Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алакөл - тарих пен туризм тынысы

4592
Алакөл - тарих пен туризм тынысы  - e-history.kz
«Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырған «Менің Елім – Моя страна» мотожорығы тарих пен туризмнің сабақтастығы болып табылатын Алакөлде

 Алакөл өңірі бізге туризмнен бұрын, талай тарихи оқиғалардың куәсі ретінде белгілі. Жоңғарларға тойтарыс беруде басты қантөгістің бірі осында орын алғанын бәріміз білеміз. Одан бөлек Алакөл еліміздегі ең ірі және мемлекет қарауна алынған маңызы бар қорық. Және отандық туризмді дамытудағы маңызды рөл атқаратын туристік аймақтардың бірі. Осы себептерден "Менің Елім - Моя страна" мотокомандасы аталған өңірде көп дүниеге куә болу мақсатымен сапарлатты. 

Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан Алакөл қазандығының (теңіз деңгейінен 340 м жоғары) ең төменгі бөлігі саналатын Алакөл – Қазақстанның таңғажайып көлдерінің бірі. Көл ағыссыз, қисық алмұрт тәріздес пішінді, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылған.

Алакөл көлі мен көл маңындағы ыстық бастаулар ежелден бері өзінің керемет емдік қасиеттерімен танымал. Теңіз деңгейінен 579 м биіктікте және Алакөл көлінен 2 км қашықтықта Барлық минералды бастауы орналасқан. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында 269-дан аса құстар түрлері мекен етеді. Реликті шағала, жек дуадақ, қарабасты күлегеш, бізтұмсық шағала, бұйра және қызғылт бірқазан, ақбас үйрек және басқа да аз кездесетін және жер бетінен жоғалып бара жатқан суда жүзетін шөл және тау құстарын кездестіруге болады.

Аңдардан – арқарлар, ақбөкен, тау ешкілер, маралдар, аюлар және тағы басқаларды көре аласыз. Туристер саяхаттан 5-6 күн бұрын биік таулы Жоңғар Алатауынан Балхаш маңындағы шөлдерге дейінгі негізгі ландшафтық аймақтың флорасы және фаунасымен танысуына болады.

Қорық 1998 жылдың 21 сәуірінде Алматы және Шығыс Қазақстан облысы (Үржар ауданы) аумағында ұйымдастырылды және 20,0 мың.га. жер көлемін алып жатыр.

Қорық Жоңғар Алатауы мен Алакөл көлінің - Үлкен, Орта, Тасты - аралдарынан бастау алатын Тентек өзенін сақтау мақсатында құрылған. Осы аумаққа ұя салған ескек аяқтылар, сұқсыр үйрек, шағала тәрізді көптеген құстардың сулы-батпақты кешені қорғауға алынған. Әсіресе, бұйра бірқазан, қызғылт бірқазан , өгізбас шағала, жалбағай, сұңқылдақ аққу, ақбас үйрек, ақбас тырна, аққұйрық субүркіт тәрізді Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген құстардың ұяларына ерекше назар аударылады. Алакөл көлінің құндылығы сонда, оның аралдарына Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енген құстың сирек түрі қарамойнақ шағаланың ұялары орналастырылған.

Көлде құстар қайтатын және азықтанатын мерзімде 5 млн. дейін құс жиналады, оларды қорғауда қорықтың атқаратын қызметінің маңызы зор.

2013 жылы Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары аумағында созылып жатқан Алакөл мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты мәртебесін иеленді.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?