегім ита ердемім есізе

Л іш теріг бегім, жетім ерлігім иесіз.

Талдау:

Бұл 840 жылы Ұйғұр қағанатын басып алғанда немесе осы оқиғадан кейінгі кезде қаза болған қағанға арналған бітіктас. ІХ-Х ғасырларға тиесілі, 1964 жылы Хаксиядан табылған, Хакасиядағы мұражайда сақтаулы. Мұнда Ұйғұр қағанатын қайсы елдің аударғаны айтылмағаны өкінішті.

 

Тес бедіз мәтіні

ІХ-Х ғасырлар, Хакасиядан 1721-1722-жылдары табылған. Осы бітіктастың Радлов оқыған нұсқасын негізге алдық.

Мәтіні:

Көне Түрікше

Қазақша

Қарахан шерігі бен езгене, алты отұз Яшымда ерті, бен өлтүм түргеш ел ычынде бег бен бітік.

 

Қарахан ішкі лауазымдысымен езгене, 24 жасымда еді, мен өлдім, түркеш елі ішінде, Бек пен бітік.

 

Талдау:

Қарақан дегені Х ғасырдың басындағы Бесбалық жақтағы Яғыма, Шығылдың көсемдері болуы мүмкін, десе де Қарахандар мемлекеті 940 жылы Сатұқ Бұғырахан жағынан құрылған, ол кезде Қарағас қағанаты қидандар жағынан құлатылған. Орталық Моңғолядағы халқы тоздырылмаған, «Ляу тарихында» тек оларға жорық жасағаны, бағындырғаны айтылған, ондағы халық босып кетті деген сөз жоқ, ал ондағы халық кейінгі керейттер. Әл қарағас соның ішіндегі бір ру болып қала берді, ал Сібіриядағы қарағас, қарағас, хакас атымен әлі отыр. Ал олар бостырған Ұйғұрлармен тоғыз оғыздардың босып кеткені тарихта анық таңбаланған.

Ал мұндағы Түркеш – 766 жылы қарлықтардан жеңіліп қағанаты жойылған байырғы түркеш тайпасы, олар ІХ-Х ғасырда Алтай тауларының батыс-солтүстігіне келген болуы мүмкін. қазіргі Алтай ұлтында әлі күнге түркеш тайпасы бар. Қазақ Қаңлыларында да түргіс атты ру бар.

Табылған жері Моңғолияның Бұрқан аймағы Сайхын сұмұны Сұұжийин асуы деген жерде.

Мәтіні:

Көне Түрікше

Қазақша

Ұйғұр иерінте Яғылақар хан ата келті

ұйғұр жеріне Яғылақар ханын ата келді

Қырғыз Оғұлы бойла құтұлұқ Ярқан

қырғыз ұлы бойла құтты Ярқан

Мен құтұлұқ баға тарқан

мен құтты баға тарқан

 

Өге бұйұқы мен-ақылды бұйрықшысы менмін

Күм сұрұғым, күн тоғұсұқа батысықа

көсегем сұрағым, күннің шығысына, батысына

Тегді бай, бар ертім, ағылам он иылқым сансыз ерті

текті едім, бай, барда едім, үйүрім он, жылқым сансыз еді

Інім иеті, ұрұм үш, қызым үш ерті, ебледім, Оғұлымын

інім жеті, ұрпағым үш, қызым үш еді, үйлендірдім, ұлдарымды

Қызымын қалыңсыз бертім

қызымды қалыңсыз бердім

Ымырыма иүз ер, тұрұқ бертім

ымырама жүз ер, тұрақ бердім

Иегімін, атымын көртім, емті өлтім

жиенімді, аталығын көрдім, енді өлдім

Оғұлынмын ерте ымырым анча бол, ханқа атап қадығлан

ұланым ерлікте ымыраласым сондай бол, қанға айтып қатулан

Ұлұқ оғылұм барты, көрмедім, ир. .

Оғұл-ұлы ұлұм бар еді,. . Ир. . . Ұл

 

 

Талдау:

Профессор Қаржаубай Сартқожаұлының талдауынша: «Бұл ұйғұр қағаны Яғылақар әулетінің жерінен келген  дінбасы мәрәм Қырғыз бойла құтұлұқ Ярқанның құрметіне ие болғаны қсиет жазба. «Ияғылақар хан ата, келдім» дегені Ұйғұр қағаны жерінен келді дегені, бұл бітіктас Ұйғұр қағанаты кезінде Манхей дінінің Қырғыз жеріне тарағаны туралы дерек береді» дейді.

Анықтап қарасақ та бұдан Ұйғұр қағанатын қырғыздар аударды деген түсінік шықпайды, еш жерінде оларды қырғыздар барып соғысып жеңдік делінбеген. Бәлкім Ұйғұр қағанатын аударған қарағас қағанатының адамдары, бәлкім қырғыздар қарағастармен көршілес болған, содан қарағастар ордасында екінші орын алған болуы мүмкін, бейне 742 жылы Басымыл Елтеріс қағанның қол астында ұйғұр, қарлықтардың ябғұ, тарқан болғаны іспетті.

Жалпы VII-Х ғасырлардағы бітіктастарда: түрік, ұйғұр, оғыз, төлес, татар, татаб, қидан, қырғыз, қарлұқ, байырқұ, түркеш қатарлы ру-тайпалардың аты аталады. Бұндағы түрік, ұйғұр, қидан, түркештен басқасы ІХ-Х ғасырда мемлекет құрған елдер емес, десе де саны әжептәуір тайпалар. Айталық төлес, байырқұ тайпалары қырғыздар сияқты көп тілге алынады, аалйда қағанат құрғаны толық дәлелденбеген. Осы қағанат құрамында қазақтың көп санды тайпалары болған. Арғын, Найманның көп руларының аттары әлі күнге Саян-Алтайда жер-су аттарымен белгілі (шегендік, кесек, шұйе, таз ,шор т.б). керейдің қарақас руымен меркіт, ителі, барқы рулары; кіші жүздің беріш, шекті, шеркеш, кете, таз (тас), телеу(телеуіт), төлес  т.б. руларының атаулары Сібірия мен Саян-Алтайда әлі бар. Ал төлеңгіт тайпасы ол әлі күнге алтайлықтардың белді тайпасы.

Сұұжийн бітіктасы

Сол сияқты қырғыздарда сол қатардағы тайпа, олар қағанат құрмаған. Ал Ұйғұр қағанатын құлатқандар Қытай тарихнамаларында 黠戛斯 деп таңбаланған, дыбысталуы қарғас, қарағас, қарақас. Сібіриядағы қарағас пен хакас, қазақ керейдегі қарақас болу мүмкіндігі өте күшті, бұны алда зер сала зерттеп, тарих таразысынан өткізу керек. Әлі күнге дейін отандық тарихшылар назардан тыс қалдырған бұл мемлекет тарихының Қазақ ұлтының қалыптасуы мен  Қазақстан мемлекеттілігінің тарихынан алатын орнын жоққа шығаруға болмайды!

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?