Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шөптібай Байділдин: Кейкі батырдың өліміне бір жапырақ хат себеп болды

2166
Шөптібай Байділдин: Кейкі батырдың өліміне бір жапырақ хат себеп болды - e-history.kz
Уақыт өткен сайын тарихи тұлға көмескіленіп, аты-жөндері өзгеріске ұшырап негізгі шындық құрдымға кетіп, тың жаңа деректер желісімен жаңа атаудағы жаңа кейіпкер пайда болатын заман болды

Кейкі батыр халық жадында мәңгі қалған адам. Кейкі халық сүйген образ. Өзіндік дәстүр ұстанып, шариғат жолында адасқан адам деп айтушы азаматтар кездеседі. Ол кездегі Кейкінің бастан кешкен қайғы-қасіретін көзбен көріп барып ой түюге болар. Кейкі батырдың батырлық бет-бейнесін аша алмай келеміз. Басқа өркениетті елде, басқа халықта Кейкі батыр сияқты халық жадында сақталған, елі сүйген тұлға болса баяғыда-ақ оның әруағын асқақтатып атына елді мекенді де, көшені де берер еді.

Кейкі батыр ұлт-азаттық күресіне бастан-аяқ қатынасқан батыр талай жаумен бетпе-бет шайқасқан, сол кезеңнің озық қаруымен жарақтанған, яғни алыстан дәл тиетін винтовкасы, бірнеше ондаған оғы бар пулеметі, қырып жоятын зеңбірегі, құлаштап лақтырар гранаты, басқа да жарылғыш қаруы бар әскери қорғаныстың неше алуан қыр сырын үйренген, бірнеше жылдап әскери дайындықтан өтіп шыңдалған -жау жасағына Кейкі батыр атойлап ашық шабуылға шыққан.

2006 жылы «Арыс» баспасынан шыққан Қостанай облысы энциклопеидиясында (410 бет) мынандай деректер кездеседі. ..... Кейки батыр Кокембайулы (Нурмагамбет) (1873-1924) р. в местечке Байтума копасы Кайдаулской волости Амангельдинского р-на Нар.герой, один из рук.нац.освоб. восстания 1916 г., соратник А.Иманова. Участвовал в осаде г.Тургая, в 1916 арестован и казнен в 1923. В музее Антропологии и этнографии г.Санкт-Петербурга хранится череп батыра, пронумерован за №3383. В этих документах записано следующее: «3383. Череп знаменитого бандита казаха – Кейки, уроженца Кайдаульской вол., Тургайского у., казненного в советкский период. От Д.Д.Букинича в дар в 1926 г. Документы: Записка собирателя. 3/ХІ-33».

 

Тағыда оқи отырыңыз: КЕЙКІ БАТЫР: ТАҒДЫРЫ, ТАРИХЫ, ТАҒЫЛЫМЫ

 

 

В другом документе пишется следующее: «Инв.№ 3383. 45 лет. Череп знаменитого киргизского бандита Кейки, Тургайского уезда, Кайдаульской волости, свирепствовавшего в Степи в 22 и 23 гг. Наводил ужас своими зверствави на местное население и на переселенцев, двигавшихся из Актюбинска в Атбасар. Был очень набожен и всегда в молитвах раскаивался в преступлениях. Его бандиты участвовали в отрядах красных и в отрядах белых. Участвовал в осаде киргизами города Тургая, в 1916 году. Он почитается киргизами за свою храбрость и считается «батыром», несмотря на свой невзрачный вид (низкого роста,худощявый). Был неоднократно арестован, но всякий раз бежал. При поимке голову отрубили кетменем и доставили в г.Тургай, где она была вывешена на площади Д.Букинич». осыдан түсіне беріңіз қателердің қандай деңгейде екенін.

Кейкі батырдың өліміне келсек батырды әртүрлі айла-шарамен қолға түсіре алмаған соң, 1923 жылдың көктеміне қарай комиссар Токарев бастаған қызыл әскерлер Ұлытауда жатқан Кейкіге Әліби Жангелдиннің атынан сенім хат апарады. Хатта Кеңес үкіметі оның жасаған қиянаттарына, адам өліміне кешіріммен қарап, батырды қайта тәрбиелейміз. Бағыты, ұстанымы, дұрыс емес, адасып жүр деген мағынада ешқандай жазаға тартылмайды деген сенімді сөздер Әліби атынан жазылады. Осындай нақты ойластырылып, алдына ала жоспарланған жауыздық алдауына аңғал батыр сеніп қалады.

Әрине, досым деп сыйлайтын Токаревке емес, ағайыны, жерлесі, туысы Әлібидің хатына сеніп, тәуекел түзде, жапанда өлгенше ел ортасына барайын, артық кеткен қатемді кешірер, соғыс заңы бойынша жауға қарсы күш қолдану, оқ ату заңдылық, себеп мен өз Отаным үшін, елім мен жерімнің бостандығы үшін күрестім, сол жолда қан төктім деп тәуекелге бел байлаған батыр. Әрине Токарев Кейкіге кездесуге дейін сенімді ел ағаларын батырға ара ағайындыққа салып, өздерінің ниеттерінің түзу, татулық мақсатта келе жатқандығын, Әлібидің батырға арнаған хаты бар екенін бірнеше мәрте тиянақтаған болу керек. Әрі бұрыннан бірін-бірі білетін сыйластық -достық кездесуге жол ашады. Токарев Кейкі батырдың еркін өзіне салып, қаруын өзінде қалдырып, достық мақсатпен Торғайға шығады.

Осы жерде Токарев деген кім еді деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Токарев қазақ зиялы қауымымен 1916 жылдан бастап етене араласқан, орыс революциясының белсенді өкілдерінің бірі, ұлт-азаттық көтерілістен кейін Торғайда орнаған Кеңес үкіметінің белсенді мүшесі, Торғай Совдепінің мүшесі, әскери комиссар болған, қазақша сауаты бар азамат болған.

Сонымен хаттың шақыртуымен шыққан Кейкі батыр Жалаулы сайындағы Рахат ауылына келіп тоқтайды. Ал мына жақта жазалаушы Желяев бастаған отряд ауыл түзеп елдің, батырдың тәтті ұйқыға кетуін аңдып отырған.

Таң алдында қатты ұйқыда жатқан, әрі жолдан шаршап келген батыр тобы сезбей қалады. Тек көктемгі жердегі тоңды аттың тұяғы дүңкілінен алдымен аяғы ауыр айы-күні толып отырған жары Ақжан оянып, ойбай! Батыр жау келіп қалды деп Кейкіні оятады. Күзетке қойған інісі Шұбарға ұйықтап қалған (кейбір деректерде осы күзетте тұрған Шұбар емес, Кейкінің ағасы Оспанның баласы Түскен деп айтылады). Батыр атып тұрып, винтовкасын оқтап есікке ұмтылады. Бұл кезде Желяев есікке де, терезеге де өздері қорқытып айдап келген ауыл азаматтарын қалқан ғып ұстап тұрған болатын. Үй қоршауға алынады, есік терезеге адамнан қалқан қойылады. Кейкінің қару жұмсар шарасы болмай арты үйдегі жары, алды өзімен қандас азаматтар, оларға оқ атуға, жазықсыз қанын төгуге дәті бармайды. Жалғасы бар ....                                                                                                      

Фото: Артем Чурсинов

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?