Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бурабайдың тарихи орындары

5915
Бурабайдың тарихи орындары - e-history.kz
Ақмола облысының солтүстігінде таңғаларлық Бурабай атты ұлттық саябағы орналасқан. Оны жиі қазақтың Швейцариясы дейді

Күнмен үйітілген сап-сары даланың орта жерінде қалың көкпеңбек орман жайқалып-ақ тұр. Оның арғы жағында назарға нағыз қиял-ғажайып төңірек ашылады. Таулы төбелер, жартас бүгілістері, ғасырлық ағаштар және де балыққа толып жатқан сабырлы, тыныш көлдер. Бурабай – көптеген аңыздарды байланыстырған жұмбаққа толы жер. Оның бірі нәтижесінде осы аймақтың аты пайда болды. «Бура» сөзінің тағы да бір синонимі - «түйе». Сол түйе бұл жерге адамдар келе жатқанын естігенде, қанатты тұлпарға айналып жылжып келе жатқан бәледен Көкшетауға самғады дейді ескі ел аңызы.

Археологтар осы ұлттық саябақ аймағында көне құралдар қоймасын тапқан. Алдын ала деректер бойынша ол қойма қола дәуірге жатады. Бұл олжалар бұл аймақ есте жоқ ежелгі заманнан бері егіншілерге, малшыларға және аңшыларға толы болғанына куә болады. Бұл жерде кен мен алтынды өндіретін скиф тайпалары әлденеше рет өткен.

Бурабайды материалды мәдениет ескерткіштеріне мол жер деп айтуға тура келеді. Атақты Көкше тауының етегінде қазақтың киелі жері бар – Абылай ханның табиғи гранит тағы мен Абылай ханның алаңы – ерекше микроклиматпен бейнеленетін, өте сирек кездесетін жанды табиғаттың ескерткіші.

Одан бөлек, қазақтың соңғы Кенесары ханның баспанасы, Кенесары ханның үнгірі. Аңызға сенетін болсақ сәтті аю аулаудан кейін Кенесары хан мен оның жасақтары даусыз, дереу түнейтін жерге келіп тіп-тік құзда қауіп-қатерден жасырылған.  

Көркем таулармен қалың қалқан жапырақты орман ортасында тасаланып тұрған 14 көл – саябақтың көркі және рахаты. Ішіндегілердің ең атақтысы – Қазақстан картасында жай көзбен көрінетін Бурабай көлі. Оның түбін мекендейтін шаяндар судың тазалығын растайды. 

Көкшетау тауының қатал және таулы тізбегі етегінде Кіші көлдер төгілген. Дәл осы жерде кескіні мысырлық Сфинкске келетін аңызға айналған Жұмбақтас құзы орналасқан. Көлді өлке өңірі саяхатшылармен туристтер үшін қайықпен катамаран арқылы серуендеуімен белгілі. Осыдан бөлек, серуендеу кезеңінде мөлдір суда шомылуға ешқандай тыйым салынбаған.  

Саябақ мемлекет тарапынан сақталғаннан кейін бұл жерде экология деңгейі жоғарғы мөлшерде, ал ауаның өзі балаусалыққа толы. Көлдер, орман мен таулардың үйлесуі өте сұлу ландшафт ғана емес, бірегей шипалы микроклимат құрған. Бурабайда барлық қажетті атрибуттармен қамтылған туристік базалар, шипажайлар мен пансионаттар қызмет жасайды.

Бұдан басқа, Бурабай ұлттық саябақ аймағында жүзден аса саңырауқұлақ түрлері бар, оның барлығы жеуге жарамды. Жергілікті тұрғындармен туристтердің саңырауқұлақ әуестігіне құмарланғаны таңғалдыратын мәселе емес.

Бурабай – демалу, серуендеу және де өзінің қабілетіне үңілуге арналған кемшіліксіз жер.

 

Аян ӘДЕН

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?