Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сианг Синронг: Нұр-Әлем шары әлемдік көрме музейіне қойылады

1714
Сианг Синронг: Нұр-Әлем шары әлемдік көрме музейіне қойылады - e-history.kz
Қазақстан елі 25 жылда толағай табыстарға жетіп, бұрыңғы Кеңес одағы елдері арасында ЕХРО өткізу мәртебесіне жетіп отыр. Ол үлкен жетістік

Астанада өтіп жатқан «Болашақтың энергиясы» халықаралық көрмесіне Шанхайдағы бүкіләлемдік ЕХРО музейіде қатысып жатыр. 1851 жылы Лондоннан басталып 2015 жылғы Милан көрмесіне дейінгі көрме жәдігерлері сақталған музейге алдағы уақытта Астана ЕХРО-2017 көрмесінің жәдігерлері де жинақталады. Осы орайда National Digital History порталы Шанхайдағы ЕХРО музейі директорының орынбасары Сианг Синронг мырзамен сұхбаттасып, бірнеше ай бұрын ғана ашылған музей жайында сұрап білген еді.

-    Сианг Синронг мырза, Қазақстанға қош келдіңіз?

-    Қош көрдік. Қазақстан елінде бірінші рет болуым. Өте керемет жасампаз ел екен. Астанасы, ЕХРО көрмесі көңілімнен шығып жатыр. Қазақ халқының қонақжайлығына да тәнті болдым.

-    Ниетіңізге рақмет. Алғашқы сауалымызға көшсек, Сианг мырза!  Шанхайдағы  әлемдік EXPO музейі қай жылы ашылды? Музейдің тарихи маңыздылығы қандай?

-    Өздеріңіз білетіндей, 2010 жылы Қытайдың Шанхай қаласында «Жақсы қала – жақсы өмір»  атты тақырып аясында халықаралық ЕХРО көрмесі өтті. Сол шарадан кейін Шанхай қаласының басқармасымен бірге халықаралық көрмелер бюросы бірігіп осы мұражайды ашқан болатын. Негізінен біздің мұражай 2017 жылдың мамыр айында ашылды. Бастапқы кезеңде музейдің стратегиясы және жобалары құрастырылды. Сол 6-7 жылдың арасында дайындық жұмыстары жүргізіліп, биыл ғана ашылып отырмыз. Музейдің барлық кешені 100 мың шаршы метрді құрайды. Егерде дәл музейдің өзі орналасқан ғимаратты алатын болсақ 10 мың шаршы метрден асады. Музейді тамашалуға келетіндер үшін 2010 жылғы Шанхайда өткен ЕХРО-ны қайта тамашалауға мүмкіндік қарастырылған. Сондай-ақ 1851 жылдан басталған ЕХРО тарихын толық тамашалай алатын құнды жәжігерлер де толық орналасқан.

-    Музейге халықаралық көрмелер  өткен әлем елдері қалаларынан қандай да бір құнды жәдігерлері тартылды ма? Әлде енді олардың барлығы жинақталатын болады ма?

-    Иә, біздің музейде көптеген заттар жинақталған болатын. Мысалы 2010 жылы Шанхай         қаласында өткен ЕХРО халықаралық көрмесінің  жәдігерлері, әр мемлекеттерден қалған экспонаттар жиналып біздің музейге сақталды. 2012 жылы Йосу (Оңтүстік Корея),  2015 жылы Миланда (Италия)  өткен халықаралық көрмелерінен қалған жәдігерлердің барлығы біздің музейде сақталған. Басқа елден келген азаматтар біздің мұражайға кіріп, сол уақытта болған көрмені өз көздерімен елестете алады. Болашақта Астана да өтіп жатқан ЕХРО көрмесінен де көптеген жәдігерлерді алып кетпекпіз. Қазіргі уақытта Монако, Қазақстан павильондарымен келісімшарттар жүргізіліп жатыр. Мәселен Қазақстан павильоны орналасқан үлкен шардың кішкентай макетін біз Шанхайдағы ЕХРО музейіне қою жоспарымызда бар.  Оған келісім шарт жүргізілуде.

