Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Задаш Дүкенбаева: Ғалымдар қайтпек керек?

2829
Задаш Дүкенбаева: Ғалымдар қайтпек керек? - e-history.kz
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылау бойынша жұмысты жалғастыруда

2018 жылғы 17 қаңтарда ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлері, жоғары оқу орындарының және колледждердің оқытушы-ғалымдары, астананың орта мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Модератор Бүркітбай Аяған жиынға қатысушыларға Қазақстан Республикасының даму мәселелері мен перспективаларын, мемлекеттің заманауи жаһандық үрдістер контексіндегі жағдайын талқылауды ұсынды. Дөңгелек үстел жұмысын аша отырып, Институт директоры мынадай салыстыру келтірді: «Осыдан бар болғаны 100 жыл бұрын АҚШ-тың халықаралық мәртебесі болған жоқ, ал қазір ол – әлемдік супердержава. Өткен ғасырдың ортасында Қытай өнеркәсіптік дамудың ең төменгі деңгейін көрсеткен еді, ал қазір бүкіл әлем ҚХР-дың өнеркәсіптік өндірісіне тәуелді. Қазақстан тарихында ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында индустриализация болған. Қарағанды өнеркәсібі дамыған еді, тек ол тұтқындардың маңдай терімен көтерілді».

Негізгі баяндаманы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Задаш Дүкенбаева жасады. 

– Бұрын мен «цифрлы Қазақстан» идеясына аса мән бере қоймайтынмын. Біз сияқты ғалымдардың алдында латын графикасына көшу сияқты және т.б. мәселелер тұрды. Бірақ, қазір студенттерімізден-ақ байқап жүрміз, олар кітап оқымайды. Неге? Өйткені, қазір қандай да бір кітапты қолға түсіру үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ, интернет арқылы оп-оңай қол жеткізуге болады. Тіпті алдыңғы қатарлы мектептердің оқушылары да, мысалы, Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары, оқу барысында  цифрлық құралдарды, планшет, смартфондарды қолданады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын дамытуда заманауи технологияларды белсенді қолдануымыз керек, кітаптар әр смартфоннан өз орнын алулары керек.

Жуырдағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында Президент мұғалімдерді қолдауға назар аударды, олардың жалақысы көтерілді, бұл өте жақсы. Ал жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары ше? Ғалымдардың жағдайы әлі де ауыр, еш өзгеріс жоқ. Бұл туралы айту керек! Бізге жақсы кітаптар жазыңдар, рейтингі жоғары журналдарда мақалаларыңды жариялаңдар дейді. «Ал байғұс ғалым бұны қалай істеуі керек? Ол қай топқа қосылуы керек?» Профессор Задаш Оразғалиқызы осы сұрақтарды қойды.

Келесі баяндама жасаған Еркеш Нұрпейісов  жергілікті өзін-өзі басқару мәселесіне көңіл аударды.

– Мен бұл мәселемен 1992 жылдан бері айналысып келемін. Осы уақыт аралығында Парламентке 2 заң жобасы енгізілді. Керемет жобалар, бәрі үйлесімді, сауатты. Бірақ екі ретінде де экономикалық негі болмағандықтан ғана оларды қайтарып жіберді. Ал, осы жолғы Жолдауда жергілікті өзін-өзі басқару органдары салықтың 7 түрі қалатындығы туралы айтылған. Салықтар түсіп отырады, бюджетті бекіте беруге болады. Экономикалық құрамдауыш бөлік бар кезде, әрі қарай жалғастыруға болады. Енді жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңды қабылдауға кірісуге болады. Аудан әкімдері сайлануы керек.

ҚазМЗУ университетінің доценті, т.ғ.к. Лепуда Мұқатаева білім беру мәселелеріне назар аударды.

– Заманауи университет дегеніміз не? Бұл бұрынғы университет емес. Қазір бұл – білім беру қызметтерін көрсететін және ұсыныстармен айналысатын мекеме.

Осыған байланысты университеттік білім беру тұжырымдамасы да өзгерді. Шынын айтқанда, бұл реформа жолында кейбір пәндерді құрбан етуге тура келді. Саясаттану, әлеуметтану, философия және басқа да гуманитарлық ғылымдар құрбандыққа шалынды. Провинциалдық университеттер бұл пәндерді элективті, яғни таңдамалы етті.  

Қазақстан тарихының «Қазақстанның қазіргі тарихына» орын бергені белгілі. Бірақ біз Қазақ хандығынан бсатап 1917 жылғы революциялық процестерге дейінгі қазақ мемлекеттілігінің туу тарихын оқытуды жалғастырып келеміз. Бұның бәрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арқасында жүзеге асуда. Біз жастарды ойлауға, талдауға үйретеміз. Оқу процесіндегі ең бастысы тарихи даталарды білу емес, бастысы – жалпы тарихи процестің қозғалысын бақылау қабылеттілігі.

Университетте оқытудың бірегей әдістемесі қалыптасқан. Бірінші кезеңде студенттер теориялық білім алады, екінші кезеңде қандай да бір оқиғалар болып өткен тарихи жерлерге барады, үшінші кезеңде теориялық білімді меңгеріп, өткеннің рухын сезінген студенттер театрландырылған қойылым қояды. Тәуелсіздік күні қарсаңында студенттер күшімен «Соңғы хан» атты спектакль қойылды. Негізгі баяндамашылардың баяндамалары дөңгелек үстелге қатысушылардың қызу дебатына ұласты. Жұртшылық Жолдауды талқылауды жалғастыруда. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?