Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шығыс моншасы

4677
Шығыс моншасы  - e-history.kz
Ортағасырларда монша – тазалықты қамтамасыз ететін орын ғана емес, сонымен қатар сол кездегі қалалардың архитектуралық сәулетін айшықтап, қала мәдениетінен хабар беретін орын болған

 

 

 

«Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 22 жылдығына орай «Менің Елім – Моя страна» атты мотожорық ұйымдастырған болатын, мақсат еліміздің 25 тарихи киелі орындарына арнайы саяхат жасап, тарихи құндылықтарға тағзым ету.

Мотожорық командасы өз кезегінде Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырларға тән шығыс моншасын тамашалап қарап шығуды жөн деп санады.

Шығыс моншасы - халық сәулет өнері ескерткіші. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында жартылай жер астында салынған көп күмбезді құрылыс. Шығыс моншасының қабырғалары күйдірілген кірпіштен қаланған. Шығыс моншасының аумағы әр қилы әрі атқаратын қызметі жағынан да әр түрлі, әрқайсысының өзіне тән ерекшелігі бар тоғыз бөлмеден тұрады. Қасбеттерінің сәндік әшекейлері болмағанымен, құрылыстағы бірнеше күмбез бен ашық бастырма Шығыс моншасының жалпы келбетіне әдемі әр береді.

Шығыс моншасының үстіңгі жақ бөлігінде күмбезбен жабылған кіре беріс бөлме, негізгі жуынып-шайынатын кең зал - ортасында сегіз қырлы тапшаны бар сегіз қырлы зал, салқын және ыстық суағарлары бар залдар, тағы басқа бөлме-орындар орналасқан. Су құяр суағарларға ашық тесік арқылы келіп жетеді.

Моншаның ішкі жағы сыланған. «Ыстық» залында жуынатын адамның денесін сылауға (массажға) арналған кең тапшаны бар. Тапшандар мен едендерінің аумағы 1,5 x 08 метр мәрмәр қалақтаспен өріліп төселген. Түтін жүретін көмейі мен жылытатын құрылымы еденнің астыңғы жағына орналасқан. Оттықтан шығатын жылу негізгі үлкен залдың сегіз қырлы тапшаны астыңғы жағындағы күмбезді дөңгелек көмейге ағылып келеді де, сол тұстан шеңбер тәрізді арналар жүйесі арқылы басқа бөлмелерге таралады.

Ал арналарда жылудың жылдам таралуын тез қамтамасыз ететін арнайы жасалған құдықтары бар. Едендердің еңкіш төсемелері кір-лас суды жинап, оны сыртқа қарай ағызуға мүмкіндік туғызады. Шығыс моншасы 1979 жылы жаңартылып, қайта қалпына келтірілген.

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 9 том.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?