Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әзірбайжан: ислам інжуі Астанада жарқырады

3540
Әзірбайжан: ислам інжуі Астанада жарқырады - e-history.kz
Әзірбайжан аумағында орналасқан исламның киелі жерлеріне арналған фотокөрмеде түрлі уақыттағы ислам сәулетінің әр алуандығын көрсететін түрлі діни ескерткіштерді көруге болады

Мамырдың 5-інен бастап 22-іне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде туыстас Әзірбайжан Республикасының аумағында орналасқан исламның аруақ қонған жерлеріне арналған ерекше фотокөрме өтуде. Әзербайжан Республикасында жарияланған «Ислам ынтымақтастығы жылы» аясында өтетін «Әзербайжан – ислам әлемінің маржаны» атты фотокөрмені осы елдің Қазақстандағы Елшілігі ұйымдастырған. Бұл көрменің Әзірбайжанда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының (12 мамырда ашылды) өтуі мезгілімен сәйкес келуі кездейсоқ емес, оған қазақстандық спортшылар да белсенді қатысуда.

Сондай-ақ көрме Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтың 10 мамырда аталып өткен 94 жылдығына да арналады. Экспозицияда Әзірбайжан аумағында орналасқан мешіттерге және Г. Әлиевтің өмір жолына арналған 80-ге тарта фотожұмыс қойылған. Фотосуреттерде әр түрлі діни ескерткіштерді көруге болады, олар түрлі уақыттағы ислам сәулетінің әр алуандығын көрсетеді. Әр мешіт қайталанбайды және өзіндік тарихқа ие, сондықтан да олар – шын мәнінде елдің мәдени мұрасы.

Көрме өткізу – Ислам тақырыбына, осы бір әлемдік діннің сұлулығына, мұсылман мешіттерінің әсемдігі ме әртүрлілігіне әлем қоғамдастығының назарын аударуға тырысу. Бұл, әсіресе, бүлдіргіш күштердің халықаралық аренада исламофобияны жаюы жағдайында өзекті, мәдениеттер алуандығы дағдарысының одан сайын тереңдеуіне ықпал етеді.  

Фотосуреттерде сонымен қатар осы уақытта Әзірбайжанның Армениямен басып алынған аумағында орналасқан исламның қасиетті жерлері көрсетілген. Бұл әзірбайжандық Шуша және Агдам қалаларындағы мешіттер, басқыншылар олардың тас-талқанын шығарған және шындығында мал жайылатын және қоқыс тастайтын орынға айналдырған.  Әзірбайжанның Таулы-Карабах өңірінде орналасқан осы мешіттердің және басқа да мәдени ескерткіштердің мүшкіл жағдайы – бұл тек қана әзірбайжан халқының, тек қана ислам әлемінің ғана қайғысы емес, барлық адамзаттың қайғысы. Осы жөнінде Қазақстандағы Әзірбайжанның Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов көрменің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде айтып кетті.

«Әзірбайжан аумағының 20%-ы 25 жылдан аса басқыншылардың қол астында екені баршамызға аян. Армения басып алған аумақта біздің тарихи, діни ескерткіштеріміз – мешіттердің, шіркеулердің бір бөлігі қалды. Сіздердің назарларыңызға ұсынылған фотосуреттерден осы ескерткіштердің жай-күйін көре аласыздар» деген дипломат Әзірбайжан үшін бейбітшілік тақырыбының өте өзектілігін баса айтты: «Әлемдік маңыздағы кең ауқымды іс-шаралар – форумдар, конференциялар, көрмелер – барлық әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға өз үлесін қосады».

Осындай іс-шаралар әлемдік қоғамдастықтың болып жатқан оқиғаларға көзін ашып, әлемде не болып жатқанын жете түсінуге ықпал етеді. «Осы көрме арқылы біз жерімізді қайтарғымыз және ескерткіштерімізді қалпына келтіргіміз келетіндігін айтамыз. Біз, татулық пен келісімде өмір сүргіміз келетіндігін айтамыз», – деп Р. Маммадов сөзін түйіндеді.

Әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевқа арналған фотожұмыстар оның советтік кезеңдегі және тәуелсіздік жылдарындағы қызметін бейнелейді. Әзірбайжанның тәуелсіздік алуы және Президент лауазымына Г. Әлиевтің сайлануы экономикалық дамуда ғана емес, сонымен қоса тұрақтылық пен азаматтық татулыққа қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызуға елге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда Әзірбайжанда барлық діндер мен ұлт өкілдері татулық пен келісімде өмір сүруде. Міне, осыдан да ағайындас екі елдің ұқсастығы байқалады. Бұл – біздің игілігіміз, бұл – біздің мақтанышымыз. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?