1851 жылы Лондондағы өткен алғашқы көрмеден бүгінгі Астана қаласында өтіп жатқан көрмелердің жәдігерлерін толық жинастыруды көздеп отырмыз. Басқадай Германия, АҚШ сынды үлкен мемлекеттерде өздерінің ЕХРО тарихына қатысты музейлері бар. Біз солардың музей басшыларымен кездесіп, аса маңызды сұрақтарды шешіп, мұражайдың өзгерістері болды ма? Қандай үлес қосылды, қандай пайдасы болды? Сондай-ақ жәдігерлердің алмасып отыруы бойынша да істер жүргізілді.

-    Алғашқы көрмелерден құнды жәдігерлер қалу мүмкін емес. Дегенмен құнды фотоқұжаттық деректер, архивтік жазбалар сақталатыны анық. Алдағы уақытта осылардың барлығын әлемдік ЕХРО музейіне тарту ойларыңызда бар ма?

-    1851 жылдан басталған халықаралық көрме фотосуреттері, архивтік құжаттары біздің музейде жиналып, сақталуда. Олардың саны 200 мыңнан асады. Бүгінгі таңда өзің айтпақшы алғашқы ЕХРО көрмелерінен фотоқұжаттық суреттер көптеп сақталды. Сондықтан олардың саны бізде өте көп. Қазірдің өзінде өңделмеген 500 мыңға тарта фотосуреттер бар.  Әсіресе соңғы 20 жылдан бастап фотосуреттер дамығандықтан, көп материалдар бар.

-    Жаңадан ашылған әлемдік ЕХРО музейін тамашалайтын туристер саны бар ма? Күніне қанша мың қонақ қабылдайсыздар?

-    Біз мамырда ғана музей ғимаратын іске қосқан болатынбыз. Сол уақыттан бері күніне 3-4 мың адам қабылдаймыз. Бірақ алдағы уақытта ол сан өсетін болады. Қазіргі уақытта музейге келушілердің жартысынан көбі қытай азаматтары және қалғандары шетелдіктер. Азия құрлығынан Жапония, Корея мемлекеттері, Еуропа елдерінен де көп туристер келіп тамашалауда.

-    Астана қаласында өтіп жатқан ЕХРО көрмесі көңіліңізден шықты ма? Сіздің ойыңызша үздік павильон қай елдікі?

-   Айта кетер болсақ, ЕХРО халықарасы көрмесі маған ұнап жатыр. Өйткені Қазақстан елі 25 жылда толағай табыстарға жетіп, бұрыңғы Кеңес одағы елдері арасында ЕХРО өткізу мәртебесіне жетіп отыр. Ол үлкен жетістік. Және де болашақта тағы да үлкен көрмелер өтеді деп ойлаймын. Көрме алаңы үлкен етіп салынған. Өте ыңғайлы жерде орналасқан. Ерекше көңілімнен шыққан Қазақстан павильонын атап өткім келеді. Ішіндегі құрылыстары және тақырыптық мазмұндары ерекше. Бұл өте жоғары деңгейде өткізіліп отырған көрме. Және де дайындық деңгейі де өте жоғары. Ең жас әсем қала Астананы әлем елдері ЕХРО көрмесі арқылы тани түсетін болды. Біздің музейде Қазақстанда ашылған тың жаңалықтарды, ЕХРО жәдігерлерін насихаттауға әркез дайынбыз. Бұл тұрғыда қазақстандық әріптестерімізге көмектесуге әрқашан әзірміз. Сөз соңында, қазақ халқына рақметімді айтқым келеді. Қонақжайлығын көрсетіп жатыр. ЕХРО өткізілген екі айдан астам уақыт ішінде бір қателіктер болмаса қиыншылықтар болмады. Өйткені ұйымдастырушы тарапы барлық жағынан жағдай қарастырған.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?