Ол бұны АҚШ-қа жасаған сапары барысында сондағы мұрағаттардың бірінен қолына түсіргенін айтады.
Саясаткер өз олжасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, бұл 1638 жылы Франкфуртта түсірілгенін айтқан. «Қараңыз, қандай керемет нәрсені тауып алып келдім – АҚШ-қа сапар алдында, бірнеше ай бұрын, американдық әріптестер-достарыммен хабарласып, тапсырма беріп, солардың көмегімен, Қазақстанның тағы бір ескі картасын қолға түсірдім. Бұл карта 1638 жылы Франкфуртта басылған екен. Осының бұрын копиясы едi, едi түпнұсқасы бар» – деп жазады Ерлан Қарин.
Картада сол кездегі тарихи атаулар, «Ноғай», «Ақ орда», «Қазақ-татарлар», «Жоңғария» қатарлы жер атаулары мен териториялық көріністер анық белгіленген.
Алаш мұрасына, жалпы қазақ тарихына ерекше ден қойып жүрген саясаткердің бұл олжасын желі қолданушылары жоғары бағалады.